МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?..

257
333115

БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ?


Осы уақытқа дейін аю да қазақша үйреніп алар еді…

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

«Әлеуметтік лингвистика» ғылымының заңы бойынша

тілді үйренсем деген кез келген, тіпті нағыз топас адам,

өзі сол ортада өмір сүрмесе де,

3 жылдың ішінде үйреніп алуға шамасы жетеді.

Бұл ғылыми дәлелденген заңдылық.»

Дос КӨШІМ.

«Если вы мне не поменяйте мои мозги,

мне казахский язык не выучить!»

Ерлан ЫДЫРЫСОВ,

Сыртқы істер министрі.  2002 жыл.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕУГЕ ҚҰҚЫ БАР

МЕМЛЕКЕТ БОЛА МА?».

ӨЗ ТІЛІН БІЛУІ ҮШІН МИЫН АУЫСТЫРАТЫНДАР САНЫ ҚАНША?!

Елбасымыз бұл әйгілі сөзін бір жиында мемлекеттік тілді үйренуді қиынсынған өзге ұлт өкілдеріне қарата айтқан болатын… Белгілі саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қорының төрағасы, әлеуметтік лингвистика ғылымының маманы, ғылым кандидаты Дос Көшім де  бұл сөзін Қазақстан Халқы Ассамблеясының  Алматы қалалық бөлімшесі мүшелерінің, яғни өзге ұлт өкілдерінің алдында айтқан еді. Ол былтыр «Жас қазақ үні» газетінде жарияланды. Ал өзіміздің өз ана тілі мен мемлекеттік тілін білмейтін және білгісі келмей :«Если вы мне не поменяйте мои мозги, мне казахский язык не выучить!» деп анау-мынау емес, парламенттің алдында мәлімдейтін министр Ерлан Ыдырысовтарды (қазір Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті елшісі)  қайтеміз? Онда олар екі есе „топас” болғаны ма? Осындай „топас” министрлерге, „жат” десе, жататын, „тұр” деп айтуды ұмытып кетсе, жата беретін біздің байғұс парламент: „қазақ тіліне миың жетпесе, қалай қазақ министрі боласың, орныңды босат!?” деп айта алған жоқ. Өйткені, парламентте де өз ана тілі мен мемлекеттік тілін білмейтін  топастар мен қазақ тілі қабылданып кетуіне қарсы Тасбайлар аз емес…Мысал керек пе, жетеді…  2004 жылыПарламент депутаттары Мемлекеттік тілге қарсы шыққанда «Жас қазақ үні» газетінің депутаттардың дауыс беру стенограммасын жариялап, сең қозғаған сенсациялық  мақаласы елімізді дүр сілкіндіріп, Жазушылар Одағына жиналған зиялы қауымның Сенат пен Мәжіліске Ашық хат жолдауына себепші болды. Оны орыстілділерден басқа көптеген баспасөз құралдары қатты қолдап кеткені белгілі. Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақтанда»  біртуар қайраткер Шерхан Мұртаза: «Кімнің кім екенін білгің келсе, тек «Жас қазақ үні» газетін ғана оқып, біле аласыздар» десе, «Қазақ әдебиеті»  газеті: «Жас қазақ  үні» бір мақаласымен-ақ ұйқыдағы жұртты оятты» деп жазды сол кезде. Бұл біреулерге ұнаса да, ұнамаса да, ақиқаты осы. Тарихта қалған тізімдегі ана тілі мен мемлекеттік тіліне қарсы шыққан депутаттардың сүйегіндегі қара таңба ұрпақтарына кетеді. Біз оқырмандар сұрауымен бұл стенограмманы – қара тізімді газетке қайта жариялап, әлем қазақтары оқитын       www.qazaquni.kz сайтына салып қоюды жоспарлаудамыз.Иә, ешнәрсе де, ешкім де ұмытылмайды… әсіресе, ұлттық мүддеге жасаған қастандығың!..

Ақысыз-ақ айтып берейін, нұротандық депутаттарға бұл қара таңбадан құтылудың жалғыз жолы бар. Ол-мемлекеттік тілдің басымдығы, яғни үстемдігі туралы заң қабылдау! Мемлекеттік тілдің өзге тілдерден артық болуы бізден басқа өзін сыйлайтын әрбір мемлекет үшін әліппедей білуге һәм орындалуға тиіс заңдылық.!

Қазақстан Үкіметі былтыр 2020 жылы ғана, яғни Тіл туралы заң қабылданғанына 31 жыл, Тәуелсіздігімізге 30 жылдай толған соң ғана қазақ тілінде сөйлейміз деп мәлімдеді!..

Ал ең топас адамның өзіне тіл үйренуге 3 жыл жетеді екен… Сонда біз он есе топаспыз ба?.. Сондықтан да мен былтыр: „Қожанасыр есегін де 30 жылдан соң сөйлетемін деп еді, біз сол Қожекеңнің кейіпкерінен де кейін болыппыз ғой… Бұл ЕҚЫҰ-ға төраға, 50 елге еніп келе жатқан, Елбасымыз бар елдің азаматтарын қорлау емес пе?”- деп жаздым…

Ал жалпы әлемде мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілді білмеуге құқы бар мемлекет бола ма?!. Біз байғұстардан басқа…


ЕНДЕШЕ ҰЛТЫН СҮЙГЕНДЕРДІҢ ДЕ РЕСЕЙ ТІЛІН  БІЛМЕУГЕ ҚҰҚЫ БАР!

БАСШЫЛЫҚҚА ОРЫС ТІЛІН БІЛМЕЙТІНДЕР МЕН СӨЙЛЕМЕЙТІНДЕР АЛЫНУЫ КЕРЕК!


Орыс тілділердің үстемдігі бет қаратпайды. Ашып айтарымыз, қазақ тіліне қарсы шығушылар, өзге ұлт өкілдері емес, өз өгейлеріміз. Мысалы,  әкімдіктегі, министрліктегі, парламенттегі, ұлттық компаниядағы, т.б. мемлекеттік мекемедегі өзге ұлт өкілдерін  айтпағанда, өз ана тілі мен мемлекеттік тілді білмейтін мемлекеттік қызметкерлер (парадокс емес пе), өзіміздің екі есе топастар тіл басқармасы қызметкерлері қазақ тілінде қағаз апарса, түсінбейді де, „орыс тіліне аударып әкел” дейді. Оған „бұл мемлекеттік тіл” ғой десең, „бізде бәрі екі тілде ғой” деп, заңымыздың  бейшаралығын алдыңа тартады. „Онда өзің аударып ал!”-десең, „мен мемлекеттік тілді білмеймін?”- деп, топастығына ұялмай, қайта мақтанғандай түр көрсетеді… Оған табанының бүрі бар санаулы қызметкер ғана: „ Сенің өз ана тіліңді, қазақ тілін білмеуге, өкінішке орай, құқың болса, менің де айдаладағы шетел тілін, Ресейдің тілін білмеуге құқым бар. Ал менің мемлекеттік тілді білгенім  үшін ғана маған неге артық азап, артық жұмыс – тегін аудармашылық жұмыс жүктелуі керек? Керек болса, ақша төлеп, өзің аудартып ал” деп айта алады… Ал 99 пайызы бір күрсініп алып, негізгі жұмысын жиып қойып, жыл бойы „аудармашылықпен” айналысады.

 

Ұлттық теңгеге де орыс халқын сан білмейтін сауатсыздардай қорлап, орыс тілінде – шет тілінде жазып, қазақ тілін қате жазатын Әңуар (теңгеде “банкіні” ” баңкі” деп жазғаннан бері атын осылай жазамыз) Сәйденовтардай банкирлері бар Қазақстанды тіл зарын тартудан ГИННЕСС-тің рекордтар кітабына кіргізуге болады. Айтпақшы, әлемге әйгілі ақиық ақынымыз Мұқтар Шаханов басқаратын „Мемлекеттік тіл” қоры тағайындаған „Шіріген жұмыртқа” сыйлығының тұңғыш „лауреаттары”  қатарын осы ыдырысовтар мен сәйденовтар бастап тұрған еді…

Ұлттық қаны бар санаулы ғана саңлақ қайраткерлеріміздің бірі Иманғали Тасмағамбетов Алматыны басқарып тұрғанда мемлекеттік тілді дамытуға біраз қадам жасады. Сол кезде ғой Олжас Сүлейменовтың: „«Если мы сегодня переведем делопроизводство в Алматы на казахский язык, социального взрыва в городе не избежать!»деп гүр ете қалатыны. Сол кезде ғой, біздің де:«Орыстар Олжасты неге Алжас дейтінін енді түсіндім»деп «Жас қазақ үні» газетінде (2005 жыл) жазатынымыз… (Бұл сөзіміз кейін мәтелге айналып кетті…)  Тасмағамбетовтың журналистермен бір кездесуінде мен: „Алматы қазақшаланбай, Қазақстан қазақшаланбайды” деген тарихи сөз айттыңыз. Бұл бағытта не істеліп жатыр?” деп сұрақ қойдым.Сонда Имекең: „Біз бұл бағытта біраз шаруалар атқарудамыз. Жақында ғана Алматы қалалық білім басқармасының бастығы етіп қазақ тілі пәнінің маманын қойдық. Ол басында „мен орыс тілін білмеймін” деп бас тартып еді, „Бізге сол орыс тілін білмейтін басшы керек” деп көндірдік”-деген болатын.Бұндай тапқырлыққа қатты риза болған менің ойымша, бұл кешегі-бүгінгі кезеңіміз бар, 90 жылдық тарихта тұңғыш рет „орыс тілін білмегені үшін” басшылыққа тағайындау болған шығар… Яғни, енді осы тәжірибені еліміз бойынша қолдану керек.Үкіметке, парламентке, әкімдіктерге, ұлттық компанияларға, мемлекеттік қызметкерлерге Орысша білмейтіндерді немесе орысша сөйлемейтіндерді алу керек!..Ең басты талап-мемлекеттік тілді білуі керек. Содан соң ғана ағылшын тілін білсе, өзіне жақсы. Ал айдаладағы бір кезде бізді отар қылып, қожайын болған Ресейдің тілінде сөйлеуге құмарлық және оны талап ету – құлдық психология. Құлдардың ғана құтыла алмайтын, құлдарда ғана болатын  тәуелділік синдромы.  Аты-жөндерінен «-ов, -ова, -ев, -ева» сияқты Ресей таңған құлдық таңба, құлдық жалғаудан 1997 жылы заңымыз шықса да, 15 жылдан бері арыла алмай жүргендер де құлдар. Әрине, жоғарыда айтқандай, мемлекеттік тілдің артықшылығын танытатын  заң қабылдамай,  барлық әрекеттер адымын еркін аша алмайды… Тағы да қайталаймыз, Мемлекеттік тіл деген сөз – ол тілдің өзге тілдерден артықшылығы, яғни қазақшаласақ, үстемдігі деген сөз. Бұл барлық дамыған мемлекеттер үшін әркім әліппедей білуге тиісті артықшылық! Бізден басқа барлық ТМД мемлекеттері, титтей қырғыз да,  шағын тәжіктер де, шын мәнінде Тәуелсіздік алған елдер Ресей тілін пайдаланбайды. Бұны біз күніге жүз рет, мың рет қайталай беруге тиіспіз!

 

АНА ТІЛІН БІЛМЕУ ДЕ, АНА ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕУ ДЕ – ҰЛТҚА САТҚЫНДЫҚ!

СІЗДІҢ  МЕКЕМЕҢІЗДЕГІ АНА ТІЛІН – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕЙТІН

ТОПАС БАСШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КІМДЕР?!.


 

 

 

Былтыр әлемнің 56 еліне төраға болған ел Қазақстан болса да, ЕҚЫҰ-ның бүкіл жұмысында да, өз Астанамыздағы Саммитте де айдаладағы Ресей тілі үстемдік құрды. Енді мұндай төрағалық келе ме, келмей ме, бір құдай біледі. Қазақтың Астанасында Қазақстан  Президенті Ресей тілінде сөйлегеніне күйіп кеткен болу керек, (бізден басқа ешбір ел Ресейді пір санамайды) өз тілінде сөйлеуге мүлде құқы жоқ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы  Пан Ги Мун  кәріс тілінде бастады сөзін…  Шамасы, қазақтардың егер есінде қалса, өз тілдері де бар екенін естеріне түсірейін дегені шығар… Расын айту керек, Президентіміз былтыр Германияға барғанда қазақша сөйлегенін көріп… көзімізден жас шығып кете жаздады… Иә, одан соң Астанадағы Азиаданың  ғажайып ашылу салтанаты таза қазақ тілінде өтті. Тек ағылшын тілінде жүгіртпе жолдар жүріп отырды. Кеше ғана өткен Ислам конференциясында Президент Н.Назарбаев тек қазақ тілінде сөйледі. Қаншама қазаққа жұмыс табылды.  Ұлттың еңсесі көтеріліп қалды. Бұл енді мемлекеттік тілді білмейтін, білетін барлық басшыларға үлгі болуы тиіс еді…

Президенттен бастап, Үкімет,  Парламент төрағаларынан бастап, министрлер, әкімдерден, барлық басшылардан бастап, тек мемлекеттік тілде сөйлесе, біріншіден, миллиардтар жұмсалса да, маңдымай жатқан (себебі қажеттілік жоқ) мемлекеттік тіл дамиды. Екіншіден, мемлекеттік тілді білетін қаншама қазақ пен қазақстандыққа жұмыс табылады. „Орысшаға аударып әкел” деп, омалып отыратын топастар орын босатады…Сонда орыс тілінде сөйлеу, яғни Қазақ тілінде сөйлемеу деген сөз – қазақ тіліне, сол арқылы өз елінде қазаққа жұмыс бермеу деген сөз! Яғни, бұл ұлтқа жаулық емес пе? Сонда ұлтқа, яғни мемлекетке ең алдымен мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктер, министрлер, әкімдер, депутаттар, ұлттық компания жетекшілері, барлық басшылар жау деген сөз ғой! Ал ондай топас жауларды құрту керек емес пе? Көрнекті орыс жазушысы К.Паустовский : «Ана тілін білмеу-ұлтқа жасалған опасыздық» деп жазды сол кездің өзінде… Біздің орысшыл, орыс болып кеткен мәңгүрттеріміз неге осы орыс данышпанының сөзін ескермейді… Біз бұл ана тілін білмейтін және ана тілінде сөйлемейтін опасыз, сатқындарды, яғни жауларды жазалап, жауапқа тартпай-ақ қояйық, алғашқыда… Олар өз еріктерімен орындарын босатсын!  Сонда өзге ұлт өкілдері лезде мемлекеттік тілді үйреніп алады.  Қазақтың ақшасына шығып жатқан өзге тілді, пиғылы нашар, басбұзар басылымдар негізгі ұлтты негізсіз келемеждеп,“киіз үй- бомждардың баспанасы” дегендей…намысқа тиер сөздер жарияламайды…

Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырған Қазақстанда өз ана тілін, яғни мемлекеттік тілді білмейтін топастар мен жауларға орын жоқ!

Ал олар кімдер? Аттарын атап, түстерін түстеп, тізімін жариялайық? Масанов марқұм болып кетті…   Ерлан Ыдырысов пен Әңуар Сәйденовтерден  басқа кім бар? Тәуелсіздіктің мерекелі 20 жылдығында „Шіріген жұмыртқа” сыйлығының жаңа лауреаттығына кімдер таласа алады?.. „Қазақ тілі дамымай жатыр”-деп аттан салып, комиссиялар құрамына кіріп, өздері балаларын орыс тіліндегі мектепке беретіндер кімдер? Сіздің мекемеңіздегі ана тілін – мемлекеттік тілді білмейтін, топас  басшылар мен қызметкерлер кімдер?

Үн қосыңыздар, оқырман қауым! Ең ұтымды ұсыныс жасағандар мен өткір ой иелеріне сыйлығымыз да бар…

Қазыбек ИСА

сурет: azattyq.org

 

 

257 ПІКІРЛЕР

  1. Біздрер ойбай ҚАЗАҚША сөйлетеміз министірлерді деп жүргенде. Олар мектептегілерді 1 сыныптан үш тілді үиретіп жатыр.Олардың мақсаты келешекте ойбайлайтын ешкімді қалдырмау.Демек министірлер біз ойлағандай тіл білмеитін ақымақ емес.

  2. Біздрер ойбай ҚАЗАҚША сөйлетеміз министірлерді деп жүргенде. Олар мектептегілерді 1 сыныптан үш тілді үиретіп жатыр.Олардың мақсаты келешекте ойбайлайтын ешкімді қалдырмау.

  3. е мемлекетке адал халқына жақын басшлар аз ғой өзке тылдң барын был өз тылңды қүрметте не болсада халққа шынай шындықпен қызмет ететын уақыт жетты ауналасы 18млион қлхбыз байнан кедейы көп әлде кеш емес халық үшін қзымет етсеңздер ел басмыздң айтаны барғой әкым бол қалыхқа жақын бол деп жұмысыздқ мынау қмбатшлдық анау халқты байтамыз хатырамыз дейсңдер ел басына беркендеың жалган өтырк дөкылат енды ойланатын кез келды мына ұшқан қүстай дамыған қоғам мемлекетың бырншы байлғы халық сұл үшін айналайын басшылар қмбат көлк мнкенңды қайтейын өздерңнен быр нәтиже шықпаса жер барлығымыз басқа мемлекеттен кем емес

  4. ыдырысовтың ауыстыратын басында миы жоқ болса несін ауыстырады, миы болса қазақша үйренетін басқаға үйрететін уақыты болдығой

  5. Ерлан Ыдырысовқа (Ана-анасының әруақтары ұрсын) миымды ауыстырмаса қазақша сөйлемеймін дегеніне Елбасы және депутаттар бір ауыз қарсы сөз айталмауы таңғалдырады.Елшілік қызметке қазақтың тілін ,салт дәстүрін әдет ғұрпын білетін азаматты қою керек қой

  6. қазақтан әулие емес,арабың.жетіскен арап көрген жоқпыз.қоңыр қазағым мың есе артық.

  7. Ассаламу алейкум біздің биліктегі орыс жанды қазақтарда намыс бар мекен؟ егер болса неге өз тілімізде сөйлеуге намыстанады، неге біздің елдегі басқа ұлт өкілдері қазақша білмейді қазақша жауап сұрасаң орысша жауап береді. Сондағы біздің елдігіміз қайда، бізде тәуелсіз елміз ғой. Егер кейбір орталықтарға қоңырау шалсаң міндетті түрде бірінші кезекте орысша жауап береді، мысалы кока кола، каспий банкі тб сонда қазақ тілі екінші немесе одан кейіні орында тұрадыма؟ Қайран Шаханов ағамыздың жалғыздығн ай Тұяқбаев ағамыз қайда нағыз ел басқаратын азамат біздің елге нағыз жаны ашитын адам саусақпен асансаң он саусағыңныңжартысынан көбі артылып қалады

  8. Қазақ тілінің ендігі үміті келешек президентте. Сондықтан болашақта ұлтшыл, қазақ тілін Анасындай аялайтын, иманды, қазақтың байлығын қазақтан аямайтын, қазақ мемлекетін өз отбасындай сүйетін, асырай алуға ақылы жететін жан-жақты азаматты ел басшысы етіп сайлаудан қателеспеу керек.

