Ұлы жобалар – алда

d0bcd2b1d185d182d0b0d180-d29bd2b1d0bb-d0bcd2b1d185d0b0d0bcd0b5d0b4-d184d0bed182d0be-jpg

Таяуда Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысы өтіп, оған ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысты. Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Премьер-министр Кеңсесінің өкілдері, мәдениет мекемелерінің, БАҚ пен бейүкіметтік ұйымдардың басшылары қатысқан бұл жиында министрлік басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәдени және ақпараттық саясаттың өткен жылғы жұмысын қорытындылай келе, биылғы жылда атқарылатын міндеттерді де айқындап берді. 

Өткен жыл еліміздегі экономикалық дағдарыстың белең алуына қарамастан, мәдени ақпараттық сала үшін нәтижелі болды. Министрлікке жүктелген барлық тапсырмалар мен міндеттер уақтылы және сапалы орындалды, – деді Мұхтар Абрарұлы.

Шынында да, биылғы жыл Мәдениет және ақпарат министрлігі үшін жемісті жыл болды. Заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында маңызды заң жобалары қабылданған болатын. Атап айтар болсақ, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, үкіметтің 45 қаулысы және Премьер-министрдің жеті өкімі қабылданған болатын.

-2009 жылы мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңін іске асыру басталды. Мәдениет саласында Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы басты және маңызды болып табылады, - деді министр өз сөзінде.

Былтырғы атқарылған жұмыстарды саралаған М.Құл-Мұхаммед 12 ғылыми қолданбалы ғылыми, 49 археологиялық зерттеу, 26 тарихи және мәдени ескерт­кіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгендігін атап көрсетті.

Министрліктің тікелей бастамасымен бірқатар алыс-жақын шетелдерде фольклорлық материалдар жинау нәтижесінде «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты жобаның басылып шығуын министр ұлт мәдениетіндегі ұлы жобалардың бірі деп атап көрсетті.

Мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға тоқталған М.Құл-Мұхаммед «Қазақфильм» киносту­диясының жаңаруы жолында тындырымды тірліктердің көп екенін тілге тиек етіп өтті.

Тіл саласын дамытуды мұрат тұтқан бағдарлама мерзімінің аяқталуына байланысты 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламаның әзірленіп жатқандығын да тілге тиек етті. Жиын барысында министр тіл саясатын жүзеге асыру жолында атқарылып жатқан ауқымды істерді баяндап берді.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов алқалы жиынды қорытындылай келе, министрліктің жұмысына оң бағасын берді. Сонымен қатар жиын барсында алдағы уақытта атқарылуға тиіс бес міндетті белгілеп берді.

Бірінші – «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін жаңа жоба дайындау;

ЕкіншіЕлбасы тапсырмасын орындау мақсатында «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» әзірлеу;

«Екінші мәселе бойынша, яғни тілді дамытуға тиісті бағдарламаны әзірлегенде барлық зиялық қауымның һәм қоғам құрылымдарының ұстанымдары ескерілуі тиіс», - деп қадап айтты Үкімет басшысы.

Үшіншіақпарат саласы бойынша сандық телевизияға көшу жолдарын қарастыруды жалғастыру;

Төртіншібеймемлекеттік  ұйымдармен жұмысты одан әрі жалғастыру;

Бесіншіқазақ мәдениетін әлемдік сахнаға шығару;

Алдағы уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі осындай бес міндет бойынша жұмыс жүргізетін болады.

 

Гүлмира САДЫҚОВ