Шешендер Мьянмадағы буддашылар көсемінің басын шауып тастағаны рас па?
2017 ж. 11 қыркүйек
12449
6
Бірнеше күннен бері whatsapp әлеуметтік желілері арқылы Мьянмадағы буддашылардың рухани жетекшісін күзетшілерімен бірге шешен жасақтарының ұстап әкеткені жайлы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Сондай-ақ онда өлтірілген буддда жетекшісінің көзін ойып алғаны жайлы да жазылған.
Бұған қоса түрлі видеоларда тарап жатыр. Онда әлде бір будда қызметшісінің басын әскери киімдегі адамдардың шауып тастағаны көрінеді.
Мьянма рухани жетекшісінің өлтірілгенін түрік басылымдары да жазып жатқан көрінеді.
Әйтседе, бұл ақпарат еліміздегі ресми БАҚ-тарда әлі жарияланған жоқ. Сондықтан оның рас-өтірігі белгісіз.
Еске салсақ, осы аптада Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Мьянмадағы мұсылмандардың өлтірілуіне байланысты өткір мәлімдеме жасаған болатын.