"Қазақтарды ит секілді қыру керек" деп жазған күдікті ұсталды
2017 ж. 01 қараша
3548
16
Астана қалалық ІІД өкілдері елордадағы аялдамалардың бірінде арандату мәнінде мәтін жазып кеткендерге қатысты жаңа мән-жайды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, күдікті қылмысын мойындап отыр және ол бұрын сотты болған екен.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Таңғы бестерде бұл аялдамада мас күйде болғанын хабарлады. Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілді", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Елордалық ІІД тергеу басқармасының өкілдері оқиғаның биыл тамызда болғанын еске салып отыр. Жазылған мәтінді тәртіп сақшылары "Ұлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыру" деп бағалады. Еске салсақ, сол кезде Facebook желісінде Жеңіс даңғылы мен Молдағұлов көшесінің қиылысындағы аялдамаға жазылған мәтіннің суреті жарияланған еді.