Латынға көшсек, орыстан қорқамыз

10
1384

Түркі ұлты түгел көшсе…

Әбдуәли Қайдар, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі,

профессор:

Латын алфавитіне көшу туралы талай айтылып та, жазылып та жүр. Басылым беттерінде өзімнің бірнеше мақалам жарық көрді. Әрине, көшу керек. Мысалы, Түркия бізден кейін 56 жылы латын алфавитіне көшкенде, Ататүріктің айтқан сөзі бар: «совет одағының шет пұшпағында тұрған халықтардың барлығы түрік халықтары, солардың барлығы латын алфавитіне көшіп жатқанда біздің сыртта қалғанымыз болмайды», деп. Олар мың жылдық арабша жазуы, тарихы бола тұра көшті. Негізгі мақсаттары түркі халықтарымен бірдей болу. Сонымен Түркия латын алфавитіне көшті де, біз қалып қойдық. Әлі күнге дейін, Түрік халықтары латын алфавитіне көшейік, бірге болайық дейді, ондағы қазақтарда хат жазып, осы мәселені қозғап жатыр. Оны Елбасымыз да қолдаған, «егер халық қарсы болмаса, ғалымдар қолдаса мен қарсы емеспін», деген сөзі бар. Тіпті, жаңа алфавиттің нақты жобасы да шыққан, бірақ оның бәрі бекер қалды. Мынау әлгі бизнесмендердің, техника саласының жобасын жасап, жариялап, кітапша етіп шығарды. Дегенмен, кейбіреулер қарсы, біз надан болатын болдық деп шығып жатыр. Әрине, оның бәрі сылтау ғой. Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан көшті, біз өз орнымызда қалдық. Сондықтан бұл мәселені қайтадан көтеріп, қолға алынса дұрыс болар еді.

Латынға көшсек,

орыстан қорқамыз

Тұрсынбек Кәкішев, ф.ғ.к профессор:

Латын әрпіне баяғыда көшуіміз керек еді. Түркі жұртының барлығы осы алфавитті қолданады. Өзбекстан, Әзербайжан халқының осы алфавитке көшкелі қашан. Ал біз болсақ малтығып, басқа алфавитке көшсек орыстардан айырылып қаламыз ба, деп қорқамыз. Бұл бір тұсы. Екіншіден, бүкіла дамзат қазіргі уақытта осы алфавитті қолданып отыр. Технологияның барлығы осы ғаріпте. Сондықтан да көшкеніміз орынды.

 

Барлығын уақытында шешкен дұрыс

Болат Сайлан,

Ауған соғысының ардагері, т.ғ.к. доцент:

Дәл қазір латынға көшеміз деп айту қиын. Өйткені халықты ішкі пайыздық мөлшерін ойлау керек. Бізде қазіргі таңда 50 пайызы орыс тілінде сөйлейді. Өйткені, кеңес дәуірінде бәрі орысша оқыды. Соның әсерінен арыла алмай жатырмыз. Негізі барлығын уақытында шешкен дұрыс. Анау «анадай екен», мынау «мынадай екен» деп әркімге еліктей берсек те болмайды.

Дайындаған Әсел РЗАЕВА

 

10 ПІКІРЛЕР

  1. Мен латын алф, қарсымын. Оян қазақ!!!
    Біз латын алф. көшейін деп жатқан жоқпыс, біз қазақтар ағылшын алф. көшейін деп жүрміз, ҰЯТ та !!!
    Казактарым Патриотизм кайда? қазақтың 9 әрпің құртайын деп жатырмыз…
    Біз алпауттардын ықпалына түсіп, АҚШ, Англия, Олардын ауыздарына қарап, оларды қолдап,…………………… не болды бізге? бізде өзіміздің стиль болу керек. Қазігі уақытта қазақ тілінің мәселесі алфавитта емес, онын лексикалық, терминалогиялық жағынан дамымауында, алфавит сол мәселені шешпейді.
    егер бізде нағыз жақсы Програмистер болса, сонда СМС-каларды онай жазар едік (қазақ тілінде).

  2. Армысыздар алаш жұрты, мына бір күрделі және де маңызы зор латын әліпбиіне көшу туралы мәселе үлкен талас тудырып отыр. Жалпы бұл әлпбиге көшу үлкен дау тудырары анық, осы күнге дейінгі мәдениетіміз, әдебиетіміз, түп тарихымыз орыс әліпбиімен жазылғандықтан, одан бас тарту оңай емес. Десекте латын әліпбиі қазіргі заманауи нарыққа сай болғандықтан, оған көшу жөн деп санаймын……

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз