Жетісуда 60 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді

60 мал бордақылау алаңы мен 55 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істейді

Қазір облыста 31,4 мың басқа арналған 60 мал бордақылау алаңы және 11,8 мың басқа лайықталған 55 сүт-тауарлы фермасы жұмыс істейді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингі барысында айтылды.

Облыс басшысының айтуынша, Олардың ішінде 400 басқа арналған 1 СТФ «Жетісу» ӘКК-нің қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік механизмі арқылы жүзеге асырылды.

- Соңғы екі жыл ішінде 13 мың жеке қосалқы шаруашылықтарды тарта отырып 239 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Соның арқасында өткен 9 айда ет өндіру 6,2 %, сүт – 3,2 % артып, оларды өңдеу үлесі орта есеппен 32,5 % құрап отыр, - деді Амандық Баталов.

Сонымен қатар өңірде жыл басынан бері «Сыбаға», «Алтын Асық» және «Құлан» бағдарламалары бойынша 15 мыңнан астам мал сатып алынған. Соның нәтижесінде асыл тұқымды мал басы 16-дан 23 %-ке өскен.

zhetysu.gov.kz