  9. Ол да мүмкін,жоққа шығара алмайсың,оны шешелері ғана біледі ж/е өзімен бірге қабірге алып кетеді.құпия.

  10. Тамаша аиттың. АНА ТІЛІН БІЛМЕГЕН АКЫЛЫ ЖОК ЖЕЛІК БАС ,АНА ТІЛІН СҮИМЕГЕН ХАЛҚЫН СҮИІП ЖАРЫТПАС!

  11. Қазыбек мырза, К.Паустовский : «Ана тілін білмеу-ұлтқа жасалған опасыздық» осыдан артық қалай айтуға болады. Кейбір қазақтардың санасы, ой-өрісі, тілге деген бет-бұрысы неге дұрыс болмай келе жатыр, олар қашан өзгереді, африкандықтар мен американдықтар ҚАЗАҚ тілін үйреніп, сөйлеп жатыр. Соншама саналарында, жүректерінің түбінде елге, тілге деген деген кішкене болса да сый-құрмет болу керек еді-ау. Өзге тілде сайрап, өз тілін жетімсіреткеннен олар да жақсылық таппас түбі……………………

  12. Қазақтың тілін ақыреттың тілі ғылып сайладым енді қайтер екен шенеуниктер мен менеуниктерың

  13. оте дурыс козгалган ангиме! Копшилик ултжанды мен ултшылды шатастырып жур али кунге таныс араласатын жолдастарымда бар осындай орысшасы басым . Соларга ана тилде сойле десен бирден нацизмге апарып тирейди.мыс биз не ушин оз елимизде оз ата бабамыздын жеринде атаконысымызда журип орысша билмеген ушин киындык коруимиз керек? Арине баска тилге ешкандай карсылыгым жок бирак 1 ши ана тилин сосын жетти журттын тилин бил.теледидарды косып калсан орысшага бари судай ана тилимизге келгенде шоркак асиресе басшы курамда отыргандар.солардын барин тил билмегени ушин жылы орындарынан куып нанынан айырсан оп онай уйренип алар еди.ал оздигинен ешкандай шенеуник халыкты сыйлап елди жерди ана тилин сыйлап уйренбейди ондай сана жок.сол ушин еуропадагыдай сураныс керек биздин тилимизге соган жеттик.

  14. Оте дурыс айтасыз! Кез келген мемлекетке барсаныз олардын тилинде сойлеуге мажур боласын,ал биздин елде ондай тартип жок.мысалы Туркияда сол елдин тилин билмесен аштан олесин аныгын айтканда. Бизгеде сондай талап керек деп ойлаймын сонда халык амал жок кун кору ушин уйренер еди. Ал былайша омир сурип жаткан елди сыйлап сол елдин тилин
    уйренейн деген сана жок ешкимде. Жогарыда билк басында отырган агалардын ана тилге жан ашымаса карапайым халыктын колынан не келеди?орысша билмейтин казактардын дарежеси оте томен оздери жасык кайда барсада алдарынан орыс тилине деген сураныс шыгады. оз елинде ата бабаннын жеринде журген адамга уксамайды Орыс тилин билу миндет сиякты. Осыны тусинбей-ак койдым неге ен 1 ши басымдык ана тилге берилмейди? Кай мемлекетте омир суресин ишип жейсин отбасынды асырайсын сол елдин тилин билу керек,сол елге деген сыйластык болып саналады.биздин казахтардын дарежеси томендегени соншама бир бирин орысша билмесе кемитеди,ал орысша билсен сен ен солардын ойынша образованный,интеллигентный,современный, жана заманга сай гылым билим барин игерген адам болып коринеди.Осы кулдык санадан кашан кутыламыз екен? менин ойымша тек бир жолы бар ол жазып кеткенимдей Ана тилимизге сураныс керек ягни тил билмесен жумыс жасай алмайсын карапайым мысал.сосын ози ак букил ис кагаздар кужаттар казакшага айналады. Орысша ариптермен жазганыма кеширим сураймын.тез жазу ушин колдандым.

  15. Қасымжомарт Тоқаев қазақша сөйлеп жүр, кешегі жиналыстағы қазақшасын естіп, сүйсіндім. Міне нағыз патриот,ол да басында қазақша дым білмейтін. Тоқаев президент маңындағы қазақшаға миы жетпейтіндерге үлгі болу керек!!!!!

  16. Әкесі жақсы еді,әлі тірі дейді.Маған:Әзімбай қазақша жаз, сөйле, ойла деп еді, сонда өз баласына шамасы келмей жүр екен, мүлде түйсік баласында

  17. Менің арғы ата-бабам араб болған.Мен қазақ болып кеттім.О дүниелік болып жатсам бабаларыммен қалай сөйлесем…Оған кім кінәлі?

  18. ана тілін білмеу деген не? ол білмейтіндер қазақ еместер! өз тілін білмейтіндер әлем бойынша бізде ғана болуы ұйалтады. ал басқалар сайрап тұр. сондықтан ана тілін білмейтіндерді кадырлық санатқа өсіріп жұмыс беру заңға қыйғаш емес қарсы келу болмақ!

  19. Балық басынан шіриді,Назарбаев кетпей қазақ тілі дамымайды,Назарбаевқа қазақтың осылай қырық пышақ болғаны жақсы,Бөліп ал да билей бер деген мақал бар,

  20. Аурусыңдар ма. Онсыз да басқа ұлттар өлтірсе құны сұраусыз бейшараларды енді тіл білмегені үшін өздерің өлтірсеңдер. Алла, Алла мына жұрттың миы сарысу болып кеткен бе. Есі саудың сөзі емес…

  21. Еееййй ағайыыыыыын! Бұл əшейін əңгімемен біте қалар іс емес! Солардың бір -екеуін Астананың орталық алаңына түнде тұқымынан асып кету керек! Мойнына тақтайшаға: Мынау, қазақ тілін менсінбейтін шіріген жұмыртқа сияқты шенеунік қазақтың жазасы, міне осы, деп!

  22. 24 ТӘУЕЛСІЗ ЖЫЛЫМЫЗДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕМЕГЕН ҰЯТСЫЗ АРСЫЗ НАМЫСТАРЫ ЖОҚ ХАЙУАНДАР!!!!!!!!!!! ҚАЛАЙ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЛДЫНА ШЫҒЫП ЖҮР!!!!!!!!! ЕВРОПАДА АНА ТІЛІҢ БІЛМЕСЕ, АНА ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕСЕ ОНДАЙ ХАЙУАНҒА МИНИСТР ТҰРМАҚ ӨМІР ДЕ ЖОҚ!!!!!!! АЛ МЫНАУ НА СҰМДЫҚ МАСҚАРА??????? ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ОСЫНДАЙ БАСҚА меммлекеттің ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН НАДАНДАРДЫ ҚУУ КЕРЕК, ОЛАР ҚОЙ БАҒЫП ҚОЙМЕН СӨЙЛЕССІН БАСҚА МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІЛІНДЕ!!!!!!!!!! ҚАНЫМЫЗ ҚАЙНАЙДЫ!!!!!!!!!!!!!!
    :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau: :zhlau:

  23. ҚАНЫҢ ҚАЙНАЙДЫ ОСЫНДАЙ НАМЫССЫЗ, АРСЫЗ, ҰЯТСЫЗ НАДАНДАРҒА!!!!!!!!!!!!! ЕВРОПА МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ ӨЗІНІҢ АНА ТІЛІН БІЛМЕСЕ МИНИСТР ТҰРМАҚ ДАЛАНЫҢ ҚОҚЫСЫН ТЕРУГЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСА АЛМАЙДЫ!!!!!!!!! АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АРУАҚТАРЫ АТСЫН!!!!!!!! НАДАН!!!!!!!!!!!!!! ЕСЕК!!!!!!! МАСҚАРА!!!!!!!!!!!! ЕВРОПАҒА КЕЛІП БІЗДІ МАСҚАРАЛАМА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙ АЛМАСАҢ ҮЙІҢДЕ ОТЫР АЛБАСТЫ!!!!!!!!!!!!!! СЕНІҢ МАҢЫ ТҰРМАҚ ШАҢЫҢА ЖОЛАМАЙМЫЗ!!!!! МАСҚАРА!!!!!!!
    АНА ТІЛІМ-ҚАЗАҚ ТІЛІМ АҚ СҮТІНДЕЙ АНАМНЫҢ!!!!!!!!!!!!!!
    АНА ТІЛІҢ АРЫҢ БҰЛ!!!!
    ҰЯТЫҢ БОЛЫП ТҰР БЕТТЕ!!!!!!!!!
    ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ!!!!!!!!
    АНА-ҚАЗАҚ ТІЛІМІЗДІ ҚҰРМЕТТЕ!!!!!!!!

  24. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?.. БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ?
    http://www.qazaquni.kz/?p=7602

  25. АНА ТІЛІНЕ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?.. БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ? http://www.qazaquni.kz/7602.html :zhlau: :shoshu:

  26. Менин ойымша биликке ултжанды казах келмейинше, тил маселеси шешилмейтин шыгар,
    Екинши маселе сиздерден улкен отиниш дукендерге барганда казахша сойлейикши орыстарга сатушыга, олар баленин барин тусинеди, мысал еки нан десек биледигой олар сауатты халык емеспе мектеп окыган,
    Ушинши биз анау мынау демей озимиз козгалайык, озимиз талап етейик, озимизден бастайык бир орыс корсек бар билген орысшамызды айтпай казахша айтайык

  27. Бiзде министiрлiкте аттарын айтпайаккояйын кейбиреуi ТУПЫЕ асиресе денсаулык сактау министiрлiгiндегiлеp ойларына не келет соны iстей салат не сумдык адамды емдендер дегеннин орнына керисинше истейт созiм жок ужасна

  28. Қайран! Заманбек ағамызбен Сәрсенбек ағамыздың қазаққа симайкеткен-ай. Заманбек ағамыз кезінде жоғарғы жақта істеп жүргенде бір ұлт өкілін қазаққа қаратып сөйлетбеп еді. Қазір мәңгүрттер төбемізге шығып алған-ай.

  29. Тілі жойылған халықтың өзі жойылатыны туралы ұлы адамдар бізге дейін айтып кеткен. Дүние жузінде 100 деген ұлттармен ұлыстардың тілдері жойылып мәңгүрттеніп кеткені белгілі. Ендеше қақақтыңда бұл әлемнен жойылуына негіз қаланып жатыр. Қазақста балық басынан шіритіні сияқты бар кінә басшыдан яғни, президент ауыспай осы жалтақтығымыз, мәңгүртенгеніміз жалғасын таба бермек. Біз тек шикі заттың көптігінен ғана өмір сүріп отырмыз. Ал оның қоры таусылған немесе азайған күні Қазақстан жерін дамыған елдер тулақтай талап, қазағың соларға құл болады.

  30. Ұлы Жаратушы – Адам Ата мен Ауа Ананы Қазақтың Ана тілімен бірге жаратқан. Адам таза қазақ сөзі. Бұл сөз қазақтың төл сөзі болғандықтан ғана біз бір-бірімізді (ерді де, әйелді де) Адам деп атаймыз. Әйтпесе, мына орыс елі сияқты, біздерде бір-бірімізді «человек», «женщина» немесе «люди»; ағылшындар сияқты «ман», «мен», «вуман»; арабтар сияқты «рожулун» (ер кісі), «имроатун» (әйел адам), парсылар «Мәрд», «зән», «енсан» (жалпылама Адам деген ұғым оларда да бар) деп атаған болар едік. Олар бізден және бізге ең жақын туыс елдерден өзге елдердің барлығы Адам деп тек қана ең алғашқы Адамды (Адам Ата – Ауа Ана, Адам и Ева) атайтындарының сыры осы.
    Ұлы Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», – десе, ежелгі Аталарымыз «Адамзаттың бәрін Адам, Атам (менің Атам) деп, Бәке, Жәке, Сәке, Нәке дегенде, өзіңнен үлкенді Әкем деп сүй деп отыр. Жақында Қазақстан парламентінің бір депутаты бір министрге Жәке (әке) деп сөйлегені үшін бұрқан-талқан болып ашуланып, қатаң ескерту жасады. Осы бір ауыз сөзге бола-ақ барлық депутаттардың мандаттарын тартып алып, оларды қазақ ауылдарына ұзақ мерзімге, қашан қазақтың Ана тілін толық меңгеріп алғанша, есекпен (баяғы Әбіш Кекілбай ағамыз айтқандай) іссапарға жіберіп алсақ артық болмас еді.
    Атам Қазақ өз тілдерін өзге елдер сияқты туысқан (родной) деп атамай, «Ана тілі» дегенде бұл менің шешемнің тілі деп отырған жоқ. Шеше жұрттың бәрінде де бар. Бұл сөз Қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз. Қазақта осыған сәйкес, тек қана үш ұғым: Ауа ана, От ана және Жер ана делінеді. Маңғыстаулық қазақтардың ежелгі шежіре-дастандарындағы ауыздарынан тастамайтын «Үш аналы қазағы» осы.
    Бүкіл әлемдегі сөйлеген сөзіне біздер түсіне алмайтын, бізге ең алыс елдердің де 30% сөз түбірі қазақтың сөздерінің сөз түбірімен сәйкес келеді. Мағыналары да тура біздікіндей, немесе соған жақын. Бұл тіл ғылымында толықтай мойындалған. Демек, бұл бүкіл әлем елдерінің тілі өз бастауын біздің Ана тілімізден алады деген сөз.
    Адай шежіресі Адам ата мен бүгінгі ұрпақтың арасын 70 000 жыл деп көрсетеді. Сондықтан, бүкіл әлемде қазақтың ана тілінен бай тіл жоқ. 1980 жылдары әлем елдері өздерінің сөздіқ қорының құрамын санағанда ағылшындар 250 000, қытайлар 500 000, ал қазақтардың сөздік қоры 20 000 000 асқан. Ғұмыры ұзақ елдің тілі ғана осыншама бай болатыны ешкімге де дау туғызбайтын, айдай ақиқат болса керек.
    «Егер де жердегі барлық ағаштар қаламға айналып, ал теңіз (сия болып) және оған артынан жеті теңіз қосылса да Аллаһтың сөздері таусылмайды (Құран Кәрім. Лұқман сүресі. 27 аят). Тәпсір: Соның бәрімен жазса да аса ұлы Аллаһтың сөзі таусылмайды. Ибн Касир. Демек, қазақтың Ана тілі Ұлы Жаратушы – Аллаһтан кейінгі екінші тіл.

  31. Шындыкты айткан адамдар ардайым жазаланады,бурынгы халык жауы деп атылып кеткен биздин гулама акындарымыз сиякты атып немесе турмеге жауып олтирип кейн олгеннен кейн силап китапка енгизип силайды казирги акындарда шындыкты айтады неге телевизордан создерин киып кейн мулдем шыгармай тастайды айтыска онын мысалы Ринат Зайтовты онын айтканынын барлыгы шындый оны кара халык казактардын бари келиседи тек ана акшага тоймайтын депуттаттар мойындамайды недеген адамсындар кризис келятр дейди ол бизге келятр депуттаттар сендерге катысы жоккой киналмандар келетин нарсенин бяри бизге келеди жаман болсада депутатка даже куста жоламайтн шыгар отырып алып уйыктап тус корип тусинде машинанын фарларын жагып журиндер не кундиз корми каласындарма детски кресло дейди сол болса кишкентай бала аман калама онын бяри Алланын колында олетин адам бир касык суга батып оледи биз сендерге акыл уйретик депуттаттар енди сол калдыгой хаха

  32. Бизге аке шешемиз окындар билим алындар болашакта депуттат боласындар деген арине кулкили))биз негизи шынында орысша казакша анык солей аламыз халыктын жагдайын тек биз билемиз кара халык бола тура казакша солеп жазалмайтын адамдар калай министр депутат болып жур биз окысакта депутат болалмаймыз оган тек агасы барлар миы жок акшасы коптер отырадыгой))шынында россияда орыстардын мажилисте казакша жиналыс жургизип отырганын кормеппин неге биз казактар орысша жургиземиз казакстан емес шалаказахстан сияктымыз

  33. Президент қазақша сөйлемей ТІЛІМІЗ оңбайды ешқашан да!!! Тілге ҚАЖЕТТІЛІК тудырмай БІЗДІҢ АСЫЛ ТІЛІМІЗ ешқашанда Мемлекеттік Тіл бола алмайды! Ешқандай тіл курстары көмектеспейді ! Бұл босқа ақша шашу ! Жолы: ҚАЗАҚ ТІЛІН білмейтіндерді басшылық қызметке басы бесеу болса да қоймау керек ! Е.Ыдырысов сияқты бауырларымыз бір аптаның о жақ бұ жағында ҚАЗАҚ тілін біліп кететініне мен сенімдімін !!!

  34. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?.. Бұл сұрақтың жауабын тек Елбасы біледі.

  35. ТИЛИННЕН БЕЗГЕН КАЗАКТАРГА АЙТА, АЙТА ,АУЗЫМЫЗ ЖАЗА, ЖАЗА КОЛЫМЫЗДЫН АУЫРГАНЫН БАРИМИЗ ДЕ БИЛЕМИЗ . БИРАК БУЛ ТЕКСИЗДЕРГЕ, СОЗ ОТПЕИДИ. СОНДЫКТАН, ОБАЛЫ ЖОК ШЫГАР , ЕРТЕНГЕ КАЛДЫРМАЙ ПИШТРИП ЖИБЕРУ КЕРЕК.

  36. Нур агамызга не болған озкандасымызды заңымен кудалатып Серік Ахметовты абақтыға жапты айдаладагы Ұйғарды бізге министргып қойды акымак кангыбас ұйғыр десе

  37. Я по национальности казах говорю пишу читаю только по русский если обстановка в казахстане будет как в Украине то я на стороне русских

  38. Манкурттердин кара тизимин жасап улкен билбортарга жазып каланын ен корнеки жерлерине илип кою керек.суреттеримен олаи истесе занмен кудалана ма жазган адамдар

  39. «Анасы – кәріс, әкесі – орыс Геннадий Головкин де өзін «қазақпын» деп жүр» делінеді барлық Қазақ басылымдарында.
    Меніңше, Ол өзін Қазақстан азаматымын деп жүрген жоқ. Дәлел ме:
    Біріншіден, күні бүгінге дейін оның еш жерде Қазақстанның «Ән ұранын» шырқағанын ешқашан көрмеппіз. Демек, GGG-де Қазақстанға деген ешқандай патриоттық сезім жоқ. Талай жарыстарда бәйге алып, Көк байрақты желбіреткен өзге азаматтардың арасынан дәл ГГГ сияқты аузы бұртиып, үнсіз тұрған қазақ баласы болған емес. Бәрі де жүрегі жарылардай болып қуанып, көздеріне жас алып тұрып шырқайды.
    Екіншіден, ол Қазақтың Ата Шапанын да «келемеж» қылып жүр. Сан мыңдаған жылдардан бері ешқашан өзгертілмеген Қазақтың ұлттық ою-сызбасын «GGG»-мен ауыстырған. Бұған тыйым салу керек. Себебі, күні ертең-ақ кейбір фанаттардың бұны әдетке айналдыруы әбден мүмкін. Азаматтар! Ұлттың ата шапанына бұлай қиянат жасауға болмайды.
    Үшіншіден, ол Қазақстанда туылса да (31 жаста) әліге дейін оның мемлекеттік тілде бір ауыз сөйлегенін көргеніміз жоқ. Демек, ол Қазақстанның мемлекеттік тілін менсінбейді.
    Төртіншіден, 22 ақпан 2015 жылғы Монакода өткен М.Мюрреймен болған сайыста, Қазақстанның көк туын «жеңіл» киінген қыз бала ұстады. Қазақ-қазақ болғалы қандай жағдай болмасын Қазақтың туын тек айбынды, елге танымал батырлары ұстаған. Ежелгі салт бойынша сол жерде Қазақтың Көк байрағын Серік Сапиевтің өзі ұстағаны дұрыс болар еді. GGG-нің арқасында Қазақтың Көк байрағында, ойыншыққа айналдырдық.
    Жарайсың Гена деп мақтанғым-ақ келеді. Бірақ, қор болған ұлттық салтымды, айтылмаған «Ән ұранымды» көріп отырып менің олай,- деуге аузым бармай отыр.

