Қайрат Нұртас: Төсек қатынасы бар көріністе Жұлдыздың орнын дублер алмастырды
2017 ж. 13 қазан
9510
17
Күні кеше Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова басты рөлді сомдаған «Арман/Когда ангелы спят» кинокартинасы үлкен экранға жол тартты. Қайрат пен Жұлдыз бұл жолы фильмді астаналық көрермендермен бірге тамашалады.
Бұл туралы Today.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Фильм басталмас бұрын Қайрат Нұртас түсірілім барысы туралы сөз етті.
“Бұл фильмде әжептеуір есейген Қайратпын. Мен отбасылы адамның рөлін сомдадым. Осы фильмнің жарыққа шығуын асыға күттік, оның мағынасы терең. Жалпы ойынымызға көңілім толады. Тағы бірнеше фильмге түссек, актерлік қабілетіміз шыңдала түседі деп ойлаймын. Фильмнің сценарийі күрделі. Бірақ Жұлдыздың арқасында сәтті шықты деп ойлаймын. Төсек қатынасы бар көріністе жарымның орнын дублер алмастырды. Жалпы ұдайы жарымның жанында болып, оған көмек беруге тырыстым», – деп атап өтті Нұртас.
Бұдан өзге, Қайрат актер атанса да, ән айтуды тастамайтынын атап өтті.
Фильм Арман атты бойжеткен мен оның сүйіктісі туралы әңгімелейді. Тойға дайындық барысында 4 бірдей мас еркек Арманды алып қашып, зорлайды. Мұны білген Құрман сүйіктісін құтқармақ болып, келеңсіз жайтқа тап болады. Тіпті, түрмеге түседі. Өз кезегінде зорлаушылар болған жайтты құпияда сақтау үшін Арманға ақша ұсынады. Алайда бойжеткен әділдіктің орнағанын қалайды.
Еске сала кетейік, 9-қазан күні Қайрат Нұртас «Арман/Когда ангелы спят» фильмінің тұсауын кесіп, алғаш рет жары Жұлдызды ел алдына алып шықты.