АҚШ-тың Сиэтл қаласының мэрі Эд Мюррей қалада орнатылған коммунистер көсемі Лениннің ескерткішін қиратуға шақырды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қала басшысы шаһардағы Ленин ескерткішін алып тастауды тапсырды
2017 ж. 19 тамыз
2363
2
Азаттық радиосының мәлметіне қарағанда Эд Мюррей АҚШ-тағы Азамат соғысына қатысушылардың ескерткіштерін жоюды да қолдаған.
Оның сөзінше, соңғы күндері Сиэтл тұрғындары қалада "жаулық, нәсілшілідік пен зорлық-зомбылықтың" символдары жасап жатқанына кейіп, алаңдаушылық білдірген. Сиэтл мэрі конфедераттар мемориалдары мен "авторитарлық совет режимінің негізін қалаушыны идеалға айналдыратын" мүсіндердің барлығын жою қажет деген.
Сиэтлдегі Лениннің ескерткіші жеке меншік территорияда тұр және қала билігі оны иесінің рұқсатынсыз сүре алмайды. Ескерткіш 1995 жылы Льюис Крпентердің туыстары орнатқан. Карпентер оны Словакияда сатып алған. Қазір ескерткіш сатуға қойылған.
12 тамызда Вирджиния штатының Шарлотсвилл қаласында конфедераттар генералы Роберт Лидің ескерткішін құлатуға қарсы шыққан ақ нәсілді әсіре оңшылдар мен олардың қарсыластарының арасында қақтығыс болған. Жанжалдан бір адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.