Қазақстанда жасанды ұрықтандыру арқылы 14 мың бала дүниеге келді
2017 ж. 10 қараша
3798
13
«Қазақстанда қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен 14 мың бала дүниеге келді. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 4783 цикл жасалып, оған мемлекет 3,8 млрд теңге жұмсады. Нәтижесінде 1532 бала дүние есігін ашты. Толықтай алғанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясындағы нәтиежілік 32 пайызды құрады», - деді вице-министр.
Оның дерегінше, Қазақстанда 14 мыңнан астам әйел мен 1 мыңнан естам еркек бедеулігіне байланысты диспансерлік есепке алынған. Жалпы елімізде отбасылардың 15 пайызы бедеулікке ұшыраған.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, некедегі мұндай бедеулік көрсеткіші проблема болып саналады. Өйткені, бұл деңгей демографиялық көрсеткішке әсерін тигізеді», - деді ол.
Айта кетерлігі, экстракорпоральды ұрықтандырудың арқасында Қазақстанда бірінші бала 1996 жылы дүниеге келген болатын. Ал 2010 жылдан бастап экстракорпоральды ұрықтандыру тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді және оның көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2010 жылы жылына 100 циклге (жасанды ұрықтандыру) мемлекет қаржы бөлетін болса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 900 циклге жетіп отыр.
«Келесі жылға арналған мемлекеттік тапсырыс 2017 жылғы шекте, яғни 900 цикл болады. Қаржыландыру көлемі де дәл сондай», - деді Ләззат Ақтаева.