  40. Атам Қазақ «Тілің тұғырың, дінің діңгегің» деген. Ұлттың да (ұлттық мемлекеттің де), оның азаматтарының да сол өзі тұрып жатырған елге қатыстылығының негізгі белгісі осы. Ал біздің билік басында отырғандардың көпшілігі өз билеп отырған елінің мемлекеттік тілін білмейді. Көбі өз халқымен аудармашы арқылы сөйлеседі.
    «»Не знать языка страны проживания может гость, идиот или окупант» К.Маркс. «Өзі тұрып жатырған мемлекетінің тілін сол елге келген қонақ, нақұрыс немесе басқыншылар білмейді» (К.Маркс)
    Билік басындағылар! Ұялсаңдаршы! Анасынан жаңа туған сәбидің де тілі 3 жылда шықпаушы ма еді. Ал, Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі болып жарияланғанына 25 жыл толып отырған жоқ па? Сондықтан босқа шаршап, босқа ақталып әлекке қалмаңдар. Бүкіл әлем елдері тіл ғылымының тұжырымынша, адам қай тілде сөйлеп, қай тілде ойласа, ол адамның ұлты сол. Сондықтан да тілді «Тұғыр» деп атаған. Бұл Ата тарихта мың, миллион рет дәлелденген ақиқат.
    Кәзір олардың кейбіреулері «Шала қазақ» деп атасаң жандары шығып кете жаздайды. Жақсы, сендерді олай деп атамай-ақ қояйық, сонда сендерді Карл Маркстің қай тұжырымына жатқызамыз. Жауабын өздеріңізден күтеміз?

  41. Тілден артық қазына жоқ,
    Тілден артық қасиет жоқ. (Н. Ә. Назарбаев)
    Тіл мәселесі өте күрделі. Онымен ойнауға болмайды. Бүкіл әлем елдері қағидасы бойынша «Тіл» мемлекеттің де, сол мемлекетті құраушы ұлттың негізі болып табылады. Атам қазақтың «Тіл тұғырың, дін діңгегің» дейтіні осыдан. Мемлекеттің жалауы (туы) діңгекке бекітіледі, ал діңгек тұғырға орнатылады. Тұғыры әлсіз тудың да, тұғыры әлсіз елдің де, діңгегі әлсіз тудың да, діңгегі әлсіз елдің де ғұмыр жасы ұзаққа бармайды. Бұлар әлсіз болса ту құлайды, ал мемлекет тарих сахнасынан шығып қалады. Демек, ұлттық тілі жоқ болса, ұлттық мемлекет те жоқ деген сөз. Сол үшін де осыдан оншақты жыл бұрын Ресей президенті Владимир Путин «Орыс тілін білмейтіндерге, Ресей азаматтығы берілмесін» деген жарлық шығарды. Қазіргі таңда (менің есебім бойынша) Ресейде бірнеше миллион қазақ тұрады. Оны дәлелдеу үшін алысқа ат айдаудың түкке де қажеті жоқ. Бір ғана Астрахан қаласының өзінде 300 000 нан астам қазақ тұратынын айтсам да жарап қалар. Бірақ қазір сол жарлықтан кейін Астараханда бірде-бір қазақ мектебі қалдырмай, түгел жапқан. Бұндай жағдай Ресейдің барлық жерінде жаппай орын алған. Демек, бұл алдағы 20-30 жылдан кейін Ресейде бірде-бір қазақ қалмайды деген сөз.
    Қазақстан билігі басында жүрген орыс тілді билік иелеріне! Айтыңыздаршы! Сіздердің не ойлағандарыңыз бар?

  42. Қазақ тілін дамытудың ең басты жолы ол орыс тілділердің өз қаруын өздеріне қарсы қолдану, Мемлекеттік мекемелерде, ХҚК орталыктарында, барлық жерде тек қазақша сөйлеу керекпіз ал сізге қызмет көрсетуші қазақша сөйлемесе, тура солар (орыстар) сияқты арыздану, шағым жазу керек 2-дана бір данасына қолдарын қойғызып өзіңізге алып аласыз да прокуратураға шағымданасыз Олар осыдан қорқады Қазақ тілінің қажет екенін олар сонда ғана түсінеді, Бұл жұмыс істейтін тәсіл өз басымнан өткіздім Мысал Алматыда 2007жылы АТФ банкте 3 күн уақытымды жоғалттым бірақ түбінде барлық қағаздарымды қазақша толтырып өткіздірдім ТЕК ЕЙ ҚОЙШЫ ДЕП ТАСТАЙ САЛМАУ КЕРЕК ОЛАР БІЗДІҢ СОНДАЙ ӨЗ ТІЛІМІЗГЕ ДЕГЕН НЕМҚҰРАЙЛЫҒЫМЫЗДЫ ЖАҚСЫ БІЛІП АЛҒАН ОЛАРМЕН ҰРСЫСЫП ҚАЙЫР ТАППАЙСЫҢДАР ТУРА ӨЗДЕРІ СИЯҚТЫ ЖАЗБАША ҚУДАЛАУ КЕРЕК СЕНБЕСЕҢДЕР ОСЫЛАЙ ІСТЕП КӨРІҢДЕР
    ОЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ ҚАЗАҚША ЖАҚСЫ БІЛЕДІ ТЕК СӨЙЛЕМЕЙДІ
    СЕНБЕСЕҢІЗ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕҢІЗ ОЛАР СІЗГЕ ТҮСІНБЕГЕНДЕЙ БАЖЫРАЙЫП ҚАРАЙДЫ СОЛ КЕЗДЕ БІЗ ОРЫСША СӨЙЛЕП КЕТЕМІЗ -ОСЫ 10-15СЕКУНД ШЕШУШІ КЕЗЕҢ СОЛ УАҚЫТҚА ШЫДАП СІЗ ДЕ БАЖЫРАЙЫП ҚАРАП АЙТҚАНЫҢЫЗДЫ ҚАЗАҚША ТАҒЫ ҚАЙТАЛАҢЫЗ – СОНДА ТАҢ ҚАЛАСЫЗ
    ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУ БІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СОНЫ ҰМЫТПАҢДАР

  43. Мемлекеттік тілді білмейтіндер мисыз емес, олар өз анасын силамайтын
    Құлқынның құлы, мәңгүрттер. Қазақ еліне олардан тек зиян ғана, олар нандарын
    Қазақ тіліне тұсау салу арқылы жеп отыр. Ойлаңдаршы кім нанынан айрылғысы келеді.

  44. Осы, Ыдырысовтың әкесі жазушы болған дейді, рас па? Шығармаларын кім біледі? Баласы оқымаған да шығар-ау?

  45. ҚАЗАҚ тілін үйретудің бірақ жолы бар.Таза қазақтар түратын ауылға 5-жылға акім қылып жіберу керек содан кеиін минстірлікке алу керек заңмен бекітіп бірақ қалаға жақын болмау керек

  46. 2011-2015 ЖЫЛ КӨЛЕМІНДЕ ПІКІРТАЛАС ТУДЫРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОСЫ МАҚАЛАНЫ ПРЕЗИДЕНТІМІЗГЕ ЖЕТКІЗІП, ЖАНЫНДА ОТЫРЫП ОҚЫП БЕРЕТІН, СӨЙТІП ТӨРЕЛІГІН СҰРАЙТЫН БІР МАХАМБЕТТІҢ БОЛМАЙ ЖАТҚАНЫ НЕСІ….

  47. Құдай ааййй 23 жылдан бері қазақ тілі деп қақсап келеміз, қашан бітеді бұл ауру))))))))))))))))))))))))))))))))))))))

  48. Ерлан Ыдырысовтың әкесі қызық жылдай Қазақ Ұлттық университетінде дәріс оқыған ғалым, профессор. Ана тілді ардақтаңдар деп «Ұлтжанды» болып лекция оқып, жасанды ұлтшылдығымен студенттерді алддаған. Өзінің ұлы Ерлан бір ауыз қазақша сөйлемейді. Сонда Әбілфайыз Ыдырысовтың сөзі мен ісі сәйкес келмейтін болып тұр ғой. Ана тілін құрметтеңдер деп студенттерге айтады, өзі баласын орыс мектебіне береді. Ұлтжанды ұстаздардың сыйқы осындай….

  49. biz kazak tildi umittik dindi umitiik
    akin menen aitisti mulde umittik
    bagalamai aytisti senat otir
    kazagimda kalai bolar kundiliktik
    elim dedi talai akin kazak boldi
    kazak tilin bilmegender mazak boldi
    tildin jayin kotermeiti ministerler
    ol kalaiwa namisi jok kazak boldi

  50. Қазақша білмейтұғын қазақтарға,

    Өзге тілдің өрісі жайлы боп тұр.

    Олардың білмегені ештеме емес,

    Білгісі келмейтіні қайғы боп тұр.

  51. Балалары үшін баю бәйге боп тұр.

    Қазақша білмейтұғын қазақтарға,

    Өзге тілдің өрісі жайлы боп тұр.

    Олардың білмегені ештеме емес,

    Білгісі келмейтіні қайғы боп тұр.

  52. Өзінің ана тілін білмейтін адамнан емес, білгісі келмейтінен қорық дейтін уақытқа жеттік. Осындай ел тізгінін қолға алып билік етіп жүрген қазақ азаматтарының өз тілін білмеуі, екі ауыз сөздің басын құрап сөйлей алмауы үлкен қасірет. Өзінің ата-бабасына қарсы шығу, өткенге оқ атумен бірдей. Ал оларды болашақ ұрпақ зеңбірекпен қарсы алмаса ешқандай құрмет көрсетпейтіні анық. Егер шыныменде полиглот болса неге ҚАЗАҚ ТІЛІн меңгере алмайды? Не деген мәгүрттік десеңізші. Намыс қайда, ар қайда? Қазақ қайда, ол қайда? Бүйте берсең қазағым, ҚАЗАҚ – мазақ болмайма?

  53. Бұл қай заман?!
    ***************

    Ит орнына шошқа үрген заман болды-ау?,
    Арыстан орнына патшалыққа қабан болды-ау?!
    Ұры – қары жиналып, билік құрып,
    Халқымыздың жағдайы жаман болды-ау?!.

    Бұл заман, қай – қай заман, қандай заман?!
    Арыстан тышқан аулап кеткен заман?!.
    Ел сөзін сөйлейтұғын тектілерді,
    Батыраштар оянып кеп, атқан заман…

    Ерлері қайда кеткен, қазағымның?!
    Аруым қайда кеткен, жанары мұң…
    Япырау оянатын кезің келді-ау,
    Жетуде Желтоқсаннан азалы үн!

    Ұлылык, биік тұрар Абыз қайда?!,
    Мал-жаннан, биік тұрар арым қайда?!
    Басына секіртпейтін әңгілерді,
    Тұяғынан от шашқан тұлпар қайда?!

    Ұлы Баба аманаты жерім қайда?!
    Тұнығы ылайланбаған көлім қайда?!
    Қиын – қыстау заманда ығысқан аққуларым,
    Айдынына қашан келед, оралмай ма?!

    Жерімнен «Сатаналар» ұшып жатыр,
    Отқа орап ауамды да сорып жатыр?!.
    Тозаққа айналдырып «Жерұйығын»
    «Жалға» – деп, жатқа берген, қандай пақыр?!!!

    P.S. «Жерұйық», Асан Қайғының жер жаһанды шарлап тапқан жері. Өзі сол жерге жерленген. Әскери сынақ полигондары мен Байқоңыр космодромы 1957 жылы іске қосылғанға дейін және де Арал апаты мен уран рудниктері іске қосылғанға шейін табиғаты тамаша, ауасы таза, ит тұмсығы батпайтын тораңғылы, жиделі орман-тоғайы болган Сыр бойын Ұлы Бабалар Қорқыт Ата да, Асан Қайғы да, Хорасан Бабалар мен бұрынғы өткен мыңдаған Ұлылар да «Жерұйық» – деп атаған.
    Мына бүгін Байқоңырдан, Ақтөбеге жақын жердегі «Ясный» (Орынбор обл.), Атырауға жақын жатқан Капустин Яр (Астрахань обл.) космодромдарынан космосқа және Камчаткадағы «Кура», біздің жердегі Сарышаған, Ембі, Державинск полигондарына Ресейден атылып кеп түсіп жатқан «Сатаналар» Қазак Елінің жерінің астын-үстіне шығарып, ауа райын бұзып, жерін улап, қақаған қысқа айналдыруда…
    1957 жылға дейін Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстары жылына 2 рет ауыл шаруашылығы өнімдерін жинап алған. Жұмсак аязды (– 2, – 3 градус) қыс күндері желтоқсанның 15 – нен қантардың аяғына дейін ғана созылып, ақпан айында көктемгі егіс егу жұмыстары басталған…

  54. А кто тебе мешает выучить самостоятельно, наверняка английский пыталсы выучить?Не надо оправдываться, вы когда-нибудь видели кавказца , не знающего свой язык, да за это ему язык вырвут…

  55. Нужна Государственная ПОЛИТИКА… Я закочил казахскую школу, если Я не сдал бы экзамены по русскому языку и русской литературе, то Аттестат об окончаний казахской школы ,мне бы не выдалибы.Вот всем правда о языковой политике в СССР, а так же медленно и методично закрывали все казахские школы, и мы медленно обруссели теряя собственный язык.

  56. Ассалаумағалайкум үкімет қорқақ ана тілін біле тұра сөйлемейді.Тілі орыс санасы орыс жаны орыс үкімет, қайдан қазақ тілі үстемдік құрады.

  57. Алматыдағы мемлекеттік тарихи мекемеде бір қазақша білетін басшы жоқ, соны біле тұра ешкімнің басы ауырмайды, қалтрларына ақша түссе болды емес пе мемлекеттік тіл үшін басын ауыртқан кім бар? Тек журналистер ғана шулайды. Мұхтар Шаханов пен Хасен Қожахметтің қырлысуы мүлде ұят жағдай.Бас-басына би болған өңшең қиқым деген осы шығар

  58. БАЛЫҚ БАСЫНАН ШІРІГЕН УАҚЫТ. ҚОЗЫ БОЛЫП ТУҒАН ТӨЛ ШОШҚА БОЛА АЛМАЙТЫНЫН БІЗДІҢ ТОПАС ШАЛА ҚАЗАҚТАР ҚАШАН ТҮСІНЕР ЕКЕН…

  59. БІЗ САҚТАНАТЫН САЛПАҢҚҰЛАҚ ОРАЗ ӘЛІМБЕК КІМ? ОНЫҢ ЖАҢА «ЗАКАЗЫ» ТУРАЛЫ АҚИХАТ…
    http://www.qazaquni.kz/«экстремизммен»кім-бір-бауыр-немесе/
    «Экстремизммен»кім бір бауыр немесе Ораз Әлімбектің жаңа «заказы» туралы ақиқат
    17 МАМЫР, 2011
    «Экстремизммен»кім бір бауыр немесе Ораз Әлімбектің жаңа «заказы» туралы ақиқат

    Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар.
    Абай

    Мына жалғанда пенделік қуанышқа себеп көп. Ол жәйт жүрегіңді қан жылатып тұрса да, ақиқаттың өңін айналдырып, нәжісін жақтауға жағып жатса да, қуануыңа тура келетін мезгілдер болады кейде. Жақында сондай бір қуанышқа кенеліп қалдым, себебі: Ораз Әлімбек ескі «заказын» жаңадан алыпты… Ескі болатын себебі, бұл заказбен ол кемі жеті жыл «айналысып» келеді. Жаңасы мен ескісінің парқы тек, әр кезде оның «заказчиктерінің» ауысып тұруында ғана. Бұл жолғы заказы да сол өзі «зерттеп» жүрген сопылар немесе өз сөзімен айтқанда «ысматоллашылар» туралы екені анық. Рас, осы сопыларда арман жоқ. Оларды жамандаудың «арнайы штатындағы» журналистер осымен шай-суын айырып жүр! Сыртыңнан ғайбат айтып болса да, әйтеуір сенің себебіңнен бір қазақ нәпақа тауып жеп жүрсе, қуаныштың зоры сол емес пе?
    «Жас қазақтың» соңғы нөміріндегі «Шынның жүзі қандай?» деген мақаладан «Орекең іске кіріскен екен» деп білдік. Ораз Әлімбек дәйекті, тиісті жауабын алса да, соңғы «зерттеуіне» жеті жыл бұрынғы мақаласымағындағы ескірген өсең-аяңдарын қоспасыз қайталауымен «сопыларды сойып салдым» деген әсерде жүрген болар. Бірақ, «жыртық тұрып, тесікке күліпті» деген сөзді ол ұмытпаса керек-ті.

