Падуя мен Болония университеттерінің ғалымдары Ай мен Марстан адам тұруға ең қолайлы жерлерді тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Ай мен Марста адам тұруға ең қолайлы жерлер табылды
2017 ж. 27 қыркүйек
2951
3
Аспан денелерінің бедерін зерттеген мамандар «болашақта Ай мен Марстағы үңгірлер мен «лава түтіктері» адам тұруға қолайлы таптырмас мекен» деген қорытындыға келді.
Ғалымдар үңгірлер мен түтіктер адамды ғарыштық сәулелену мен ұсақ метеориттерден қорғай алады деп болжап отыр.
«Лава түтіктері» — лаваның бір мезгілде суымауынан пайда болатын каналдар. Лаваның үстіңгі қабаттары тез суып, біртұтас қатты қабыққа айналады. Ал оның ішіндегі сұйық лава біртіндеп кетіп, туннель жасайды. Сарапшылардың мәліметінше, мұндай туннельдің ұзындығы 65 шақырымға жетеді.