Қырғызстандық подполковник Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2017 ж. 18 қазан
1754
2
Қырғызстан Қарулы күштерінің Жаяу әскері подполковнигі қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасында ұсталды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Подполковниктің жанынан есірткі табылғаны анықталды.
Дереккөзге сүйенсек, бұл іс Қордай аудандық сотында қаралады. Көрші елдің бір топ офицерлері "Мызғымас достық 2017" оқу-жаттығу шарасына қатысуға келген. Подполковник аталмыш топ құрманды болды. Қазанның 15 күні "Ақ жол" бекетінде Қазақстанның шекара қызметі оны тұтқындап алған.