Диқандар суды үнемдейтін жаңа технологияларға көшуі керек 

Диқандар суды үнемдейтін жаңа технологияларға көшуі керек

Орталық Азия өңіріндегі фермерлер әлемнің өзге мемлекеттеріндегі әріптестеріне қарағанда суды бірнеше есе көп пайдаланады. Сондықтан диқандар өмір нәрін үнемдейтін жаңа технологияларға көшуі тиіс. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан аймақтағы су ресурстарын басқаруға арналған жиында айтылды.

Қазіргі таңда Орталық Азия елдері сегіз миллион гектардан астам суармалы жерді игеріп отыр. Оның ішінде 180 мың гектарында тамшылып суару әдісі қолданылады. Мамандардың айтуынша, бұл – аз көрсеткіш. Бүгінгі таңда суды тиімді қолданып отырған шаруашылықтардың каталогы жасалып, алдағы уақытта ол тәжірибелер өзге фермерлерге ұсынылады.

Ескендір Абдуллаев, Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының атқарушы директоры:

– Егер біз су дағдарысынан шыққымыз келсе, алдымен суға деген тәуелділіктен арылуымыз тиіс. Біздің экономикаларымыз суға өте тәуелді. Ақырындап оны азайту қажет. Ол үшін тамшылап суару технологиясын көптеп енгізіп, құрғақшылыққа төзімді дақыл түрлерін егуге көшу керек.

24.kz