    Ораздың кегі
    Бүгінгі тақырыбымыз бойынша, белгілі де, белгісіз де жайлар бар. Ораздың «заказды» кімнен алғаны бұл жолы белгісіз болып отыр. Интернетке сенсек, сопыларды қуғындаудың артында елдегі белгілі бір топтың саяси тапсырысы тұрған сыңайлы. Қазір ұстараның жүзіндей нәзік тақырып дін мәселесімен қаржы полициясының айналысуы істің «заказной» екенінің басты дәлелі ретінде ұсынылуда. Көптен бері Мақсұмға тісін басып жүрген «қызба мұсылмандар» да айғайға аттан қосқан деседі. Түстікке телінетін ол топтың «көсемі» қуғындалып, бас сауғалап, басқасы көз алдымызда бытырадай шашылып жоқ болуда… «Қиянат қияметке кетпейтіні» рас екен! Онда Ораз тапсырысты «солардан» алған ба?!
    Айтпақшы, Ораздың сопыларға сонша кектенуінің тарихын да айта кету керек шығар. Ысматолла қаридың ізінен шам алып түсетіндей, мақаласын жыл сайын жаңартып, оқырманға ұсына беретіндей «Ол кісі бұл балаға не істеп қойды екен?» деген сұрақ мені де мазалайтын. Білсек, Ораздың кегі «ҚАЗАҚСТАН» телеарнасынан басталады екен. Кәсіби біліктілігі кем болды ма, кім білсін, ұлттық арнаның бұрынғы басшысы Ғалым Доскенмен 2004 жылдары ол бір шаңырақтың астында істесе алмай, корпорация басшысы оны жұмыстан шығарып жіберген. Соны көтере алмаған Ораз қалайда Доскеннен кек алуды ойласа керек-ті. Содан кінәні өзінен іздеудің орнына кектенген Ораз телеарнаның түбіне жету үшін дүрбіні түрліше салып көрген де, кездемесіне ілінген сопыларға өшіккен. Жаңа зерттеу жұмысын ойлап тауып, сопылық дегенді құпия ложадай елестетіп, оған кіргеннің бәрі билікті аңсаушы, дін атын жамылған «қасқырлар» қылады да, ақиқаттан алыста жатқан өз қиялын халыққа таңады келіп.
    2005 жылдан бері біресе Өтемұратовқа қарасты «31 арнада», біресе «қазақтілді» министр Ертісбаевтың қолтығын сағалап жүріп Ораз Әлімбек сопылықты әбден «зерттеп» тастайды. (Арасында «Ар», «Айқын» газеттерінде аз мерзім істеп, өз «өнімдерін» ұсынғанын айтып жатпаймыз…) ұялмай мақалаларының соңына «сопылықты зерттеуші» деп қол қойғанын да көрдік. Шамамен 2007 жылдың жазында Ораз Әлімбектің «зерттеуі» тоқырауға ұшырады. Қиялы таусылғаннан емес, мойын бұрғызбас көлденең кезіккен кесапат оның зерттеу жұмысын тоқтатуға мәжбүр қылды. Себебі, сопылардың ізіне шам алып түсіп, қайтсем де оларды құзырлы орындардың назарына салып, құрықтаймын деп жүрген «зерттеушінің» өз басы бәлеге ұрынды.

    «Тілегеннің қарнына»

    Ораздың өрмекшінің торындай қым-қиғаш өтірігіне кім сеніп, кім сенбегенін бүгіннің биігінен айыру қиын. Бірақ, Ораздың біреуге қазған орына өзі түскенін бірі білсе, бірі білмес. БАҚ бетінде 2007 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Ораздың туған ағасы Нұрлан Әлімбековтің үстінен «БАҚ құралдарын пайдалана отырып, ұлттық және діни алауыздықты қоздырғаны» үшін қылмыстық іс қозғап, қамауға алған болатын. ОҚО ҰҚК департаменті қызметкерлерінің айтуынша, Нұрлан электронды пошта арқылы экстремистік пиғылдағы хаттар жазып, таратқан. Нақтырақ айтар болсақ, О.Түрекешов басқаратын «Интерлинк Рисорсиз Инк, Центр Развития» деген компанияның электронды поштасына Н.Әлімбековтен экстремистік сарындағы хаттар келіп түскен. Хаттардың жалпы саны 23 деп айтылады. Содан О.Түрекешов ОҚО ҰҚК-не арыз жазып, соның негізінде тергеуші Т.Тұрманов Н.Әлімбековтің үстінен қылмыстық іс қозғайды. Яғни 2007 жылдың мамыр, маусым айларында ұйымдастырылған құпия операциялар нәтижесінде: «Алимбеков Нурлан Оспанович является приверженцем религозного экстремизма. …указанное лицо по внешним признакам ведет религиозный образ жизни, в часности, носит бороду и допускает проведение коротких дагуатов. А также, Алимбеков Н.О. посещает Интернет кафе “Сору grant” (Грант), расположенный по ул. Байтурсынова. По связи «Интернет» ведет переписку с членами «ваххабитского жамагата» с использованием E-mail адрес [email protected]_ru», – деген қорытындыға келеді. Бұл ҰҚК анықтамалығы.
    Ағасы абақтыға түсіп, Орекеңнің бас қайғысымен кетуін сопылардың рухани жетекшісі Ысматолла Мақсұмның наласынан көрушілер де бар. Кешегі «Хабар» арнасындағы «Ақиқат» фильмінде Ысматолла қарияның өзі «маған нақақ ұрынғандардың, қиянат қылғандардың сау қалғаны жоқ» дей келіп ауызға алған, мақсұмның шәкірттерінің ізінен қуып жүріп, «бәлеге ұшырап кеткен» журналисі Ораз ба, басқа ма ол арасын айыру біздің міндет емес. Сонымен не керек, Ораздың сопылардың айналасынан іздеп жүрген «экстремисі» (оның бір «зерттеу» мақала-сымағы «Діни экстремизмнің сопылық синдромы» деп аталып, сопылықтың жаулары тарапынан армансыз таратылғаны есте шығар) оның өз үйінен шықты. Ораздың «көктен іздегені, жерден табылды». Бұл хикаяның құны Оразға арзанға түскен жоқ. Принципшіл журналист Ораз Әлімбек қайтті? Әрине, қарсы тұрды. Кімге? Құзырлы орындарға, ҰҚК-не… Бұл істегі оның «қажыр-қайратына» қайран қалмасқа шараңыз қалмайды.
    Ол «Нұрлан Әлімбековтің бостандығы үшін» қоғамдық қозғалысын құрып, митинг ұйымдастырып, «құрметті азаматтарымыз бен отандастарымызды» митингке шақырып, тіпті билікке қарсы үгіт те жүргізді.
    Байқаған боларсыз, қазір саяси тапсырыстың маманы болған Ораз Әлімбек ол кезде саяси күрес тәсілдеріне де жүйріктігін танытты. Митинг өткізді, халықаралық ұйымдарды іске қосты. Әйтеуір, Нұрланның қамалуына орай елде саяси көңіл-күй туғызды. ЕҚЫҰ деңгейінде де талқылау жасады. Адам құқын қорғаушы ұйымдардың ішіндегі төресі «Хьюмен Райтс Вотч»-тың жетекшісі Уаллт Карнерге де жұмыс тауып берді, ол ел басшылығына арнайы хат та жолдады.
    Нұрлан Әлімбек жалпы түрме мен жүйке ауруларын емдейтін арнайы емханада он бір жарым ай қамауда жатты. Тек 2008 жылдың тамыз айының басында жарыққа шықты. Онда да толық ақталып емес, психикалық ауруынан толық емделіп болғанша қылмыстық істі уақытша тоқтату жолымен босап шықты.
    Ораздың Нұрланды қорғауы табиғи нәрсе. Бір жатырдан шыққан бауырын кім қияды?! Бұл үшін оны кінәлаудан аулақпын. Тек, адам өз басындағы осындай қасіретті басқаға келгенде ұмытып, атой салып, еліріп кетуге неге сонша құмар екен деп ойлайсың. Қазір сопыларға қарсы жұмбақ күштердің арандатуымен теңдессіз қиянат орын алып жатқанын басқа да мақалаларымызда айтқанбыз. Солай болып жатса да, олардың дәл Ораз Әлімбектей саяси айла-тәсілдерге жүгінгенін көрген жоқпыз. Тіпті, сопыларды қаралаудың көкесі «прайм-тайм» уақытында жалаға толы фильмді айналдырып қоюмен де көрінді. Сонда да үн жоқ бұларда. Ораз, сен Нұрланның қоғамдық қорғаушысы болып қанша хат, мақала жаздың. Кейбіреулерге жаздырдың. Мысалы, өзінің бұл жағдай туралы мақаласының соңында танымал журналист Жәнібек Сүлеев «мақала Ораз Әлімбектің айтуымен жазылды» деп көрсеткен. Сопылар дәл сен құсап, бірнеше шетелдік елшілікке өтініш хат жіберіп, саяси баспана сұраған да емес. «АҚҚА ҚҰДАЙ ЖАҚ», «БАС ЖАРЫЛСА, БӨРІК ІШІНДЕ, ҚОЛ СЫНСА, ЖЕҢ ІШІНДЕ» деген, қазақ ішіндегі мәселелерімізбен дұшпанға таба болмайық деп, істің ақырын Аллаға тапсырып отыр!
    Қазақта «біреуге тебен тықпас бұрын, өзіңе ине тығып көр» немесе «өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме» деген сарындағы нақыл жеткілікті. Ендеше, Ораз-ау, әлгі газеттегі мақалаңда сопылардың үстінен арыз жазған нашақорлардың сөзіне имандай сенесің, ал өзіңнің ағаң «Нұрлан Әлімбек экстремистік сарындағы хаттар таратты» деп 2007 жылдың 29-маусымында ҰҚК-ға арыз берген «Интерлинк Риссорсиз инк центр развития» компаниясының филиал директоры О.С.Түрекешовтің осы қадамға өз еркімен барғанына күмән тудырғансың. Сонда қалай? Экстремизм мәселесінің исі мұрнына бармайтын кәсіпкердің философтың үстінен арыз жазғаны күмәнді болса, әр жылдары тәрбиеленіп кеткен, тіпті оңала бастап қайта бұзылған нашақорлардың Ысматолла Мақсұмның үстінен арызды өз еріктерімен төгілдіріп жазды деу ақылыңа қалай сиып тұр? Анығы, кәсіпкерге де, нашақорға да «мүдделі күштер» «жазғызған» шығар. Сонда Нұрланның үстінен арызды біреу «жазғызды» да, Ысматолла Мақсұмның үстінен өз еркімен нашақорлар өздері «жазды», солай ма? Неге қылдан таясың, Ораз…
    Ақыры айтқышсың ғой, саған бір тақырып ұсынайын, әр кезде сен сияқтылардың («Столичная жизнь» апталығы, т.б) айдап салуымен Ысматолла қаридың медресесіне лап қойып, емделіп жатқан нашақорларды «құтқарушылар» олардың «өз еркімен» жазған арыз-сымағын пайдаланып келді. Бүгін де солай істеп отыр. Енді сен сол бұрынғы арызданушыларды іздеші, олардың кейбірі тірілердің арасында бар ма екен… Сонау 1999 жылдан бері қаншама «құтқарылған» басқа дүниенің суын ішті екен. Олар Ысматолла қаридың қарғысынан қаза болды ма? Жоқ. Анығын тексерсең, басым көпшілігінің есірткіні шектен тыс мөлшерде пайдаланудың («передоза») себебінен мерт болғанына көзің жетеді. Есірткі деген пәлеге еркін ұрлатқан олардың да, соның азабын онымен бірге тартқан жақын-жұрағат, туыстарының да соңғы үміті осы Шәкәрім медресесі еді… «Ақымақтың достығы дұшпанның жаулығымен тең» демекші, сен сол үмітті үзуге септестің. Егер сен сияқтылар Мақсұмға қарсы құзырлы орындарды айдап салмай, ісіне қолдау көрсеткенде, Қазақстанда бүгінде нашақор, ішкіш қалмас та еді?! Жаңағы «құтқарылған», сосын жас өмірі қыршынынан қиылған бауырларыңның обалы кімнің мойнында, Ораз?! Ең құрығанда, бойыңда шын әділеттің жұрнағы болса, ақыл есі түзу немесе медреседен емделіп шыққан, қоғамның көзсүйінішіне айналған азаматтардың да пікірін неге келтірмейсің?
    Бұл арада сенің сопылардың үстінен жазған былапытқа толы, лас мақалаларыңды келтіріп жатудың өзін жүрек айнытатын былғаныш жұмыс деп отырмын. Ойлы оқырман мұнымды өзі түсінер. Өйткені, сенің жазғандарыңды ауыз-мұрынды тұмшаламай отырып оқу мүмкін емес. Басқасын қойғанда, сопылардың арасындағы кейбір жігіттердің зайыбына жолдаған жеке (интим) хаттарын да ұрлап алып, жария етуге арланбадың, саған басқа не жорық?!
    Ұлттық қауіпсіздік қыз­меткерлері сенің ағаң Нұрлан Әлімбековтің экстремистік пи­ғылдағы хатын тауып алған кезде, Ореке, баспасөз бетінде «заң бойынша, әрбір азаматтың хат жазуына құқығы бар және оның құпиялығы сақталуына кепілдік берілген» деп шырылдаған да сен емес пе ең? Сол біреудің ар-ұжданын құрметтеу талабы өз басыңа келгенде көзің тұнып, құтырып шыға келген болатынсың. Сонда Нұрланның өкіметке қарсы сарындағы хаттарын ашып алып оқу қылмыс та, дәл сондай қазақтың азаматының Құдай қосқан қосағымен жеке сырларын бөліскен хаттарын ұрлап алып, жаһанға жария ету сеніңше ғибратты іс пе, сонда?!.

    Біз сақтанатын салпаңқұлақ Ораз Әлімбек кім?

    Қазақ сендейлерге: «Өзімен кетсін!» дейді. Бұл – ақиқат. Оның үстіне баспасөзге көз салсам, сенің «тапсырыс орындағыш» даңқың жер жарады екен. Ұят аулынан атыңды жырақ байлағаныңды сенің тапсырыс беруші «достарыңнан» басқаның бәрі білетін сияқты ғой. Олар да білетін болар. Тек сені өз мүдделеріне пайдаланады ғой.
    Қазақы журналистиканың майталманы, ақын Қазыбек Исаның барша халықты аза бойы қаза боп сақтандырған «салпаңқұлағы» сен емес пе, осы? Осыны өзіңнен сұрайын деп ем. Есіңде болса, 2009 жылдың 9-қарашасында Қазыбек өзінің «Жас қазақ үні» газетіндегі «Салпаңқұлақтардан сақтаныңыздар!!!» (www.qazaquni.kz) атты мақаласында: «Бүгінде тапсырыс бергендердің табанын жалайтындар түк таппаса, дастархан басындағы үйішілік әңгімелерді де саясатқа пайдалана бастады. Олар үй аралап, көлік жағалап, ел адақтап жүріп, есіктен сығалап, тесіктен тыңдап, ойдан-қырдан естігенін жоғарыға немесе арнайы органдарға жеткізумен айналысуда… Абайға Оразбайдың қамшы сілтегенін де білеміз. Ондай ораздардың оразасы барларға ор қазуы бүгін де жалғасып жатыр… Әркімнің аузын аңдып, күткеніндей сөз шықпаса, ойындағысын қосып жіберетін және онысын қарғыбаулы шынжыры сылдырлап жүрсе де, «шындықты жариялау» деп түсініп, ресми сөз бен жел сөзді айыруға сауаты да, ары да жетпейтіндер аз емес. Олар дәл қазір тіміскіленіп, иісшіл иттей құлағы салбырап, сіздің де қасыңызда отыруы мүмкін… Сондықтан, салпаңқұлақтардан сақтаныңыздар!»-дейді. Қазақ тілінен ешкімнен кеңес сұрамайтын Қазыбектің Оразбайды, оразаны ауызға алып кеп айтқан «ораздары» кім екен? Ол «ораздар» ізіне шам алып түскен «оразасы барлар» кім деп те ойлайсың кейде…

    Әруақтың күңіренісі

    Қазақта «әруақ атқан оңбайды» деген мақал бар. Сенің мақалаңа түсінік бермеймін деп отырсам да, бір ғана тұсын айтпай кете алмадым. «Хабардың» «Ақиқатының» ізімен кетіп, Ысматолла қаридың шәкірті Айдын Тілежановты сопылар «жоқ қылды» дейтінге саятын айыптауды, еш негізсіз қоңырсытқаның, тіпті масқара болды. Шындығында, мұнда да өзіңе тән тәсілмен, Қазыбекшелесек, «қағыс естіп» тисе терекке, тимесе бұтаққа сермепсің. Шындығында, сопылардың қазір қолдан құрастырылған «ісінде» бұл айып мүлде жоқ! Басында өзің білетін тапсырыс беруші күштер тергеу тобын арандатып, осы жалаға ұрындырды. Сөйтіп бел шешіп іздесе де, астарынан еш қылмыстың ізін таба алмай, жала екеніне көз жеткізіп, бас тартқан еді бұл айыптан. Енді сен және «Ақиқаттың» тасада қалған авторлары сол Алматы облысы Райымбек ауданының тумасы Айдынның қазір Жамбыл облысы Шу ауданында төркінінде тұрып жатқан зайыбы Қықшибаева Сандуғаш қарындасың мен оның тәрбиесіндегі алды мектеп табалдырығын жаңа аттаған екі перзентінің бетіне қалай қарайсыңдар? Зайыбы мен әкелерінің әруағын күңіренткеніңді олар кеше ме, олар кешсе де, Алла кеше ме? Білуімше, олардың саған қояр сұрағы да бар. Жолықпақ ниетте. Сопылармен жауласам деп көбірек молда жағалаған жігітсің, жетімді жылатқанның шариғаттағы үкімін өзің де білерсің…
    Біреуге ор қазғанның, оған өзі түсетінін бір кісідей-ақ көрдің ғой. Тапсырыс деген бүгін бар, ертең жоқ, Ораз! Ғұмырыңда бір мәрте шындықтың ескертуін алдың. Сенің сырттан іздеген «экстремисің» қасыңнан «табылды». Кеше жауларыңның ағаң Нұрлан мен өзіңе істегенін бүгін нақақтан күйіп отырған сопыларға істеме. Тағы да алдыңнан шығып жүрмесін. Себебі, Ореке, өзің анық білетіндей, дүние кезектен тұрады…

    Амангелді ЖҰМАШҰЛЫ,
    «Жұмадағы жүздесу» газеті,
    №19 13. 05.2011.

  60. Салпаңқұлақтардан сақтаныңыздар!!!
    8 ҚАРАША, 2009

    Бүгінде тапсырыс бергендердің табанын жалайтындар түк таппаса, дастархан басындағы үйішілік әңгімелерді де саясатқа пайдалана бастады. Олар үй аралап, көлік жағалап, ел адақтап жүріп, есіктен сығалап, тесіктен тыңдап, ойдан-қырдан естігенін жоғарыға немесе арнайы органдарға жеткізумен айналысуда.

