ОБЛЫС ӘКІМІ аппаратының жетекшісі $170 000 ПАРА АЛҒАН деп ұсталды

Облыс әкімі аппаратының жетекшісі $170 000 пара алғаны үшін күдікті деп танылды

ҚОСТАНАЙ. Мамырдың 26-сы. BNews.kz – Қостанай облысы әкімі аппаратының жетекшісі Анатолий Твердохлебов 170 мың доллар пара алғаны үшін күдікті деп танылды, деп хабарлайды Қостанай облысы бойынша ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Департаменті. «Ағымдағы жылы 23 мамырда Қостанай облысы бойынша қыржы полициясы департаменті кәсіпкерден 170 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу фактісі бойынша Қостанай облысы әкімі аппаратының жетекшісі А. Твердохлебовқа қатысты қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада. Сонымен қатар облыстық әкімшіліктің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы М. Щеглова мен облыс әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі Г. Төлеубаеваға қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілердің хабарлауы бойынша, Твердохлебов қостанайлық ХҚКО-ның кураторы болған кезінде Герцен көшесі, 50 мекен жайында орналасқан ғимараттың бірінші қабаты сатып алынады. ХҚКО үшін аумағы 538,6 ш.м. орынжайды кәсіпкер Владимир Ельчищев сатқан. Бюджеттен ол үшін 99,4 млн. теңге жұмсалды. Тергеушілердің мәлімдеуінше, осы сомманың белгілі бір бөлігі қостанайлық шенеуніктердің қалтасына түскен.