Жаңа онжылдық. Жаңа экономика. Жаңа мүмкіндік.
2010 ж. 02 ақпан
1400
0
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арналды.
Президент 1997 жылы «Қазақстан – 2030» Стратегиясын қабылдай отырып, еліміздің ұзақ мерзімді бағыты, басты мақсаты мен басымдықтары белгіленгенін, одан кейін 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары қисынды даму жолына түскенін атап өтті. Қазақстандықтар жоспарланғандай өмір сүре бастады және оң нәтижелерге қол жеткізді. 2008 жылы 2000 жылмен салыстырғанда, республиканың ІЖӨ-нің көлемі екі есе өсті. Еңбекақының орташа айлық есептік көрсеткіші 5 есе, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есе артты. Күн көріс көлемі жағынан табысы төмен тұрғындардың үлесі 4 есеге, яғни 50-ден 12 пайызға дейін азайды. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Жүздеген жаңа мектеп және денсаулық сақтау объектілері салынды.
- Біздің жетістіктерімізді мойындай келе, БҰҰ 2009 жылғы