    Тіпті көше парақшалары емес, өз­дері жұмыс істейтін кәдімгі заңды куә­лігі бар басылымдарға да басындағы қияли сандырағын басып жіберетін сал­паңқұлақтар шыға бастады. «Бұның не? Бұл қай сандырағың? Еркекке ұқсайтын еді ғой ұсқының? Сотқа берсем, қайтесің?» – дегенде: «Қағыс естіп қалып, шатасып кетіппін…» деп, сал­паң құлағы салбырап тұра берсе, таң қалмай-ақ қойыңыз. Қазақтың «қатын қағыс естиді» деген мақалын оларға қайталап, қайран сөзді қор қылудың қажеті жоқ екенін де сезінесің. Ал сондай жел сөздердің өзін желпініп отырып, газетіне басатындардың басшысы қағыс еститіндердің қатарында болса да, жеп отырған нандарын адалынан жеу керек емес пе? – деп те ойға батасың. Тіпті оның: «мен сияқты белгілі бәлеқордың алдында бәленше мынадай әңгіме айтыпты» дегенге ел сене қояр ма екен?» – деп ойлауға да санасы жетпейтініне таң қаласың. Шамасы жоғары лауазымды шенеуніктердің әңгімесін жасырын жазып алып, Рахаттанатындарға ессіз еліктейтін байғұс болса керек… Өздерінің әдістері де қарапайым. Бес-алты адам оңаша әңгіме айтып отырған жерге шай сұрап па, нан сұрап па, есіктен сығалайды. Қазақ болған соң төрге шақырасын. Ал оның асыңды ішіп отырып, рахаттана аяғыңды теуіп отырғанын – шала-пұла естігендерін өңін өзгертіп пайдаланатынын ол кезде байқамауың да мүмкін… Төменетектінің өзі ұялатын төменге дейін түскен… ол енді тіпті төсек астына кіріп, тың тыңдап, еркектердің оңашадағы серіліктері мен әңгімелерін де ар-ұяттан азат басылымына жариялап жатса, талып қалмай, дайын болыңыз…

    Әрине, бұндай тапсырыстардың со­ңын­да кім тұрғанын жақсы білесің… Ұлы ақын Пушкиннің өзіне негізсіз жала жапқан жалақорға: «салбыраған құ­ла­ғыңнан таныдым» – дегеніндей, жыл­­миған рәпаты елестейді. Абайға Ораз­бай­дың қамшы сілтегенін де білеміз. Ондай ораздардың оразасы барларға ор қазуы бүгін де жалғасып жатыр… Әркімнің аузын аңдып, күткеніндей сөз шықпаса, ойындағысын қосып жіберетін және онысын қарғыбаулы шынжыры сылдыр­лап жүрсе де, «шындықты жариялау» деп түсініп, ресми сөз бен жел сөзді айыруға сауаты да, ары да жетпейтіндер аз емес. Олар дәл қазір тіміскіленіп, иісшіл иттей құлағы салбырап, сіздің де қасыңызда отыруы мүмкін… Сондықтан, салпаңқұлақтардан сақтаныңыздар!
    Қазыбек ИСА

  61. Жарайсың, Айсұлу! «не понимает русского языка»,деп, әлгі әйелге ол «почему не учите» дегенде, «потому, что нет надобности» деп тыйып тастағаның ерлік! Барлық аналар солай ету керек.

  62. кішкене балам орысша білмейді ,мектепке барғанда үйренер деп ойлағам жоқ естігісі де келмейді,орысша сөйлемеймін сөйлегім де келмейді дейді.поезда бірде орыс әйел балама бірдеңе деді балам маған қарады, не понимает,дедім әлгі әйелге ол почему не учите деп келе жатыр еді нет надобности деп тиып тастадым, ,

  63. Бізде Мемлекеттік тілді талап етуге халық жалтақтайды.Бұған не себеп,жауабын білгім келеді.

  64. Ұстазы мықтының-ҰСТАМЫ мықты, қоғам қазақшалансын десек өзіміз қазақша сөйлесіп, орысша жауап бергендерден қазақша жауап беруін ТАЛАП етуіміз қажет. Біз қазақша бастап орысша сөйлесіп кетеміз қоғамдық орындарда мысалы;( дүкенде, банкте, моншада,қызмет көрсету орындарында т,б) ал олай емес деп айтыңдаршы. Сонда орыс тілінің дамуына, қазақ тілінің солуына өзіміз ҮЛКЕН үлес қосып жүрміз…. сондықтан ұстанған мақсатымыздан ауытқымайық. ҚАЗАҒЫМ!

  65. Сәлем бердік, тіл сүйер қауым!Қазыбек ағаның мақаласын,Сіздердің жазған пікірлеріңізді оқып, шынымен риза боп қалдым. Мен шалғайда жатқан Қостанай облысы,Науырзым ауданындағы Тілдерді оқыту орталығының диреторымын. Мамандығым журналист, кәсібім қазақ тілінің көсегесін көгертіп,мәртебесін өсіру болғандықтан Сіздердің айтқандарыңызға бей-жай қарай алмадым. Қазақ тілін қайтсек дамытамыз деп, 75 пайыз қазақ халқы шоғырланған Науырзым ауданына 2012 жылы тілдерді оқыту орталығын ашып қойдық. Не өзгерді. Бәрі қағаз жүзінде ғана. Жебе-жемге келгенде әкімшілікте отырған 4-5 өзге өкілдері үшін, барлық жиналыстарымыз орысша өтеді. Қазақ тіліне еш құлық, қызығушылық жоқ. Тілді оқытуға арналған түрлі әдістемелік құралдар мен кітаптар үшін бір ауданның бюджеті кеткен шығар деп ойлаймын өзімше. Басы әкім боп қазақша бастамағасын, басқасына не жорық.Түсінсін, түсінбесін өз басым барлық құжаттарды бірақ тілде жібеемін дегенмен Тіл Заңындағы таймен таңба басқандай 2-ші бетінде аудармасы болуы керек деген қағидасын алдыма тарта бастайды. Сонда қайтіп қазақ боламыз? Қайтіп өсеміз? Менің ойымша, қай жұмысқа болса да қабылдамас бұрын мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтап барып жұмысқа қабылдау қажет. Сонда ғана нан тапқысы келетіндер қазақ тілін оқуға мәзбүр болады. Сосын Заңымызға нақты бір өзгерістер енгізілсе … Сонда қөрер едім ауылдағы 5-6 орыстың қалай тайраңдағанын

  66. Елбасы айтты ғой,Орыс тіліне қүрметпен қарайық,осы тіл қазақты өркениетке жеткізген деп.Сонда байғұс француздар,ағылшындар,қытайлар қалай жетіп алды екен орыс тілінсіз өркениетке.Ал балаларымыз қазақ болып дүниеге келсе де,орыс пен ағылшын тілін үйренуге міндетті.Бала демекші, менің балам барған бала-бақшаға өзге үлттың балалары да барған кезде, Е,мемлекеттік тілді қажет етіп келген екен деп мен біршама қуанып қалғанмын.Солардың бірі де қазақ мектебіне барған жоқ.Оларға тек үйлеріне жақынырақ бақша керек болыпты.Ал қанщама қазақ баласы кезегі жетпегендіктен бақшаға бара алмай,үйлерінде тәрбиеленіп қалды.Біз сөйтіп біреудің тілін,біреудің ұлтын құрметтеп,өзіміз бәрінен қағылып жүрейік сол.Есіктен кіріп төр менікі деген тіліміз тұрмақ өзімізді сыйламайтын кім-көрінге жалтақтай беруіміз керек пе.Біздің жерімізде жүріп бізді қорқытпақшы түрі бар.Әй қолдаушылары мықты болса керек.

  67. Кейде /Қазақ үніне қауіппен күдікпен қарайман .Қазақпын дейтін менен басқа қалмаған сияқты деп……………………………..

  68. Жоғары шешеді /крыша/ орыстарғой .Көзіміз тәуелсіздік алған менен рухымыз ,ой санамыз әлі бұғаулы куйде.Империя жемтігін басқаша әдіспен басқаруда ,ойлан Қазақ мммммммммммм шақпаған жаным ооииииииииииии йййййййййййййй

  69. жоғары шешеді крыша орыстарғой .Лөзіміз тәуелсіздік алған менен рухымыз ,ой санамыз әлі бұғаулы куйде.Империя жемтігін басқаша әдіспен басқаруда ,ойлан Қазақ мммммммммммм шақпаған жаным ооииииииииииии ййййййййййййййй

  70. Халқымыздың анасы,соңғы қорғаны – ана тіліміз аман болсын. Тіл тақырыбы, қазақ үшін, еш қашан өлмейтін тақырып.11 маусым, 2011 жылдан бері пікірге пікір қосылып жатыр,қосыла берсін.Бірақ, орыс тілді қазақ бауырларымыздың бетін қайтіп бері қайтарамыз?.Ол үшін орыстілді сайттарға шығып шабуылға шығып отыру керек.
    Министр Ерлан Ыдырысовтың әлі күнге қазақша сөйлегенін көргенім жоқ, міңке жоқ нағыз саз беттің өзі – ау деймін. Ағыбай Дархан Мұратұлының 4-наурыз, 2014 жылғы
    мына өлең тіркестері құлаққа құйыла қалды. «Қазақты жамандама Қазақ бала, Қазақ ел ғой өздері азақ қана, Мәнгілік жер бетінде, ай астында, Қазақты көтеретін Қазақ қана!!!».Компьютер клавиатурасына қазақ әріптерін жапсырсаңыздаршы!

  71. қазақ тілінде білім жоқ,оған ешкім қызықпайды, күрделі білімді айтпай ақ, қарапайым күніделікті мініп жүрген көліктеріңнің қазақша техниклық аудармасы барма Кітапханаға
    барыңдаршы, қараңдар, қазақша әдеби кітаптан басқа не бар
    Техника,медицина,электроника,экономика т с с қазақ тілінде
    бар ма Мың жерден заң шығарсаңда қызығыушылық болмаса еш
    қандай нәтиже болмайды 23 жылдан асты ғой кім қандай
    аударма жасады қазақтар үшін Білім бәрі орыс тілінде
    оған қызығасыңдар,одан қызғанасыңдар содан кеиін барып ал
    кеп жамандайсмыңдар

  72. Ассалаумагалейкум дана Казак, жазгандарынызбен толык келисем, улы ултымыз озинин бойына адамзаттын тусинигиндеги Асыл-тарбие шынына жеткен екен, енди бизге сол кезендерден улги алып,ак ниетимизди бирлесе жузеге асырайк. Тилимиз, динимиз,ултымыз,касиетти Отанымыз, оркендеп осе берсин,таза казактын унимен тауелсиздигимиз мангилик болгай.Казакты жамандама Казак бала, Казак ел гой оздери азак кана, Мангилик жер бетинде, ай астында. Казакты котеретин Казак кана!!!Адамзат пен табигатка пайдамыз тиетиндей,ар Казактын журеги иманга толы болса деген арманым орындалуын жаратушы иемиз Аллах насип еткей!!!

  73. бул такырыпты жакссы козгаган екенсиздер биз айтамызгой бирак оны ким тындауда мына депуттатардан сухбат ала калса болды орысшаларын шашады кеп ай агалар ай казакша сойлесениздер кайтеди биздин елбасымыз бул такырыпты козгасада агаларымыздан кортынды жоккой бир куйнерим биз жастар кимнен улги аламыз

  74. Bostandiq audanin aekimshiliginde bir qazaq tilinde qyzhat joq, keshe Qazaqstan zhinaq bankine barsam (Zhilstroibank) bir qazaq tilinde aniqtama joq, Almaty Energo da bir qazaq tilinde soileitin adam joq, Bostandiq audanin aekimshiliginde qazaq mektebin bitirgen qazaqtar bir birimen accentpen orissha soilep otir – bir narse dyris emes bizde

  75. Иә, бәрінің айтқан пікірлері дұрыс. Осы жоғарыда үлгі алатындай аға-апаларымыз ба ғой. Мысалы, Бақытжан Сағынтаев, Оразкул апай, Ө.Шөкеев,А. Мырзахметовтер қазақ тілінде жақсы сөйлейді. Өзге басшылар осы азаматтардан үлгі алса ғой.

  76. министрлер орысша сайрап қазақ халқының арқасында жүргенін ұмытпаса екен басқа елдер өз тілімізде сөйлеңіз деп талап қояр ед ал бізде бүткіл елді басыну деп танимын өз тілінде сөйлемей министр ағатайлар

  77. Елбасын , шенеуніктерді жамандай бермей, әрбір қазақ өзінің ана тілі үшін ат салысу керек. Журген жерімізде қазақ тілін ТАЛАП етіп жүрейік. Орысша білсекте білмеген сынды түр көрсетейік. Сонда орысың барма, қазағың барма ҚАЗАҚ тілінің керек екенін түсінеді. Түсінем кейбір компанияларда қазақ тілін ТАЛАП етсек сізге жаман түр көрсететін. Ең болмағанда жұмыстан тыс автобустарда, дүкендерде, банктерде Қазақша сөйлесейік. Алла тағала Қазақ тіліне күш қуат берсін. Амин!

  78. Рас.елбасы сөзін қазақша бастаса орысша аяқтайды.премьер министр ң,ғ тілі келмей әрең сөйлейді.
    Жоғарыда отқандар сөйлемегенде өзге шенеуніктер,әкімдер,бастықсымақтар сөйлемейді.
    МЕНІҢ ОЙЫМША ТІЛДІ ДАМЫТҚЫМЫЗ КЕЛСЕ УкРаЙнА сияқты арасында өзімізді көрсетіп қою керек сиякты!!!
    Мұныма кім келісед?

  79. Рас.елбасы сөзін қазақша бастаса орысша аяқтайды.премьер министр ң,ғ тілі келмей әрең сөйлейді.
    Жоғарыда отқандар сөйлемегенде өзге шенеуніктер,әкімдер,бастықсымақтар сөйлемейді.
    МЕНІҢ ОЙЫМША ТІЛДІ ДАМЫТҚЫМЫЗ КЕЛСЕ УкРаЙнА сияқты арасында өзімізді көрсетіп қою керек сиякты!!!

    Мұныма кім келісед?

  80. Иә,бауырларым:бәріңніңде айтып отқандарың дұрыс.қазақ тілін өзіміз дамытпасақ ресей дамытпайды,қытайың құрталмай жүргенде ол дамытпайды,жылмаңдаған өзбегің дамытпайды.
    Сондықтанда тек өзіміз ғана дамыта аламыз.

  81. Қазақ тілін өзіміз сорлы жағдайға жеткізіп отырмыз.Тілді дамыту туралы бір есі түзу заң, бағдарлама, іс-шаралар қарастырылмаған.Тіпті елбасының өзі әрбір баяндамасында ретін келтіріп «бәлен жылға дейін қазақ тілін үйреніңіздер, біз сіздерді қинамаймыз, мемлекеттік заң барлықтарыңызға бірдей, тіл білмегендеріңіз жұмысқа тұруға, оқуға түсуге қиын болады» деп ескертіп айтып отыруға болатын еді. Тіл үйренем деушілерге жағдай жасалу керек. Бірде-бір мекемелерде тіл үйрену сабақтары өтіп жатқаны, орыстілді балабақшалар мен мектептердегі қазақ тілін үйрету деңейі қандай дәрежеде екені туралы ақпараттар не газет беттерінде, не телебағдарламаларда айтылмайды. Оны тексеріп, мән беріп жатқан ешкім жоқ. Біріншіден «қазақ тілі» қорына көөөп қаражат бөліну керек. Қазақ елінің барлық мекемелеріндегі орыс тілділерді қазақ тіліне 6-ай көлемінде деген сияқты, белгілі бір мерзім аралығында тіл үйретіп шығаратын тіл мамандарын тағайындау керек.Сол тіл маманы алған ақшасына қарай, тілді тиісті деңгейде үйретті ма, орыстар қазақша сөйлей алып тұр ма, рейтингтер, байқаулар, тексерістер, ақпарат құралдары т.б. арқылы ел хабардар болып отыру керек. Біреуінің қызу жұмысы басқаларға үлгі болады, бір-бірінен естіп жұмыс жанданады, кейбіреулері басқалардың бәрі үйреніп кетіп, мен ғана қалып қойдым дегендей ойда болса, кейбіреулері басқалардың сөйлегенін көріп өзінің қызығушылығын оятады.
    Біздің елімізде «22 қыркүйек тілдер күні» деген мереке бар.Осы мерекені қандай мақсаттағы мереке екенін түсінбей қойдым.Осы тілдер күнін балабақшаларда, мектептерде, оқу орындарында, мәдениет сарайларында болсын, 1 мамыр мерекесі сияқты түрлі ұлттардың әнін айтып, биін билеп тойлайды. Бұның 1 мамырдан қандай айырмашылығы бар. Бұл 22 қыркүйек неге «қазақ тілі күні» мерекесі болмасқа? Валентинаны тойлағанда «қазақ тілі күнін» тойлау ұят емес шығар? Қазақ тілін мықты, таза сөйлейтін басқа ұлт азаматтары арасында қазақ ән-күйлері, мақал-мәтелдері,өлең-жырларынан концерттер, байқаулар өткісек, олармен кездесулер жасап, интервью алып, мақтасақ, мадақтасақ, сол күні медаль тапсырып, марапаттың түр-түрін көрсетсек несі айып, керемет емес па? Өзіміздің де, қазақ тілінің де құрметі артар еді.

  82. Иә, Қазыбек Исаның пікірі өте маңызды да, орынды.Мұқағалидың туған күнін 8 наурыз деп ресми…

  83. Жоғарыда кейбіреулер елбасыны кіналаған екен «сөзінің басын шамалы қазақша бастайды да, әрі қарай орысша сайрайды» деп. Ол рас қой енді, ол біріншіден кеңестік «орысшаландыру» тәрбиесінің мықтылығынан қалыптасып қалған әдет болса, екіншіден, ол кісі орыстар «жетім баладай» аңтарылып қалмасын деген қазақи көңіл-күйге қарау мінезінен деп ойлаймын. Елбасы не істесе де, сол істің сәті келуін асықпай күтеді. Бұндай көпті көрген кісілер алды-артын алыстан ойлайды.Ел тәуелсіздік алған жылдары тіл тұрмақ, бас қайғы заман болды. Енді-енді еңсемізді жиғанда басқа ұлттар «Қазақтар тәуелсіздігін алды, енді бізді не істер екен, күніміз не болады,қайда барамыз» деген ойда болды. Сол кездерде украиналар да тәелсіздік алып, «украин тілін білмегендер қызыметтен кетсін» деп қатаң талап қойып жатқан кез. Орыстар оны естіп тіпті көздері бақырайып кетті. Сол кезде олардың үрейін басқан Елбасы болатын. Сол кезде барлық ұлтқа түсінікті, орыс тілінде барлық ұлттарды бірлікке, ынтымаққа шақыруға тура келді. Басқа ұлттар Елбасыға сенді. Көбісі «Наш Президент» деп мақтан тұтты. Оның біразы менің көрші орыстарым болатын. Олар: «Біздің президентіміз қазақ тілін білмесеңдер кетіңдер» деп қатаң заң шығарған жоқ, оныкі дұрыс, біз 40-60 жасқа келгенде енді қалай үйренеміз. Біздің жас кезімізде тіл біліңдер-деп талап қойған жоқ, ал қазір талап қойып жатса балаларымды, немерелерімді қазақ балабақшаларына, мектептеріне беремін» дейтін. Ал осы орыстар күткен талапты жоғарғы жақтағылар дұрыс қоя алып жатыр ма? Егер талап күшті болса олар баяғыда-ақ бірден балаларын қазақ балабақша, мектептеріне берер еді-ау.Орыстар өз-өздерінен қазақтардан ұялып тіл үйренетін халық емес, талап пен тәртіп күшті болмай, біздің тілді ешкім де менсінбейді. Бірақ украиндар құсап тым қатал талап қоюға болмайды.Тым қатал болу адамдарды бір-біріне деген өшпенділікке, мейрімсіздікке алып келеді. Біреуді өшіктірсең,мейірім көрсетпесең, ол әйтеуір бір күні бас көтереді. Бір төбелеске үйренген үйде, күнде төбелес болмаса қызықсыз болып қалатын жағдайға жеткізуге, дағдыға айналдыруға болмайды. Біз көп ұлттымыз «күнде жыйын, күнде төбелес» біздің жағдайға келмейді.Құдай бетін ары қылсын, онда кім-кімді жақтап, кім-кімді боқтап жүргенін түсінбейтін «нағыз манный каша» боламыз. Біздің басты байлығымыз ынтымақ, бірлік болуы керек.Тіл -екінші орында шешілуі тиіс.»Ұра берсең Құдай да өледі» дегендей күнде миларын шірітіп айта берсек, мыжи берсек, құрт құсап тесіп шығамыз.

