Алматының мешітке келуші жамағаты бір миллион теңге ұтып алды
2017 ж. 27 қараша
3162
2
Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында футболдан мешітке келуші жамағаттар арасында финалдық кезеңі өтті.
«Бағанашыл» спорт кешенінде Алматы қаласының барлық ауданның үздік мешіттерінің спортшылары бас қосты. Олар: Ұлжан (Алатау ауданы), Ақсай (Әуезов ауданы), Төле би (Алмалы ауданы), Бәйкен (Бостандық ауданы), Әмин (Жетісу ауданы), Альмерек (Түрксіб ауданы), Әл-Хамид (Медеу ауданы), Қалқаман (Наурызбай ауданы) мешіттерінің өкілдері.
Үшінші орын үшін өткен ойында Ұлжан мен Әл-Хамид мешітінің футболшылары кездесіп, 3:1 есебімен Медеу ауданының мешіті жеңіске жетті. Ақтық бәсекеде Қалқаман және Төле би ұжымдары жолықты. Тартысты өткен шешуші ойында Алмалы ауданы 4:2 есебімен жеңіске жетті.
«Біз осы турнирді жеңіп алғанымызға қуаныштымыз. Барлығы да жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта осындай жарыстар жиі болып тұрса жақсы болар еді. Біз өзіміз футболды жиі ойнап тұрамыз», - деді «Төле би» командасының ойыншысы Данияр Сахи.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал, бірінші орын алған командаға 1 млн теңге сыйақы табысталды.
«Асыл мұра» бағдарламасы мешітке келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.