«ЕРКІН СӨЗ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

"Түркітілдес журналистер қоры" ҚҚ-ның "Халық банкі" АҚ демеушілігімен өткізетін

«ЕРКІН СӨЗ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ 1. Жалпы ережелер 1. «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін  байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және журналистер қауымын ынталандыру мақсатында өтеді. 2. Байқаудың міндеттері: а) Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру; ә) Жас журналистерді ынталандыру. 3. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру Тәуелсіздік күні мен Қаржыгерлер күнімен сабақтастырылады. 4. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының (Қазылар алқасының ) шешімімен жүзеге асырылады. 5. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мүше болады.

6. Байқау комиссиясы Байқау жеңімпаздарын іріктеу барысында мына шарттарды басшылыққа алады:  материалдардың объективтілігі;  кәсіби шеберлігі;  қоғамдағы түйткілдердің айқындалуы және жан-жақты ашып көрсету;  материалдар туғызған қоғамдық резонанс. 7. Байқауды өткізуді үйлестіру. Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру  "Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті  бекітетін байқаудың Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. 8. Ашықтық. Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады. 9. Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.

2. Байқауға қатысу шарттары 10. Байқауға қатысушылар. Байқауға қатысуға  барлық БАҚ журналистері шақырылады. 11. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы. Байқауға қатысуға қаржылық (Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері 26 жылда қаржы саласында қол жеткізген жетістіктері, қаржылық саясат, ұлттық валюта, банк қызметі ) тақырыптағы материал қабылданады. 2017 жылдың 9 қазанынан 2017 жылдың 27 қараша аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және басқалары) қабылданады. 12. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар. Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс. Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс. Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет. Материалдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  тілінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2017 жылдың 27 қарашасы, сағат 18:00. Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі. 13. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны. Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды. 14. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді. 3. Байқаудың өту кезеңдері 15. Алғашқы кезең. БАҚ байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады. 16. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі. Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 2017 жылдың 27 қарашаға дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды. 17. Қорытындылау. Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады: 1. Үздік видеосюжет (телевидение); 2. Үздік радиохабар (радио); 3. Үздік мақала (газет); 4. Үздік шығармашылық топ; 5. Сайттағы үздік мақала; 6. Үздік фоторепортаж; 18. Жеңімпаздарды марапаттау. 4. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы 19. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі. 5. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері 20. Ұйымдастыру комитеті:  Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкессіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;  Қандай да бір үміткерге қатысты Байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы. 21. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:  Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;  Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;  Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу. 6. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері 22. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:  Байқауға түскен материалдарға баға беру;  Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау. 23. Байқау комиссиясының міндеттері:  Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;  Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу. Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді. 7. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі 24. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:  Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;  Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;  Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау. 25. Байқауға қатысушылардың міндеттері:  Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;  Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;  Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау. 26. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:  Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;  Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін. 8. Медиа ресурстар Байқауға ақпараттық қолдау жасауды  ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді. 9. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты Байқаудың ұйымдастыру комитеті: «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ. Мекен-жайы: Алматы қаласы, 050008, Жароков көшемі, 39А. Байланыс телефоны: + 7 778 878 34 08; электронды пошта:  turkgazetecilervakfi@gmail.com

Демеушілік көрсеткені үшін халық банк ұжымына алғысымызды білдіреміз!

qazaquni.kz