Жетісудағы моноқала жетістігі
2017 ж. 12 тамыз
4261
0
Текелі қаласы Алматы облысының ішінде жалғыз моноқала болып саналады. Аталмыш шағын қалада тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру бойынша инвестициялық және кәсіпкерлік жұмыстар жүргізулуде. Мәселен, 2013 жылдан бастап Моноқаланы дамыту бойынша Кешенді дамыту жоспарына сәйкес 19 шара іске асты. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Текелі қаласының әкімі Бахтияр Әлтайұлы баспасөз конференциясында баяндады.
«Текелі қаласы Елбасы тапсырмасына сай жасалған Моноқалаларды дамыту бағдарламасының жемісін көріп жатыр. Бір кездері азайып қалған халық саны қайта көбейіп, 32 мыңнан асты. Мүмкіндігі мол моноқала тұрғындары еңбектің ғана өнбегі болатынын жақсы біледі. Сондықтан, олар мемлекеттің қолдауын қалт жібермей, жеке кәсіп, қаланың өсіп-өркендеуі үшін жұмыс жасауда», - деді Бахтияр Әлтайұлы.
Текелінің бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар көңілге қонымды. Қазіргі таңда Текелі қаласы тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі біршама жетілген, шағын және орта кәсіпкерлікті бұдан әрі дамыту жолдары бар аумақ болып есептеледі. Сондықтан 27 моноқалалардың біріне жататын Текелі қаласының болашағы зор.
qazaquni.kz