КӨРШІ ЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛЕРІ БІРІГІП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

«Ақ жол» партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Қытайдың Хэбей провинциясының вице-губернаторы Уан Щиау Дон бастаған кәсіпкерлер делегациясын қабылдады. Кездесу барысында Уан Щиау Дон мырза өзі басқарып отырған про­винцияның экономикалық көрсет­кіштері жайлы баяндап, өздерінің Қазақстандық кәсіпкер­лермен бірлесе жұмыс істеуге мүдделі екендіктерін жеткізді. Хэбей – Қытайдың өңдірісі дамыған, халқы тығыз қоныстанған аймақтардың бірі. Вице-губернатордың айтуынша, мұндағы халықтың саны 70 миллионнан асады. Азат Перуашев өз кезегінде Қазақстанда жүріп жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасымен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бағдарламалары бірін-бірі толықтыратын, екі елдің де экономикасына өте қажетті жобалар екенін атап өтті. Кездесуге қатысқан екі тараптың кәсіпкерлері де құрылыс саласы, жаңа технология бойынша бірлесе жұмыс істеу қажеттігін сөз қылды. qazaquni.kz