ШҚО-да жарты жылдың ішінде құрылыс жұмыстарына 58,5 млрд теңге жұмсалды

ШҚО-да жарты жылдың ішінде құрылыс жұмыстарына 58,5 млрд теңге жұмсалды

2017 жылдың 6 айында облыс бойынша құрылыс жұмыстарына 58,5 млрд теңге жұмсалған. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 8,5 млрд теңгеге көп, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаевтың хабарлауынша, кейбір аудандарда құрылыс жұмыстарының төмендегендігі байқалады. Атап айтқанда, бұл көрсеткіш Риддер қаласында – 85,9%-ға, Курчатовта – 28,6%-ға, Аягөз ауданында – 33,8%-ға, Көкпектіде – 61,1%-ға, Ұланда – 31,5%-ға азайған.

Айта кету керек, облыс бойынша биылғы жылдың 1-ші жартысында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі – 147,8 мың шаршы метрді құраған.

ШҚО-дағы зейнеткер 3 дөңгелекті велосипед құрастырды

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауылының тұрғыны Валерьян Рыжкин үш дөңгелекті велосипед құрастырып шықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде бірнеше ай қатарынан еңбектенген жұмысының рахатын көріп жүр. Салмағы шамамен 20 келі болатын велосипед тебуге ыңғайлы әрі желге қарсы сағатына 10 шақырымға дейін жылдамдықпен жүре алады.

67 жастағы зейнеткер өзі ойлап тапқан көлігін көбіне дүкенге азық-түлік алуға, кейде көрші ауылдарға да барып келу үшін пайдаланады.

— Өнертабыс өзіме де, өзгелерге де ұнайды. Жолда кетіп бара жатсам, көліктер тоқтап, қызықтап қарап жатады. Маған көбі неге төрт аяқты велосипед жасамадың деп сұрайды? Оның басқыштары қиын әрі салмақты ауырлатады, — дейді Валерьян Рыжкин.

Аким ВКО заявил о бездействии полиции на Алаколе

Даниал Ахметов заявил о том, что полиция не предпринимает никаких действий, чтобы следить за порядком на берегу Алаколя, передает корреспондент YK-news.kz.

Глава региона призвал местную полицию активизировать работу.

— Вечером каждый кто хочет, стоит с кальяном, — сказал Даниал Ахметов. — Идет шторм, в десять часов вечера люди купаются, когда запрещено. Ни один полицейский не реагирует, все стоят, смотрят. Хорошо, в этот раз все нормально, в следующий раз будет другая ситуация.

В Усть-Каменогорске молодого человека укусил редкий ядовитый паук

В областном центре в больницу обратился парень, которого укусил ядовитый паук вида желтый сак. Членистоногое укусило парня, когда он сидел в автомобиле, передает корреспондент YK-news.kz.

Медики сообщили, что пациент пролежал в стационаре несколько дней.

— 14 июля к нам по телефону обратился молодой парень, который пожаловался на плохое самочувствие после укуса ядовитого желтого сака. По приезде в больницу информация подтвердилась, — сообщил заведующий отделением токсикологии первой городской больницы Александр Мейстер. — Пострадавший жаловался на сильную боль в месте укуса и повышенное давление. Уже через два дня ему стало легче и мы его выписали.

Специалисты сообщают, что яд этого паука опасен тем, что вызывает некроз (омертвление) мягких тканей в месте укуса.

Белгілі өскемендік фототілші дүниеден өтті

Күллі Шығыс жұртын күрсіндірер тағы бір қайғылы қазаны жеткізуге мәжбүрміз.

«Дидар» газеті белгілі фотограф Есімхан Орынбаевтан айырылып қалды. Сумаңдаған сұм хабар өткен сенбі күні тарады. Ешкімге жамандық тілеп көрмеген кіршіксіз жүрек небары 62 ақ жылда тоқтады.

Ажал атты аждаһа Есағаның тынысын тоқтатқанымен өмірдегі ізін өшіре алмасы анық. Есағамыз ел жүрегіне адалдығымен, қарапайымдылығымен, өз кәсібіне деген махаббатымен жол салған азамат.

1955 жылы Жетісу жерінде өмірге келген азамат, ғұмырының көбін Шығыс өңірінде өткізді. 1975 жылы іскери борышын өтей жүріп, Иркутск мемлекеттік университетінің жанындағы фотография бөлімін бітіреді. 1988 жылы «Дидар» газетіне қызметке келеді. Содан бері өңірдегі жыл еткен жаңалықтың бәрін сырт еткізіп түсіріп ел назарына ұсынып келді.

«Шығыс-Ақпарат» ұжымы Есімхан Орынбаевтың жақындарына, туған-туыс, ағайын-тумаларына және барлық дос-жаран, замандастарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қаза қайырлы болсын!