Әкім ауыл жастарымен бейресми кездесу өткізді
2017 ж. 08 қыркүйек
4207
0
Батыс Қазақстан облысы Қошанкөл ауылының "Алау" лагерінде "Туған жердің қадірі" тақырыбында аудан жастары аудан әкімі Абат Шыныбековпен бейресми түрде кездесу өткізді. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
- Бүгінгі күнде жастар араласпайтын шаруа жоқ деуге болады. Ауданымыздың қай саласы болмасын жастардың өзіндік қолтаңбалары қалуда. Бүгінде Елбасының жүргізіп жатқан реформалары да мәңгілік Қазақ елі үшін, ал соны іске асыратын да, оның жемісін де көретін - өскелең ұрпақ сіздерсіздер. Сондықтан бұндай жасампаз істерден бойларында күш-қуаты тасыған, жігерлері жанып тұрған жастар шет қалмау керек. Міне, жастармен кездесудегі негізгі мақсат да осы, - деді кездесуде сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков.
Табиғат аясында өткен кездесуде жастар қызықты тренингтер өткізіп, әсем әннен шашу шашты. Сондай-ақ, жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жастардың бейресми кездесуі флешмобқа жалғасты.