  84. Мына жоғарыда жазылған пікірлердің бәрін оқып шықтым, өте керемет намысты сөздер жазылған.Бұнай сөздер жастардың мирларында, интернеттің тағы басқа жерлерінде де, газет-журнал беттерінде де жазылып жүреді.Маған осы айтылған сөздердің бәрі айдалаға, тауға, орманға қарап айтып тұрған адамға ұқсайды.Сіздердің қазақша айтқандарыңызды орыс тілділер түсінбейді да, «топас» демек тұрмақ, дәл қасында тұрып жеті атасынан боқтасаң да түсінбейді, тас керең адам сияқты олар.Орыс тілділерге осы жоғарғыда айтылған керемет намысты оятатын пікірлердің бәрін орысшаға аударып жазу керек. Қазақтар бұрыш-бұрышқа тығылып алып «аналар қазақ тілін неге үйрендейді?» деп бір-бірінен сұрағанша, батыр болса, намысшыл болса, орыс тілді қазақтар мен орыстардың өздеріне барып айтсын. Орыстарға айтып көріңдер «неге қазақша сөйлемейсің» деп, өздеріңнің «ит терілеріңді бастарыңа қаптап», бажылдап, пәле шығарсын. Олар тұрған жерде тілдеріңді күрмеп қалай орысша сөйлегендеріңді білмей қаларсыңдар.

  85. қазір тіл білгендер, басында білімі барлар емес ақшасы барлар, көке жәкесі мықтылар, көздері ақшаны, көңілдер атақ данқтан басқаны қаламайтындар, қздерінен басқаны ойламайтындар отыр ғой үкімет басында. қара басында уайым қайғысы жоқ, қарны тоқ кілең миғұлалар. әрине көпке топырақ шашпаймын, қазағым елім жерім дегендер жоқ емес бар бірақ оларды қолдап қорғайтындар жоқтың қасы. Мұхтар Шаханов, Жармахан Тұяқбаев міне нағыз жанашырларымыз. өкінішке орай оларды қолдайтын халық болмады. үкімет олардан күтірек болып тұр. Қані енді Назарбаевтыі қарсы алдына бара алсам ғой.барлық кемшіліктерін айтар едім. ол кісігеде алғысымды да білдірем ешбір елден кем болып жатқан жоқпыз.өзге елдегідей ұрыс соғыс жоқ. көк туымыз шет елдерде желбіреп, әнұранымыз шырқалып отыр. Назарбаевтын арқасы ғой бұлда бір. еліміз дамып өркендеп жатыр. бірақ әліде атқарылмаған шаруалар бастан асады. үкімет басындағыларды біраз қолына алса екен дер едім

  86. Тіл тіл деп құры сайрағаннан басқа ештеңені бітірген жоқпыз. жоғарыда отырып алып қазақ тілін дамытайық дамытайық деп бұлбұлша сайрайды. бірақ өздері қазақша сөйлеген сәтте қағазға жазылға сөздерді тілдері күрмеленіп зорға оқып береді. ең бірінші өздерін түзесе болмайма. назарбаевтың өзі көп интервюлерді орыс тілінде беріп жатады. жолдау жолдасада, қазақ халықын құтықтасада қазақша қысқа ғана құтықтап, орысша құтықтауға келген кезде жібереді тілекті әдемілеп сәндеп тұрып. қазағым, елім жерім деп жан күйдіріп жүргендер саусақпен санарлықтай ғана. мемлекетте оппазиция жоқ болған соң жағдай осы. ақжол партиясыда барма бар деген аты болмаса халық үшін жан күйдіргенін байқамайсыңда көрмейсің де. сол баяғы соқыр қазақпыз. аузымыздағын жұлып алып жатсада а деп аузымызды ашуды білмейміз. әттең әттең шамалы бірлігіміз, батыл жүрегіміз, көрер көзіміз, намысшыл халық болғанымзда ғой. мүмкін бүгінгідей өзге елдің қолында қуыршақ болмай, өзге елге күлкі болмаспа едііік

  87. үш тұғырлы тілдің өзі қате,
    мен мұғаліммін мектебіміз қазақ -орыс тілдерінде аралас мектеп дегенмен басым көпшілігі қазақ оқушылары айтайын дегенім есептерді (отчет) орыс тілінде тапсырамыз, бланкі және есептердің шаблондары орыс тілінде, методисттер келеді орыс тілінде сөйлеп -«извените, я незнаю қазақша»- деп.
    Қазбек бауырым сізге алла тағала күш куат берсін!

  88. Өте керемет мақала Қазыбек аға. қазақ тіл деп қан жұтқан Қазақтың әр баласы осындай болса екен. Сіздің кеудеңізді қажап жатқан дерт мені де жегідей жеуде. Қазақ жерінде қазақ тілін білмей жүрген топастардың әкелерін таныту керек! Билікте бұл үшін қозғалар адамдар шамалы, өзіміз бір амалын таппасақ. Қазақ тілін біз төрге сүйремесек, топастар көрге сүйреуде…

  89. БИЛИКТИ КЫЗМЕТ ЕМЕС ЖУМЫС КЫЛГАН, ЕЛДИ ЕМЕС АРАНЫН ОЙЛАГАНДАР БОЛГАСЫН ОСЫЛАЙ БОЛАТ КЕНЕТ БИР СЕРПИЛИС БОЛМАСА, КАЗАКСТАН ТЕК КАЗАКТАРГАНА ДЕП УЛТЫК КОТЕРЛИС БОЛМАСА ЕШТЕНЕ ОНБЕЙТ

  90. Құрметті отандастар сіздерден өтінерім мисыз деп барлығына тары шашпайық!Мисыз дегеннің үстінде әр бір қазақ елінің азаматы мен азаматшасы өзіне тілім үшін не істесем болады деген ойда болуымыз қажет емес па.Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші барлығымыз тілімізді дамытуға ат салыссақ жақсы болар еді!
    Өсер елдің балалары тату келер
    Қиналғанда бір біріне ақыл берер деген дана сөге жүгінейік

  91. бұл бұрыннан жауыр болған тақырып. Көкшетау қаласының еңкейген қартынан еңбектеген баласына дейін орыс тілінде сөйлейді. Тілге құрметті өзбек ағайындарымыздан үйренген абзал.

  92. Меруерт, қазаққа қашан сана кірсе, сонда сөйлейді. Еш намысы жоқ ағаларымыз жоғарыда отырғанда, келер ұрпақта қандай намыс болсын.

  93. Жолым түсіп Украинаға бардым. Қатты қызықтым көшеде,дүкендерінде, әуежайда өз тілдерінде сілтемелер бірінші жазылған, екінші ағылшын тілінде жазылған.Әуежайда ағылшын ағылшынша, француз французша,украин украинша,орыс орысша сөйлеп тұр.Домбырасын асынған қазақ орысша сөйлегенін көргенде намыстанғанымды көрсеңіз, сөзбен айтып жеткізу қиын.Сыртынан қарасаңыз жарасымсыз, жеркенішті, бірақ ол адам өзінің жеркенішті жағдайда тұрғанын байқап тұрған жоқ.Мәңгүрттенген қазақ өте көп,болашағымыз не болмақ!Көршілерімде орыс тілінде сөйлейді,әсіресе балалар.Дүкендерде қазақтың қызына қазақша сөйлесең,орысша жауап береді әсіресе Астанада. Не істеу керек,Ағайын! Қашан біз өз елімізде еркін Қазақ тілінде сөйлейді екенбіз.?????

  94. өз тілімізді өзіміз менсінбей отырғанда, басқа ұлттан не сұрайсың?! ішім ашиды, еліме қарап. тілін білмеген мақұлықтармен қандай даму біздің елде?! кешегі алматыда бас көтерген жастар бүгін жоғарыда отырғандардың арасында жүр ғой. сонда олар не үшін қарсы шықты?! мыңғырған ақшаны көріп бастары айналды ма?!

  95. Осы қазақ тіліміздің өз елімізде жетімдік көруі ұлт жанашырларының үгінгі қайғысы һәм қасіреті.Бүгін Арқалық қаласына жаңадан тағайындалған жаңа әкім, жас әкімнен халық түңіліп қайтты, олай дейтініміз, «биссмилласын» қазақша амандасудан бастаған ініміз әрі қарай шашалып қалып,»извините, продолжу на русском»-деп сайрап қоя берді.Сонда осы Ахметтей,атамыз, Ыбырайдай бабамыз туған Торғай елінің өзінде бір орыс, бір финн, жарты хохолға бола (жарты болатыны ол да орысша сөйлейді) орысша сөйлеу үрдіс болып кеткені намысты жыртып, өзекті өртеуде.

  96. Қазақ тілінің қаймағы бұзылмаған сыр өңірінде де тілдері күрмеліп, әйтпесе әдейілеп бұрмалайтындар кездесетіні өкінішті. Егер ана тілін білмейтіндерден орындарын босату талап етілетін болса қызметтің құлы болғандар жанұшыра жанталасатыны айтпаса да түсінікті. Ана тілін үйренуге асықпайтындарды осылай мәжбүрлеу қажет.
    Әйтпесе, қазақ тілінде сайрайтын өзге ұлт өкілдерін «жұлдыз» етіп төбеге көтеру саясатын өз деңгейінде ұғатындар байқалмайды.

  97. Ассалаумагалейкум бауырлар! Биз казакпыз! Отанымыз Казакстан! Тилимиз Казак тили!
    Бирак казирги жагдайга карасак мемлекеттик тилимиз орыс тили болып кетти го сонда, ен биринши баримиз казакша сойлесуимиз керек, екинши урпактарымызды казак тилинде сойлетуимиз керек, ушинши ана тилин билмейтин бауырларымызды окытуымыз керек, егер окымаса миндеттеуимиз керек, немесе шеттету керек! Жарнаманы 100 пайыз казак тилинде сойлету керек. Сонгы айтарым мен озим Батыс Казакстаннанмын, бир жерлер бар «болсай» деп сойлейтин, ондай соз жалпы казак тилинде жок болар,
    сол созди «болшайшы» деп ауыстырайык, солай дурыс коринер, Озбек па Кыргыз ба айтеуир бир елдин тилине бурмаламай, орыс тилин былай койганда. Ал орыс тилин мулде пайдаланбау керек. Нукте.

  98. Мемлекеттік тілді білмейтіндер,білгісі келмейтіндер лауазымдық қызметтерінен босатылып,не болмаса қазақ тілін меңгеруді қатаң талап етілмей тіл жағдайы өзгеруі екіталай.Басқаны қойғанда,Білім беру министрлігінде мемлекеттік тілді мойындамайтындар отырғанының өзі сорақылық емеспе?

  99. Курметти Алаш халкы казагым.Осы аитып отыргандарымыз .бир улт ушин болса.баримиз биригиик.жиналаиык.аркимнин оз оиы болса жаксартам деген .колын жететин жерден баста.ягни карапаиым тиршилик еткен ортадан.студент болсан.жумысшы.бастык.алде отагас болсан.Халыктын ишинде орысшага еликтеу коп.тилди жаксарту ар казактын колында .Укиметин колында билик болганымен.оларди билитин баска проблема коп.Ауыз биршилик керек осыны оилаитындарга.

  100. АНА ТІЛІНЕ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?.. БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ? http://www.qazaquni.kz/7602.html

  101. иа бауырлар дурыс айтасындар, жогарыда отыргандар теледидар алдында отырганда казакша сайрайдыда уйине барганда орыша сойлиди, оларды озкозиммен коргем, жумыста бизбен казакша сойлейди уйине барганда баскаша сойлейди,ол тугели президентте орша сойлейди,казакша бирер соз сойлейдиде ,жалгастырып орыша акетеди, содан сон ким сойлегиси келеди, арине министирлер казакша сойлемейди сосын, уткени уйалады,олар ушин казакша сойлеген уйат, уйалмайма озтилин билмегенге .

  102. кедендік одаққа кіргелі тілгедеген бетбұрыс тоқсан гадусқа өзгеріп шығакелді бұрын ептеп үиреніп жүргендер мүлдем қоиясалды үиренуін тіпті кеибір қазақша оқып жүрген балдарын орысшаға ауыстрып жатыр кеибір өзге ұлт уәкілдері енді ресейге қосылсақ қазақ тілінің не қажеті бардеген дер бар мақалдап аитқанда қашаиындеп тұрған қоянға ысқрғасын неболсын дегенің керікелді тіпті аш қалсақта сол орыс деген бәлеге жоламаукерек еді қытайдан бізді орыс қорғамаиды бір құдай жар босын қытай керегін онсызда алып отыр керегі біздің байлықты беитарап саясатұстанукерекеді бізге

  103. үш тұғырлы тілді бір не арыкетсе екі тұғрға өзгертпей сосын ресейдің қорқытқанына қорқып көрінген одаққа кребермей бүккүл теле арналарды мемлекеттік тілге өзгертпей еш уақытта тәлдің көсегесі көгермеиді

  104. Бауырлар!!! Қазақ тілінің тағдыры екі жол мен шешіледі. 1-шісі) Нұрсүлтан Әбішұлының тікелей қолға алуымен. Яғни Ата заңға Тіл турасында нақты өзгерістер енгіздіріп, Қазақ тілінің мәртебесін нақтылап содан соң Үкіметке арнайы қатаң тапсыма берсе, Бұл Қазақ тілінің аз ғана уақытта атқа қонуының бір ғана мүмкіншілігі ед і- деп ойлаймын, Бірақ олай болмайды, себебі Елбасы 2025 жылы ғана Қазақ тілі барлық салада қолданылады деген сөзін айтты. Яғни әлі күте тұрамыз деген сөз, Сондықтан да 2-ші жолына өтелік, 2-ші жол бұл Қазақ халқының нақтырақ айтсақ Қазақ ұлтының барлық салада Қазақ тілін қолдануы, яғни жиі қолданысқа ендіруі, Мейлі ол іс-қағаздарын жазу-жүргізуде болсын немесе сөйлесу кезінде болсын, Тиісті жерлерде құжаттарды т,б, Мемлекеттік тілде талап ету, Ой, болмайды, болмады – деп қолды бір сілтеуге дұрыс емес, Тамшы тауды теседі – деген дана сөз Қазақта, Сондықтан да Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына жаны ауыратын адамдар саны аз болса да күнделікті өмірде Тіл тағдыры үшін күресе беруі қажет, Халық қаласа Хан түйесін сояды – деген бабалар, Бірақ Қазақ тілінің Мәртебесінің көтерілгенін барша Қазақстан халқы қаламақ тұрмақ өзіміздің іштен шыққан шұбар жыландар да қаламай тұрған жоқпа, Сондықтан да Хан түйесін соймайды, Тоқетерін айтқанда: Жаны, Жүрегі «Қазағым» деп соққан қаракөздер енді уақытта Тіліміздің тағдырын СІЗДЕР ғана шешесіздер – дегім келеді,

  105. ҚАЗАҚСТАН АТАУЫН ҚАЗАҚЕЛІ ДЕП ӨЗГЕРТПЕЙІНШЕ ҚАЗАҚТІЛІН ЕШКІМ КЕРЕК ҚЫЛМАЙДЫ
    2-ҚАЗҚСТАНДА ХАЛЫҚТЫҢ 70-80 ПАЙЫЗЫ РЕСЕЙ КАНАЛЫН КӨРЕДІ

  106. АНА ТІЛІНЕ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?
    БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ?

  107. Қазыбек ИСА

    Ел мен Тіл зары

    Қасірет қаптауда қалада-
    Қазақтар орысша сөйлеуде…
    Өлікке айналып бара ма,
    Намыстан айрылған көркеуде…

    Отарлап алған ел тілінде
    Сөйлеуге құмарлық – құлдық қой…
    Құлдар көп билікте бүгінде
    Сатқындар аз емес… сұмдық қой…

    Құлдар ел басқарса масқара, –
    Құлдығың қайтадан орнайды…
    Қазақша білмейтін Астана,
    Қазақты қалайша қорғайды?

    Қожайын тілінде құлдарша
    Орысша сайрасақ – сол қайғы,
    Ел Азат болғаны шын болса,
    Тіл неге Азаттық алмайды?…

    Қайран ел қалайша қалғиды?
    Жау іштен шыққаны – зор қайғы.
    Қазақша есітпей әлдиді,
    Өскен ұл ел қорғай алмайды…

    Кірмеге кіріптар боп күнің,
    Кіргізді бар дінді бай мекен…
    Қолсүйер қолбала көп бүгін,
    Елсүйер ерлерің қайда екен?

    Еліме дәл бүгін ие кім?
    Сенеді кім тілсіз құлдарға?
    Ұлты үшін күйетін, сүйетін,
    Ұлтшыл Ер туатын күн бар ма?

    Жат тілде жалтақтап жаһанға,
    Жат тілде сөйлейміз Отанға.
    Бір іліп тастайтын қажетсіз,
    Тіліміз тойдағы шапан ба?

    Тіл зарын тартып ед атам да,
    Тілім деп жылайды ботам да.
    Шет тілін шекеден қаратар,
    Біз әлде жүрміз бе отарда?

    Жеріңді жатжұрттық жайласа
    Бабалар бар мұңы тұр есте…
    Күш егер қазандай қайнаса,
    Дәрмен де табылар күреске.

    Шын ерді шыдатпас бұғауға,
    Ананың тілі мен сүті еді…
    Ақырып Теңдікті сұрауға
    Азаттық Алаңы күтеді…

    Көк туға жеткенмен көш кеше,
    Көп әлі Қазақтың зар-мұңы.
    Ақ Орда ешнәрсе шешпесе,
    Алаңда шешілер барлығы…

    Мәңгүрт көп айтатын басқаша ән,
    Салғырт боп жүру де сор қанша…
    Бұл майдан бітпейді ешқашан,
    Қазақ тіл – Азат тіл болғанша!

