Алматы полицейлері 17 жастағы қызды құлдықтан құтқарды

Алматы полицейлері 17 жастағы қызды құлдықтан құтқарды

Алматы полицейлері із-түзсіз жоғалдыға саналған 17 жастағы қызды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, 17 жастағы қыз қыркүйек айында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«1993 және 1995 жылдары туған күдіктілердің 17 жастағы қызды сексуалды құлдыққа салуына қатысты ақпаратты мұқият тексердік. Жақсы ақша табамын деп ойлаған қыз басында аталған әрекеттің қауіптілігін жете түсінбеген. Сондықтан, таныстарының ұсынысына келісімін берген. Біз оны арашалағанға дейін  жыныстық қызмет көрсеткен. Ағайындары оның қайда болғанын біле алмаған. Ол із-түзсіз жоғалдыға саналып келді», - деді Алматы қаласы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.

Қазір қыз ата-анасына қайтарылды. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 134 бабы бойынша іс қозғалды.