Алматы әкімі Қазақстандағы Франция Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Тараптар сауда- экономикалық, мәдени- гумнаитарлық байланыстар жөніндегі мсәелелерді талқылады.

Мегаполис әкімі биылғы жылдың 9 айы ішінде Алматы мен Франция арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға артып, 191 млн. АҚШ долларын құрағанын айтты. Қалада француз капиталымен 60 кәсіпорын жұмыс істейді.

Француз тарапына «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін инвесторларға қызмет көрсету Орталығы, Индустриалды аймақ және шетелдік компанияларға преференциялар мен жеңілдіктер ұсынатын «ИТП» АЭА аймағы көптеген оңтайлы мүмкіндіктер жасауда.

Өз кезегінде Филипп Мартинэ француз компаниялары «Смарт сити» жобасы мен көліктік реформаларға қатыса алатынын айтты.

Кездесу барысында Француз Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Алматыдағы білім саласына және бірқатар мәдени шараларға қатысты жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

almaty.gov.kz