    Маймыл ғып жіберді Барысты,
    Кешіксек бәрі де бітеді…
    Құл болмай,
    Ұл болсаң намысты,
    Алаңда ел сені күтеді!…
    19.01.2010 жыл

  108. Qazaq tilindegi mektepterge xana byudcetten aqja boolu kerek. Al cetimder vyi men bala-baqjalardii osii bastan tek qazaq tiline koojiru kerek.Ал менин латын алипбиинде жазуым осыган тез арада кошу керек деуiм. Айтпесе интернетке кириллмен казакша шыгу азап жане уят. Мен усынатын алипби- Аа- А а,
    Аа(жумсакА)- АА аа, Бб- B b,Гг- G g, Гг(жуанГ)- X x, Дд- D d,Ее-,Жж- C c,Зз- Z z,Йй(Ии)- Y y,Кк- K k,
    Кк(жуан К)- Q q,Лл- L l,Мм- M m,Нн- N n, н(жумсак Н)- ng, Оо- O o, Оо(жумсак О)- Oo oo,Пп- P p,
    Рр- R r,Сс – S s,Тт- T t, Уу- U u,Уу(жуан У)- W w,Уу(жумсак У)- V v,h(Хх)- H h,Шш- J j,Чч- Ch ch ,Ii- I i,
    Ыы- Ii ii, Osii oyiima ne deysingder?

  109. Мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктердің миын емес, өзін ауыстыру керек шығар. Билікке заман талабын қанағаттандыратын,ұлттық рухпен суарылған, жалынды жастар келетін кез жетті ғой.

  110. Иә, орысша ойланатындардан құтылмай оңа қоймаспыз. Ұлтым деген ұландар керек бұл іске…

  111. Өйткені, «балық басынан шіриді». Президент «күшігінен таланып» қалған. Орыс десе, орнынан атып тұрады…
    Нурсултан Абишевич десең «слушаю» деп тақ ете қалады. Алжас Амарович десең Олжас Сүлейменов те елпең етеді. Ал орыстың сантехнигіне Жагор Жақыпұлы (Егор Яковович) десең «Ты что говориш?» деп гүр етіп, ежірейе қалады… Осы жерде осы үшеуінің ішінде кімнің ұлттық намысы күшті? Президент пен әлемдік деңгейдегі ақынның ба, әлде сайманын сүйретіп жүрген сантехниктің бе?
    Әйтпесе, Ерлан Ыдырысовты он орап алатын, қазақ, ағылшын тілдерін беске білетіндер Сыртқы істер министрлігінде жетеді…

  112. Пікірлеріңізге қосылам, бірақ Нұрекең бәрін білсе де мұндай топастарды неге қасына жинап отыр дейсіз

  113. сол өз қазағымыз ғой өз тілінде сөйлемей тұрған орыс ағылшын тілдерін жақсы білседе өз тілдеріне келгенде құлықтары жоқ егер тағы басқа тіл керек десе біздің қазақ 1 ші болып үйреніп алад қазақ десе бір ұшы өзіме келіп тиеді

  114. азғана әріптерден қателік кетіп жатса кешірім өтінем өйткені ғаламторды жақында пайдаланып жатқандықтан әлі қолым үйреніспей жатыр едім

  115. мен өз халқымды ана тілімді сүйемін мына мақала өте жақсы жазылған орыс тілін білмегендерді жұмыска алу керек деген сөздері сатті шыққан өйткені менде орыс тілін білмейтін қазакпын қай жерге барсамда менің тілімді тусінбеген топастарга ашуым келеді өз ана тіліміз қашан сұраныска ие болады мен
    қазақ тілі әдебит мамандығын бітірсемде жұмыссызбын мына орыс тілінде сөйлеген адамдар сен тіл білмейсін дегендей менсінбей қарайды мен өзге тілді білмегеніме намыстанбаймын егер өз ана тілімді білмесем маган ұят болар еді мен өзім секілді өзге тілді білмейтін бауырларыма өз ана тілдеріңді білгендеріңе намыстанбай қуаныңдар дегім келеді қазақтарым біз өз қазағымызбен қазақша сөйлеспесек өзге ұлттарың қалайша қазақша сойлесін

  116. Қазақ тілінің өрісін кеңейту өз қолымызда. Біздің тілдің шұрайы мақалымен, мәтелімен, ырғағымен, әуезділігімен қандай да болсын, басқыншы тілдерден кем емес. Елімізде қазақ мектептері көбеюде, бұл дегеніңіз тіл қолдану аймағының ұлғаюмен қатар келуде. Қазақ ұлысындағы қазақ ұлтының үлес салмағының артуы да қазақ тілінің экспансиясын ұлғайтып отыр. Қазақ жазушылары, ақындары, азаматтары тіл қолданудың аясын арттыруға әрқашан күресуі керек сияқты. Ол халқымыздың санын арттыру біріншіден бала тууды ынталандыру жөніндегі мәселерді шешуге атсалысу (тұрмыстық мәселелер), екіншіден шетелдегі қазақтарды елге тартуды жолға қою (үйлестіру). Дау дамайсыз, айқай шусыз осы мәселелер шешімін тапса тіл қолдану аймағы ұлғаяды, Қазақ көбейсе сол қазақтың мәселесін шешіп отырған шенеуніктеріңіз де қазақша қалай сөйлегенін білмей қалады.

  117. Бул мемлекеттi курушы xалык бар бул бiз казактар бiз oрыстар тагы баска улттар мiндеттi турде казакша бiлуi керек бул казак жерi сoндыктан егер oсы жерде нан тауып кун кoрем десе казак тiлiн бiлуi керек сoны кoлга алганын калар ем 100%ке???

    Бірінші кезекте Қазақтар Қазақша сөйлеуі керек, содан кейін басқа ұлт өкілдерін айтуға болады…

  118. Бул мемлекеттi курушы xалык бар бул бiз казактар бiз oрыстар тагы баска улттар мiндеттi турде казакша бiлуi керек бул казак жерi сoндыктан егер oсы жерде нан тауып кун кoрем десе казак тiлiн бiлуi керек сoны кoлга алганын калар ем 100%ке
    Бірінші кезекте Қазақтар Қазақша сөйлеуі керек, содан кейін басқа ұлт өкілдерін айтуға болады…

  119. Ассалаумағалейкум, құрметті өресі биік оқырман қауым! Ассалаумағалейкум, жанымыздағы ащы жараның бетін қайта тырнап, жан жарамызды емдеуге үн қосқан Қазыбек аға! Бұл мақаланы оқи келе, жалпы өзімнің ойым: «Ана тілін, ұлттық салт-дәстүрді, қазақы салт-сананы бойына сіңірмеген, тіпті, орысша сөйлеген министр, әкімдер және түрлі деңгейдегі атқа мінерлердің Қазақ топырағында асыр салуға, ұрттарын толтырып, қарындарын майлап, бүйіріне жау келгенде өзгенің ығына жығылып, бөтенді паналайтын басшылардың «Атасына нәлет!» басым кетсе де оларды тұлға ретінде былай тұрсын, адам екен қарауды өзіме мін санаймын» Туған тарихтың, қазақылығымыздың тамырына балта шапқандар екі дүниеде де оңбайтынына кәміл сенімдімін. Мен осы мақаланы толық қолдаймын. Мақаладағы айтылған ойға толық келісемін. /Өз сөзім/ Республикалық «Төртінші билік» қоғамдық-саяси газетінің жауапты редакторы, ақын, Нұрлан ИСА. Шымкент шаһары. 2013 жыл.

  120. Ассалаумағалейкум, құрметті өресі биік оқырман қауым! Ассалаумағалейкум, жанымыздағы ащы жараның бетін қайта тырнап, жан жарамызды емдеуге үн қосқан Қазыбек аға! Бұл мақаланы оқи келе, жалпы өзімнің ойым: «Ана тілін, ұлттық салт-дәстүрді, қазақы салт-сананы бойына сіңірмеген, тіпті, орысша сөйлеген министр, әкімдер және түрлі деңгейдегі атқа мінерлердің Қазақ топырағында асыр салуға, ұрттарын толтырып, қарындарын майлап, бүйіріне жау келгенде өзгенің ығына жығылып, бөтенді паналайтын басшылардың «Атасына нәлет!» басым кетсе де оларды тұлға ретінде былай тұрсын, адам екен қарауды өзіме мін санаймын» Туған тарихтың, қазақылығымыздың тамырына балта шапқандар екі дүниеде де оңбайтынына кәміл сенімдімін. Мен осы мақаланы толық қолдаймын. Мақаладағы айтылған ойға толық келісемін. /Өз сөзім/ Республикалық «Төртінші билік» қоғамдық-саяси газетінің жауапты редакторы, ақын, Нұрлан ИСА. Шымкент шаһары. 2013 жыл.

  121. Ассалаумағалейкум ардақты алаш жұрты.Мен Ана тілімізді өркендету үшін,қазақ жерінде басым көпшілігі таза қазақша сөйлеу үшін 3-ақ мысал келтіріп өтемін,кімде-кім осы менің мысалдарымнан озіне керектісін тауып,қажетіне жаратып жатса және ең бастысы осы мысалдарым, қызметқұмар,жемқор,Ана тілін менсінбейтін,әбден мәңгүрттеніп кеткен лауазымды тұлғаларға жетіп жатса онда бұл мен үшін және елімнің жарқын болашығы үшін нұр үстінен нұр болатын еді.1мысал:Қ.Р-ның конституциясының 7 бабында жазылған:Қазақ тілі мен орыс тілі бірдей қолданылсын деген жерінен,орыс тілді мүлдем алып тастаса,жойып көзін құртса.2мысал:Қазақстандағы барлық БАҚ-ның (теледидар,радио,газет,журнал,жарнамалар) бастапқыда тым болмағанда 90 проценті толықтай қазақшаланса,және болашақта тек қазақша болса,осы туралы арнайы қатаң заң қабылданса,заңға қарсы шыққандарды тиісінше жазалап,алдын-алу шараларын орнатса,сосын мектеп,балабақшалар толығымен тек қазақшаға ауысып,орысшалардың барлығын көзін жойса дұрыс болады.3мысал:Оқуын бітірген жас мамандарды жұмысқа немесе лауазымды қызметке алу кезінде арнайы қатаң сынақтан өткізсе,ол сынақтан Қазақ тілін емін-еркін меңгеріп және әдеби турғыда ойын ашық жеткізе алатын мамандар өтетін болса онда қызметке тағайындап, лауазымды тұлға ретінде мойындауымызға әбден болады.Ал осы сынақтан өте алмағандардың өз обалы озіне.Осы 3 мысалым көңілдеріңізден шығып жататын болса,осындай принцип ұстанатын болсақ,онда біздің елімізде тұратын шалақазақтар болсын,орыс болсын,басқа ұлт өкілдері болсын 6 ай шамасында қазақ тілін толық,жетік,емін-еркін меңгеріп шығады деп кәміл сеніммен айта аламын,әрине нан тауып жегісі келсе,далада қалғысы келмесе,өмір сүргісі келсе олар әлбетте үйреніп шығады деген сенімдемін.Еліміздің болашағына баршамыз атсалысайық қазақ жұрты. Назарларыңызға көп рахмет.

  122. Бул мемлекеттi курушы xалык бар бул бiз казактар бiз oрыстар тагы баска улттар мiндеттi турде казакша бiлуi керек бул казак жерi сoндыктан егер oсы жерде нан тауып кун кoрем десе казак тiлiн бiлуi керек сoны кoлга алганын калар ем 100%ке

  123. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?..
    БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ?
    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕУГЕ ҚҰҚЫ БАР
    МЕМЛЕКЕТ БОЛА МА?”.
    ӨЗ ТІЛІН БІЛУІ ҮШІН МИЫН АУЫСТЫРАТЫНДАР САНЫ ҚАНША?!
    ЕНДЕШЕ ҰЛТЫН СҮЙГЕНДЕРДІҢ ДЕ РЕСЕЙ ТІЛІН БІЛМЕУГЕ ҚҰҚЫ БАР!
    БАСШЫЛЫҚҚА ОРЫС ТІЛІН ЬІЛМЕЙТІНДЕР МЕН СӨЙЛЕМЕЙТІНДЕР АЛЫНУЫ КЕРЕК!
    АНА ТІЛІН БІЛМЕУ ДЕ, АНА ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕУ ДЕ – ҰЛТҚА САТҚЫНДЫҚ!
    СІЗДІҢ МЕКЕМЕҢІЗДЕГІ АНА ТІЛІН – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛМЕЙТІН
    ТОПАС БАСШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КІМДЕР?!.

  124. осы біздерде жұмыс жоқ дейміз ал қашаған кенішіндегі неше түрлі маймылдарды көрсем өз бауырларымды ойлаймын осылардың жасаған жұмысын біздің қазақ бауырларда жасайды ғой сонда үкімет не ойлайды ол маймылдардардың қай жері артық біздің нанымызды тартып жейтіндей артық қыламындеп тыртық қылмаймайтынына сенімді ме екен

  125. бұларға қазақ тілі керек емес бұларға яғни шала жансар адамсымақ билер мен бикештер бұларға ішіп жейтін тамақпен арақ және киетін киім және мүмкіндігінше қазынадан қалтаға милиондап ақша түсіру өйткені ақша көп керек ертең ана өмірге барғанда ақша беріп жұмаққа кірем деп ойлайды басқа дымда ойламайды ал ол жақта ақша өтпейтінін қайдан білсін мәңгүрттер сондықтан төңкеріс жасау керек ең болмаса бала шағамыз дұрыс өмір сүрсін біздің өмір өмір болмай кетті ағайын өлместін күнін көріп жатырмызғой халықтың бізде шаруасы болмасын деп осындай проблема тауып берді өз күндерін көрсін деп бас көтеретін азаматтарымыз арақ пен анашаның құлдығына кіріп кетті бұның бәрі жұмыссыздықтың кесірі бұған үкімет кінәлі

  126. аузы қисық болсада байдың баласы сөйлесін деп тұрған жоқпа орыс сіккен қайыршылар халықтын жағдайын жасап отырғандай бет аузына бес келе бояуды жағып алып шүлдір шүлдір етеді ал еркексымақтары ырсиып күле береді қорадағы есек сияқты сол жүргенімен жүре береді қарын тоқ көйлек көк дегендей

  127. тил билмейтиндер бииликте отыр оган ундемей биз отрмыз сонда биз ким боганымыз демек биреуинин босада козин курта бастасак олар азаяды ол кетсе баскасы келеди деп корыкпау керек оныда курту керек сонда кейнгилери ойланады ойланбаса озине.ана тилде сойлеп емес жаза билуи шарт1 ким босада казахелинде жургесин бомаса торт таманы кубыла кете берсин.казир карасан акшасы бардын айтканы дурыс деп бас изейтиндер коп.ар намыс дегенди умыткандай сол ушин елге а жангелдин а иманов с сайфуллиндер керек ел ушин жанын пида етер азаматтар атка минбесе уакыт отипбаратыр

  128. Біз қандай елміз…
    Өзінше дамыған елміз,
    Кең емес па жеріміз.
    Орыстарым сыйласа,
    Сыйластыққа сенеміз.
    Құшақ жайса Путиным,
    Құшағына енеміз…
    Зарлағанмен не пайда
    Естімейді көкеміз,
    Жылағанмен не пайда
    Бұғанда жәйлап көнеміз.
    Ұрпағымыз батырдың,
    КО-ны құрып қатырдың,
    Сатқындарды батыр деп
    Өтірік өлең сапырдың.
    Міне біздің еліміз…
    Шындық сүйер адамды,
    Тірідей кеп жерлейміз.
    «Үш тұғырлы тіл» десе-
    Зияндығын сезбейміз.
    Міне біздң еліміз…
    Сөйтіп,сөйтіп кері кетіп барамыз.

  129. Бұл енді қазіргі жастарға орыс тілін қосып,қазақшаны бұрмалап сөйлеу модаға айналған ауру.Жастарда кінә жоқ.Олар өзінен үлкендерден сабақ алады.Нұр көкең отыр,орысша сөйлемесем сайлаушым түсінбейді»,деп.Бибігүл әжең отыр, «Менің шешем татар,орысша сайрамасам бала шағаммен түсінісе алмаймын»,деп . Алжас атаң туралы сөз айту артық әңгіме.Тізе берсең моншақ көп…………………P.S.Менің де шешем татар ұлтынан.Бес алты тілде еркін сөйлеп,нанымды сұрап жей аламын.Ұзын сөздің қысқасы,жасында әжесінің арқасында «кататься»етпеген,атасының сақалымен ойнап,таяқ жемеген баладан қазақтың исі бұрқырап шығып тұруы мүмкін емес !!!

  130. Мангыстауда да мангурттар жетерлик, еки казак кошеде орыстын тилинде бир бирине казак ойларын жеткизе алмай турганын коргенде, козиме жас келеди. Озбектер казакка куледи, бир озбек, бир озбекке орыс болгын келсе, биринши казак бол деп айтады, оте маскара мазак. Балык басынан шириди, укиметин тили казакшаланбай казак тили онбайды. Осы ел баскарып жургендердин шешелерин орыс айналдырган ба, айтпесе ана тилинен безетиндей не коринди оларга, али де акелеринин орыс ашыналарынан туган ба, биринши маселе ел басындагылар аке-шешелери три болса осыны аныктап, содан кейин тил маселесин колга алуы керек, мумкин биз кателесип, оларга тил билмейсин деп, зорлык жасап журген шыгармыз…

  131. мен өткен ғасырдың жетпісінші жылдары әскери борышымды батыс украина жеріндеөтедім . сондағы мекемелердің , дүкендердің маңдайындағы жазулар жергілікті тілде жазулы тұратын . «қыз жібек » фильмін кинотеатрда украин тілінде көрдім .дүкендеріне кіріп орысшалап керек затыңды сұрасаң сатушысы сені түсінбейтінін аңдатады . бұндағы айтпағым өткенде өзі жазғандай руза қарындасымның керекудің дәріханасындағы көрген қорлығы өз елінде ,өз жерінде жүріп ,сасық орыстан балағат сөз есітіп .бізде ар намыс деген барма өзі қашаңғы «аққұлақтың » құлы боламыз .украин бауырлар орысқа бөтекесі жарылып кетсе де бетіне тік қарап тұрып «м о с к а л ь » дейді . өйстіп әркімге жемтік болып жүре беремізбе .

  132. Қазақстан Республикасы өз атына сай болу үшін, қазақ ұлты, қазақ халқы жойылмау үшін ең алдымен тілімізді дұрыстау керекпіз. Ана түрік, қырғыз, өзбек, орыс басқа елдерге барып көрген азаматтар болса көзі жетер еді, олар өз тілінен басқа тілде сөйлемейді. Ал биздің қазақтар 10 қазақ отырып ішінде 2 орыс болса орыс тілінде сөйлейді. Қазақ елі өмір сүру үшін тілді қолға алу керек. Түріктің киноларын алып қарасақта өз әуендері, өз тілдері басқа тілде мүлдем тілдеспейді. Өзге ұлттар қазақ елінде өмір сүргісі келсе қазақ тілін үйрену керек. Өзге тілдің бәрін біл өз тілінді құрметте демекші басқа тілді білседе қазақ ұлтының, елінің болашағы үшін қазақ тілін талап ету керек, үйрену керек. Ұлтжанды, өз елінің намысын бермейтін адам ең бірінші қазақ тілін білу керек.

  133. Екі ауыз сөздің басын құрай алмайтын кісіні халық қалаулысы деуге ауыз бармайды. Еліміздің ертеңін, халқымыздың қамын ойлайтын болсақ, парламентіміз түгел дерлік қазақтың бүкіл болмысын бойына жинақтаған, намысын нанға сатпаған, халқының сүйіктісі,ой-өресі биік кісі саналатын біздің арда Алаш азаматтарынан құралған болса, бүгініміз бүгінімізден де бөлек, ертеңіміз ерек, келешегіміз керемет, нұр үстіне нұр болар еді. Лайым солай болғай!

