Әйелінің пәктігіне күмән келтірген жігіт 7 жылға сотталды
2017 ж. 26 тамыз
4712
4
Өзбекстанның Чорбош ауылының тұрғыны Зафар Пиров "кісіні өлімге итермеледі" деген айыппен жеті жылға сотталды. Маусымда Зафар Пировтың 18 жастағы әйелі Раджаби Хуршед күйеуі өзінің пәктігіне күмән келтірген соң қорланып, өзін-өзі өлтірген. Тәжікстанның Восей ауданының соты Пировтың жеті жылға сотталғанын хабарлады, - деп жазды Аzattyq.org.
Сот отырысы жабық өткен. Оған екі жақтан да адамдарды қатыстыру барынша шектелген. Үкімнің қашан шыққаны белгісіз.
Зафар Пировтың туыстары сот үкіміне қатысты пікір білдіруден бас тартты. Сотталушының адвокаты да ол туралы пікір бергісі келмеді.
Бұған дейін Зафар Пиров өзін кінәлі деп санамайтынын, әділ сот үкімін күтетінін мәлімдеген. Ол әйелінің өз-өзіне қол салуы қиынға түскенін мойындады. "Мен оны өлімге қимаймын. Бірақ оның ата-аналары үйлену тойыма жұмсалған 13 мың сомониді қайтарып беруін қаладым", - деді Зафаров.
Зафар Пиров және оның 18 жастағы қалыңдығы Раджабби Хуршед үйлену тойы күні танысқан. Неке түнінде келіннің пәктігі туралы дау шыққан. Ол әйелін сараптамадан өткізу үшін Душанбеге екі мәрте алып барған. Екі сараптама да Раджабидің пәк екенін көрсеткенімен, күйеуі әйелін кінәлауын доғармаған.