«Қазақстан кәсіпкерлері күнін» жариялау ұсынылды
2017 ж. 23 қыркүйек
2503
0
Биылғы жылдың 4 шілдесінде «жалғанкәсіпкерлік» төңірегіндегі ұзақ мерзімді пікірталасқа нүкте қойылды. «Ақ жол» партиясының бастамасы мен табандылығының арқасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы туралы әділ шешім қабылданды. Бұл ереженің пайдалану қауіптілігі- адал кәсіпкерлердің мүдделеріне жаппай нұқсан келтірілді. Сот бір кәсіпорынды жалған деп тапқан жағдайда, оның барлық контрагенттеріне, оның ішінде адал кәсіпкерлер барқаржылық санкциялар қолданылып, ондаған миллиондап айыппұлдар есептеліп, тіпті нәтижесінде кейбір кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкелетін. Осыдан 25 жыл бұрын, 1992 жылғы 4 шілдеде, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы заңдарының бірі - «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңына қол қойған. Бұл экономикалық реформалар мен біздің қоғамымыздың нарықтық қайта жаңаруы үшін маңызды фактор болып табылатын бизнесті қорғаудағы бірінші заң актісі болды.
Сондықтан, 4 шілде - қазіргі Қазақстанның бизнес қоғамдастығы үшін атаулы күнге айналып отыр. Осыған орай, Қазақстанның «Ақ жол» ДП парламенттік фракциясы өз өтінішінде, 4 шілдені «Қазақстан кәсіпкерлері күні» деп жариялау туралы ұсынысын білдірді.
Кәсіпкерлердің осындай мерекелері көптеген елдерде, соның ішінде таяу мемлекеттерде де бұрыннан қалыптасқан.Бұл күні барлық деңгейдегі кәсіпкерлер марапатталады.Жергілікті билік органдары кәсіпкерлік қызметтің нәтижелерін шығаратын салтанатты кездесулер, отырыстар өткізеді. Бизнес орталықтар, кәсіпкерлерпалаталары, кеңестері тренингтер, семинарлар, ашық сабақтар мен қысқа курстар ұйымдастырады.Сонымен қатар, оқыту шаралары дайындаудыңәр түрлі деңгейдегі кәсіпкерлерді дайындауға арналған: кәсібін жаңа бастағандар үшін жеке іскерлікке кіріспе сабақтары енгізілсе, тәжірибелі кәсіпкерлерге есеп жүргізуді ұйымдастыру мен маркетингтік зерттеулер жүргізудің өзекті мәселелері бойынша кеңестер беріледі.
Осындай мереке тағайындау қазіргі заманғы Қазақстанды құрудағы белді орын алатын кәсіпкерлерді қоғамның лайықты мүшелері ретінде қабылдауға қолайлы жағдай жасар еді. Аталған мереке кәсіпкерлер мен мемлекеттік бақылау органдарының өкілдері арасындағы бір-біріне қатысты жағымсыз стереотиптерді жоюға көмектесері анық. Мемлекеттің кәсіпкерліктің заслугасын мойындауы, жеке ісіпен шұғылданып, өз-өзіне жұмыс істегісі келетіндерге серпіліс берер еді. Бұл ең алдымен, еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына ықпал ететін жастарға қатысты.
Дмитрий БЕКОВ, «Альфа-Гарант Консалтинг» ЖШС директоры «Ақ жол» ҚДП-ның Алматы қалалық филиалының Кеңес мүшесі