Оқушылар арасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында шығармалар байқауы өтті

Алматы облысының оқушылары арасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында шығармалар байқауы өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық білім басқармасының «орта білім оқытудың жаңа технологиясы мен инновация» бөлімінің бас маманы Арысланов Руслан мәлімдеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.

Байқау жалпы 9-11 сынып оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында өткізілді. Шығарма байқауының қорытындысы бойынша барлығы - 25373 оқушы және 97 колледж студенттері қатысты.

Баспасөз конференциясында өткізілген байқау туралы ақпарат барлық әлеуметтік желілері және жергілікті БАҚ өкілдері арқылы таратылғаны айтылды. Сонымен қатар, үздік танылған шығармалар облыстық білім басқармасына ұсынылып, саралау жұмыстарынан кейін жеңімпаздар анықталды.

«Байқау осы жылы облыста алғаш рет өткізіліп отыр. Қатысушылар бар өнерлерін салып, өз жазу шеберлігімен тамсандырды. Білімдері жоғары денгейде екенің көрсеті. Соның ішінде 1 орынды жеңіп алған Талдықорған қаласы №19 орта мектебінің оқушысы Зейнолла Расул, 2 орынды Ескелді ауданы Жаңалық негізгі мектебінің оқушысы Толеутай Аяулым, 3 орынды Балқаш ауданы №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушысы Асқарқызы Дана иеленді», - деп қорытындылады Р.Арысланов.