Назарбаев кімді "болашақ президент" деп атағанын білесіз бе?

Қазақстанның «болашақ президенті» желіде жұлдызға айналды. Балалар үйінің 7 жастағы тәрбиеленушісі Коля Денисов Назарбаевпен сөйлесті.

Елбасы Қостанай облысына барған сапарында Рудныйдағы балалар үйінде болып қайтты. Балалар үйінің 7 жасар тәрбиеленушісі Коля елбасыдан  президент болу үшін не істеу керек екенін сұрады.

«Мен күреспен, тенниспен айналысам. Сурет салам. Арманым – президент болу. Президент болуым үшін не істеу керек?», – деп сұрады балақай.

«Мен кім президент болады деп ойланып жүрсем, сен екенсің ғой», – деп әзілдеді елбасы.

Коля Денисов қазірдің өзінде балалар үйіндегі «Шанс» мемлекетінің әкімі. Ол тенниспен айналысады. Болашақта әкім ғана емес, президент болғысы келеді.