АҚШ-тағы АПАТТЫ дәл БОЛЖАҒАН қазақ КӨРІПКЕЛІ

12
4061

жатпланеталықтармен кездесетін күн алыс емес дейді.

АСТАНА. Мамырдың 27-і. BAQ.KZ – Қазақстан көріпкелін АҚШ мойындап отыр, деп хабарлайды «Экспресс К». Газеттің жазуынша Америкада қазақстандық көріпкел Бақыт Жұматованың фан-клубы ашылыпты. Б. Жұматова жақында АҚШ-тағы уағызшы Гарольд Кемпингтің ақырзаман туралы болжамын жоққа шығарып, сонымен қатар дәл сол уағызшы елінде табиғи апат болатынын болжаған болатын.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2011 жылдың 21 мамыры күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 06:00 шамасында ақырзаман болатыны туралы болжамды америкалық уағызшы Гарольд Кемпинг жаһанға жариялаған болатын. Ол: «Заманақыр болғанда жер бетіндегі адамдардың тек 2%-ы ғана жұмаққа барып, қалғандары тозаққа жіберіледі», – деген-ді.

Ал, айтылған мезгілге 1-2 күн қалғанда қазақстандық көріпкел Б.Жұматова: «Маған мамырдың 21-і күні алапат су тасқыны болатыны туралы аян берілді. Нақты айтқанда ол ақырзаман туралы қауесет шығарып жатқан АҚШ-тың өзінде болады», – деген еді.

Осылай дей келе ол, 21 мамырда ақырзаман болатыны туралы болжамды жоққа шығарған.

Ақыры америкалық уағызшының емес, қазақстандық көріпкелдің айтқаны айдай келді. Айтылған уақытта табиғи апат Солтүстік Американың астаң-кестеңін шығарды. Төрт тәулік бойы ойнақ салған торнадоның құрбандары болған адамдардың саны 125-ке жетті, деп жазады газет.

Көріпкел фан-клубының төрайымы Ольга Ворон Бақыт Жұматова әйгілі болгарлық сәуегей Ванганың орнын басуы мүмкін екенін айтқан көрінеді.

Бақыт Жұматова болса өзінің сирек қаталесетінін, Жапониядағы жер сілкінісін де алдын ала сезгенін айтады. Енді ол жақын уақытта адамзат жатпланеталықтармен қарым-қатынасқа түседі деп болжап отыр. «Бұл оқиға көп күттірмейді», – депті ол.

12 ПІКІРЛЕР

  1. Кейде адам жолы болмай жатса осындай адамдарға барғымыз келіп тұрады бірақ ол дурыс емес бәрі де Алланың қолында

  2. Барлығы бір АЛЛАНЫҢ қолында, алайда АЛЛА бойына ерекше қасиет дарытқан адамдарды да жоққа шығаруға болмайды.

  3. Күлшат, дұрыс айтады.Жаңа Ванга неге Алматыдағы жер сілкінісі мен оралдағы су тасқынын болжамаған. Айдаладағы АҚШ-қа алаңдағанша өз отанын ойламай ма?

  4. Бахыт Жуматова неге Алматыдағы жер силкинисимен, озинин турган жери Орал каласы, Батыс Казахстан облысындагы су басканын алдын ала ескертип неге айта алмаган?

  5. Ванганың орнын басатын Бақыт АҚШ-ты таңғалдыруда. Ол ақырзаман болмайды, оны айтқан адамның отанында алапат тасқын болады деп, дәл тауып айтқан еді…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз