Қытайды зерттейтін мекеме

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Алматыда Қытай ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесі қолға алынбақшы. 

 

Қытай институтының ашылуы бакалавр мен магистранттар, PhD докторанттар үшін Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстарды, халықаралық қатынастар, экономика, мәдениет және жаратылыстану және жалпы ғылым саласын қарастыратын ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермекші.

Қытайдың өз елінде қазақ тілін тереңдете оқытып жатқандығына қарап, аспан асты елінің біз турасында көп нәрсе білгісі келетінін аңғару қиын емес.

Институт өз жұмысын бастаған жағдайда, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы саласында жұмыс істейтін білікті мамандар даярланатыны сөзсіз. Әйтеуір, айқара құшақ ашамыз деп, бармақ тістеп отырмасақ болғаны...