  134. Елге көп тарайтын, қатты әсер ететін ақпарат көзі теледидар болып тұр. Бұл деген көп үйде күні-түні өшпейді десе де болады. Біздің елде сол экранда көрсетіліп жатқан ақпаратқа кім жауап береді, кім бақылайды? Қанша жекеменшік болса да бәрі де мемлекеттік бақылауда болуы керек. Не болса сонны көрсетіп елді еліктіріп жатады, кейбір концерттер екі тілде жүріп сайқымазақ етеді қазақ тілін. Кейбір сары кемпірлер (қазақтың ақ қыздарсымағы) қазақша-орысша шатпақтайды. Кім эфирге жіберіп отыр осындай сайқымазақты? Елге үлгі болатын, көпшілік сыйлайтын, сыйлағысы келетін қазақтың ұл-қыздары әр кезде экранда болсын, көпшілік ортасында болсын қазақтың қазақылығын таза етіп елге көрсетулері керек. Шатысты эфирге шығырмау керек. Телеканал иесіне осындай талап пен жауапкершілік қою керек. Қарсы болғандар кетсін, басқа келіп сол жұмысты істейді. Қайдағы бір қу басын ойлаған дүниеқоңыз кемақылдарды жібермеу керек, құдайдың баласы болса да. Еліміздің келешегін ойлайтын адал азаматтар басқарып жүру керек барлық ақпарат көздерінде. Неге бізде осындай саясат жүрмейді, кім жүргізбей отырған?
    Америка елінің елдігіне зиян келетін бір затты еліне көрсетпейді, кіргізбейді де. 100 пайыздық цензура. Бізде неге олай емес, біз соншалықты малға айналған топас халық болып кеттіп пе? Неге бұлай, кім жауап береді???
    Уа қазағым көзіңді аш, болдың неге сор маңдай!?
    Оян енді, баршаға, таба болмай, қор болмай!
    Ана тілің арыңды қорғау сенің міндетің
    Қастерлеп көтер табаннан, тұрғанда мүлдем жоғалмай.
    Бектас

  135. Жалпы мұндай материалдарды депутаттарға жалдап отырып талап еткен дұрыс. Кім қолдады, кім қарсы бәріе ел білу керек.

  136. Тура айтасың кім болсаң да. Қойшы-қолаң, шошқашы да ауыстырмас өз миын мұндай тіл білмейтін топас «министр» миға….

  137. Ерлан Ыдырысов ана тілін үйрену үшін ми ауыстырады екен. Кім ауыстырады миын Ерекеңмен?

  138. «Шіріктерге лақтыру үшін онда мен шірік жұмыртқаларға құс фабрикасына заказ бере берейін…

  139. «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын Ерлан Ыдырысов алам десе, онда бәрі пас болады ғой. Менен басқа… Әуезхан.

  140. Ерлан ыдырысов «миымды ауыстырмаса, миым ана тіліме жетпейді» деп мәлімдеген мен тұрғанда кім бар таласатын деп шіреніп, «шіріген жұмыртқа» сыйлығына мұхиттың аржағында жатып…қол созуда.

  141. жалаңаш кемпір гүлжан Ерғалиева «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын егер маған бермесеңдер барлық жерде жыл бойы жалаңаш, дамбалсыз жүрем деп шошытуда.

  142. Әнуар сайденов БТА банкін сатса да, бұл «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын алмай қоймайды… әйтпесе, теңгеге тағы да қате жазам деп қорқытады… ұлтшылдарды…

  143. Көп байға тием деген депутат Бақыт Сыздықова «Шіріген жұмыртқа» тіл білмейтін маған берілуі керек деп жатыр…

  144. депутат тәңірберген бердіоңғар «шіріген жұмыртқа» сыйлығын бермесеңдер көшіп кетемін дейді

  145. Тағы бір сенатор Ғани Қасымов «Шіріген жұмыртқа» сыйлығы қазақша нан сұрай алмайтын маған лайық деп жатыр…

  146. Иә, Тасбай Сенат депутаттығынан гөрі осы «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына лайық. Алдымен осыны алып алсын.

  147. Ұлы тілдің мәселесі тек қана Ерландарда тұрған жоқ – ау.

    Ауылдағысы бар, қаладағысы бар бар қазақ жалтақтамай бір-бірімен тек ана тілде сөлесе…..

    Екеу ара әңгімеде жасы да кәрісі де жат ұлттың – орыстың – тілінде сайрайтын қазақ, бұл жағынан жер жаһанда алдына жан салмайтын қазақ, тәйірі әлемде мұндай ел-жұрт жоқ шығар, өз ана тілін қорлаған, аяққа таптаған. Алматының, Астананың басқа да елді мекендерде екі қазақтың әңгіме-дүкеніне құлақ түріп байқаңыз! Себебін қажеттіліктен басқалардан іздеу қателік! Бар кінә – өзімізде.

  148. Тіл білмейтін топастар тізімін жазудан толастамайық. Ерлан Ыдырысов,Әнуар Сәйденов,Ғани Қасымов, Тәңірберген бердіоңғаров,Бақыт сыздықова. бұлар және Гүлжан Ерғалиева, тасмаңдай Тасбай, Әуезхан Қодар «шіріген жұмыртқа» сыйлығынан бірінші үміткерлер.

  149. «Жас қазақ үні» газеті көтерген «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына орманға қарап ұлыған Әуезхан Қодарды ұсыну керек. Жалаңаш кемпір Гүлжан Ерғалиеваны да алғашқылардың бірі етіп ұсыну керек. Батырхан.

  150. Қазақта ең масқара болып, бар абыройынан айрылған адамды “шіріген жұмыртқа» дейтін сөз бар. Осы сөз жалаңаштанып, жабусыз елге кім екенін білдіріп қойған, бар абыройынан айрылып, таза масқара болған Гүлжан Ерғалиеваға тура келіп тұр. Міне, бұл да нағыз «Шіріген жұмыртқа» Гүлжан Ергалиева.

  151. Бозымбаевтың тілін сындырғанмен рухы ешқашан сынбайтын мәдениеттті скрипка, спортты ақша, қазақты құл деп білетін «шіріген жұмыртқа» ғой. Оған гран-при берсеңдер де жарасады.

  152. «Министр креслосы қаншаға сатылатынын айтпайсыз ба? үйдегі біраз тоқты-поқты, мал-пал, сиыр-пиыр, үш-төрт есекті сатсам, жетер ме екен… Пенсияға шыққан соң адамның іші пысады екен…»
    ……………маған да керек еді осы жауап. Оқуды бітіріп еш жер жұмысқа алмайды. бірден министр бола салайын деп едім…

  153. Дұрыс айтасың кім болсаң да. Сол күні кім маған бірінші хабарласа соған сүйінші беремін. Қарасай.

  154. Бұл әкімдер мен парламенттегілер өз әкесінен емес, әлде бір орыспен ойнастығы бар әйелден туған шығар, әйтпесе қазақ тілінде сөйлемеуі мүмкін емес!

  155. Қазеке! Алаш сізге риза, Алаш зиялыларының рухы сізге риза!
    Мынандай кері кетіп туғандарды халқы білсін. Елбасы айтқандай, «пусть страна знает своих героев».
    Солардың біразы жылы-жұмсақтың ішінде – «Қазмұнайгаз» мен «Самұрықта» жүр, біразы «Болашақта» жүр.
    Астаналық тілекшіңіз.

  156. Өз еркімен отставкаға кету үшін де Ыдырысовта ми болу керек қой. Намыс болу керек. Ал миы, намысы бар адам анасының тілін білмей мәңгүрт болып жүре ме?

  157. Ерлан Ыдырысов есі болса, отставкаға кететін шығар… мынадай адам өлтіретін сыннан соң… Өзі елші болып табылатын ел-АҚШ-тың үлгісі солай ғой.

  158. айтпақшы қаржы министрі Жамишев дегеннің қазақша сөйлегенін көрген емеспіз ғой. Ол нешінші топас?

  159. Қойшының миы жеткенге ең жоғарыда отырғандардың миы жетпесе, шынында да орын ауыстыру керек.

  160. Тіл білмегендер мемлекеттік қызметке жоламау керек. Осыны да биліктегілерге ауылда қой бағып жүрген мен айтуым керек пе? Сонда Ақордада отырған олар ауылдағы қойшы менен де ақылсыз ба? Онда орын ауыстырайық! Сапарәлі.

  161. Айтпақшы, «шіріген жұмыртқа» сыйлығының ең бірінші лауреаты Ғани Қасымов болу керек еді ғой…

  162. 4-ші Бақыт Сыздықова деген Гүлжан Ерғалиева мисыз секілді жалаңаштана алмағанына өкініп жүрген тіл білмейтін топас бар ғой

  163. Айтпақшы, «Шіріген жұмыртқа» сыйлығының ең бірінші лауреатының бірі Ғани Қасымов болу керек еді ғой.

  164. Рахмет, Руза! «Жас қазақ үні» газеті де сіздердей ел ішіндегі ерекше ұлтшыл тұлғаларға арқа сүйейді. Депутаттардың қара тізімі жарияланған газетті Павлодарға да, өзіңізге қосымша жібереміз!

  165. Өзім сол тізімді, қазіргі таныс, туыс, жастарға, болашақ ұрпаққа масқаралауға іздеп жүргенмін. Бір басылымда сол депутаттардың (тілге қарсы шыққан) толық емес тізімін көргем. Ал толық жария етсеңіздер, және Сіздерден басқа да басылымдар оқтын-оқтын жариалап отырса ғой, керемет болушы еді! Халықтың есінен шығармай, оларды кездестірген сайын жиренішті сезім тудыруына сеп болушы еді, кейбір мен сияқтылар:-) бетіне басып масқарасын шығарушы еді де
    Сіздерді қатты құрметтеймін!

  166. Құрметті ағалар, миды ауыстырарын ауыстырады ғой. Бірақ рухы мықты жүректі бұл әлемде ештеме де ауыстыра алмайды. Біреудің жүрек етін жалғап берсе де рух (жан) өзгермейді. Өз ұлтына сатқындық жасаған адам дүниедегі ең опасыз болып саналуы тиіс. Солай да…
    «Ең ауыр күнәлар» кітабын оқып шықтым. Егер қата айтсам, кешірім сұраймын, мен «Ұлтын сүймеу – ең ауыр күнә» деп қосымша тарау енгізер едім… Және де бұл қандай да бір темекі шегіп я арақ ішумен бірдей дүние емес. Оның сан мыңдық процентпен физика тілімен айтқанда катализаторға салынған, әдеби тілмен айтқанда градацияланған көрінісі дер едім…

  167. Американ үкіметі, оның Қазақстадағы елшілігі Ыдырысовтың мемлекеттік тілді білмейтінін білмей ме екен.Осыны оларға хабарлау керек.Әкесі Әбілпайыз баласының осал жерін біліп,қызметтен қуыла ма деп қорқып, Елбасы туралы «Егеменде» мақала жариялады. Жұрттың бәрі Президентке тең таба алмай өзара жарысқа түскенде, Әбекең де,аянсын ба,ұлы үшін қандай құрбандыққа баруға дайын ғой, Назарбаевты «адамзаттың бағы үшін туған» деп, айды аспаннан бір-ақ шығарды.

  168. Министр креслосы қаншаға сатылатынын айтпайсыз ба? үйдегі біраз тоқты-поқты, мал-пал, сиыр-пиыр, үш-төрт есекті сатсам, жетер ме екен… Пенсияға шыққан соң адамның іші пысады екен…

  169. МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ «ЖЕТЕР!!!» – деп, өмірімізде ана тіліміз үшін бір табандылық танытайық, жігіттер. Айта – айта адами ардан кеттік. Жетер, қазақ жемтік болудан арылып, қазақ тілінде нан табуға қолы қашан жетеді, жетесіз болдық па? Жоқ, жігіттер, жату жарамайды, көп ұзатпай бір күнді белгілеп, кеудесінде жаны барлар тіліміз үшін тізе қосайық, тілсіздер кетсін. Алаң көңілді алаңда, ардақтайық ана тілімізді, асты ішіп, аяқты тебер масылдар құрысын, аянатын ештеме қалған жақ. Жеңбей қайтпайық.

    Бірігетін кез келді!

  170. Бұл Идрисовтың және сол сияқты басқа да «министрлердің» ата тегін, қай ру өкілі екенін, қай тайпадан шыққанын, қай ортада өскенін, қатыны қай ұлттың өкілі екенін, қыздары қай ұлқа ұзатылғандығын, ұлы қай ұлттан келін түсіргенін жазып отырыңыздар, жауымызды жақсы біліп жүрейік, бүкіл қазақ болып бұларға лағнет айтайық! Кімдерге сатылып жүргендерін де білейік. Менің білуімше Қазақстанды басқарып отырған шененектердің көбісі шата некеден туғандар, немесе шата некеде тұрғандар, басқа ұлттармен ауызжаласып, басқа ұлттарды артық көріп, қазақты жек көретін сатқындар!

  171. Азамат, онда саған президент әкімшілігі, үкімет, парламент, министрліктер, бар қаладағы әкімдіктер мен мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар қызметкерлері кезекке тұрады ғой, егер Президент мемлекеттік тілді білмейтіндер мемлекеттік қызметке алынбайды деп заң шығарса… Онда сен ең элиталық лаборатория меңгерушісі боласың. Сол кезде бізді ұмытып кетпе, кезектегілердің тізімін «Жас қазақ үні» газеті жариялап тұратын болады. Құдай сол күнге жеткізіп, Ыдырысов бастаған кезектегі мыңдаған шенеуніктердің шекесін жара бер! Қазыбек Иса.

  172. Мемлекеттік тапсырыс болса ми ауыстыратын лаборатория ашар едім. 1-ші тапсырса берсе түк емес…

  173. Онда олар өз ана тілін, мемлекеттік тілін білмей қалай мемлекеттің елшісі болып отыр, жалпы Ыдырысов қалай мемлекеттік қызмет істеп келген деп таңғалады ғой… «Бізге ауыспалы ми иесінің қажеті жоқ » деп, айдап шығады ғой Ерланды…

  174. Айтпақшы, ақылды болып саналатын Америкалықтар Қазақстан елшісінің егер миын ауыстырмаса, ана тілін үйренуге миы жетпейтінін біле ме екен? Америкадағы біздің латын алфавиті нұсқасы бар http://www.qazaquni.kz cайтымыздың тұрақты оқырмандарына айтарымыз, осыны Ақ үйге жеткізе салыңдаршы, «Жас қазақ үні» газеті атынан…

  175. Әбілфайыз әке ретінде ұлына ана тілін үйрете алмағанына, орыс қып тәрбиелегеніне ел адында БАҚ арқылы кешірім сұрау керек. Қазақ кең ғой, ұлы Ерлан Ыдырысов миын ауыстырмай ана тілін үйреніп алса, кешіруі мүмкін…

  176. Казир Америкада елши болып отырган осы Ыдырысовты Абилфайз Ыдырысовтын баласы екенин ким биледи? Акеси омир бойы КАЗГУ-дин журналистика факультетинде сабак берген. Ауылдан келген казак балаларынын барине «казак тилин билуге кукылысындар» деп акылгойситин сол атамыздын (зиялы дегим келмейди), оз баласына неге ана тилин уйретпегенине кайран калам…аузы дуалы деген ага-апалырымыздын кобисинин балалары Ыдырысовтын аргы жагы мен бер жагы. Ыдырысов сияктыларды сынга алу керек. Олар арине «заман баска еди», «жагдай солай болды», «биз буган кинали емеспиз» деген сарындагы мулайимсу жауаптар беретини белгили…олай болатын болса, миллиондаган казактар окытты гой оз балаларын казак мектептеринде…сол кездин озинде.

  177. „Шіріген жұмыртқа» сыйлығының лауреаттығына кімдер лайық, соларды жазып отырайық,. Ыдырысовтан бастап, Иртышбаев, Б.Сыздықова, Т.Бердіоңғаров…

  178. Міне, енді шоғарыда отырған «ақ қарғалар» шын сұңқарларға орын босатсын! «Жеп» болған шығар ендігі, қарны жарылып кетер, оған да бір күнә арқалап қайтеміз..? Жасасын әділдік!

  179. «Белгісізге» ең өткір пікірге берілетін сыйлық беріңіздер, құрметті редакция. Шамаларың жетпесе, мен беремін. Бейбарыс.

  180. «Мемлекетті тілді білмейтін азаматтар мемлекеттік жоғарғы лауазымды қызметтерге қабылданбайды» деген конституцияға бір сөйлем енгізсе, сол сөйлем енгізілгеннен бастап үш күнге жетпей осы Ыдырысов сияқты қара орыстар миларын ауыстырып үлгерер еді қазақтың миларына. Сол бап күшіне енген төртінші күні бастарын ақ матаға орап алғандардың мемлекеттік ғимараттарда қаптап жүргендерін көрер едік.

  181. Осы Әділбек Жақсыбеков қазақша біле ме? Себебі ол қорғаныс министрі болғаннан бері өзі тағайындаған бастықтардың бәрі қазақ-ақ, бірақ біреуі де қазақша білмейді.

  182. Таңірберген, Бақыт Сыздықова сияқты мәңгүрт, тілге миы жетпейтін топастардан басқа депутат болатын адам құрып қалса, шынында құрыған ел екенбіз ғой…

  183. Тоғайбай мырзаға да бір сыйлық тағайындау керек, редакция. Түймебаев сияқты баласын орыс мектебіне берген «қазақы мәңгүрттерді» көп әшкерелеу керек

  184. Өткен жылы Қазақ тілі мен әдебиетінен қорғаған филология профессоры, Білім министрі болып тұрған Түймебаевтың кенже баласы орыс мектебінде оқып жүргенін көріп жағамды ұстадым. Бұларды «қазақы мәңгүрт» десе болады.

  185. «А ПРИЧЕМ ЗДЕСЬ НАЦИЯ КОГДА НА ТЕБЕ НЕТ ОДЕЖДЫ?» деп оттайды депутат, мәңгүрт, тілін білмейтін топас Бақыт Сыздықова (http://www.zakon.kz/218696-deputat-nashel-foto-golykh-kazakhskikh.html) «Жас қазақ үні» газетінің «Шіріген жұмыртқа» сыйлығына нағыз лайықты Бақыт Сыздықова бір сөзінде кезінде момент болғанда шешінбегеніне өкініпті. Ол елді шошыту үшін шешінбекші шығар… Алдымен депутат әріптестерін шошытсын.Олар ұшықтан, шошымадан аман қалса, көрерміз. Жалаңаш шошқаның түрі қандай жиіркенішті болатынын Ерғалиева көрсеткен жоқ па? Абылай

  186. Тәңірбергендей тіл білмейтін «топас» депутатты ұсыну-Тамаша ұсыныс! Сыйлықты Сәрсенге беру керек.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз