АНАҢДАЙ ҚОРҒА ТІЛІҢДІ

0
1668

Құрметті редакция!

Қазіргі жағдайда мемлекеттік заң талабы мен қоса әрқилы бағдарламар қабылданса да, өкінішке орай, шын мәнінде қазақ тілінің кең жайылып, жайқалып кеткен жағдайы шамалы. Ана  тіліміз өзінің тиесілі орнын тауып алғанша талай еңбекті талап ететіні сөзсіз. Кінә көбіне өзімізден.

Екі тілде бірдей жетік сөйлейтін жастарымыз жеткілікті сияқты. Бірақ қайда барсаңызда (тіпті мемлекеттік қызметте отырғандар да), Ата заңымызда талабы айқындалған мемлекеттік тілдегі сіздің сыпайы сұрағыңызға міндетті түрде шытынап орысша тік ете түседі. Кейде берген орысша жауабының себебін түсіне алмайсыз, өйткені сіздің талабыңыз – заңды талап. Намысыңыз ұстап, әдептілік сабағын есіне салу ойыңызда болса, бетіңізден алып, абыройыңызды төгетіні аян. Іс насырға шауып кетпесін деп,  сөз таластырмай аузыңызды ашпайсыз. Кек ішіңізге түседі…

Әттең, түпкі себеп неде? Себеп – намыстың жоғында.

Сондықтан біздің мәңгүрт жерлестерімізді ана тілін  ауызға алдыру  үшін  ең әуелі намыстарын ояту керек деп ойлаймын. Ұлы Абай атамыз: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» дегендей, 60-ты алқымдаған шағымда өлеңге бас ұрған себебім, тіліміздің мүшкіл хәлі ойдан шықпаған соң, жан айқайымды анық  та айқын өлең жолдарымен жеткізуді жөн көрдім. Жәй айтқан сөз құлаққа ілінбейді. Намыстан бұрқанған көкірегімнен шыққан шумақтар келешегіміз деп үміт артқан жастардың көзіне іліксе, намыстары оянар ма деген үлкен үміттемін…

Мен өз басым орысша оқып, орысша ортада тәрбие алған адаммын. Бірақ мәселе онда емес, мәселе  – намыс пен ынтада. Менің өз басымды нағыз қазақ еткен Жұбан, Қадыр ағалардың  өлеңдері. Және – намыс !

Ізгі тілектермен – Н.Сәдуақасов

Намысты оят елдесім!

Намысты оят елдесім,

Ана тілің төменде…

Басқа тілмен белдесіп,

Тізе бүкті бүгінде.

Анаң қалса сүрініп,

Құлауға жақын – көзалды.

Әл кеткенге күрсініп,

Сенен колдау табады.

Анаң ыстық күмен тең,

Жарығын  дүние сыйлаған.

Анаң ақыл білмесең,

Сырға терең бойлаған.

Тілің сенің – ана тіл,

Анадан ешбір ажырамас

Тіліңді тастап кетсең біл,

Анасын ешкім тастамас.

Бөтен тілді жаратып,

Тоғышар күйде қалыпсың.

Анаңды қалай ажыратып,

Тілінен оның аласың ?!

Анаңдай қорға тіліңді

Намысың болса көкіректе,

Ана тілін қорлатпа !

Тілдің жаны жүректе,

Тамырын үзіп  сорлатпа.

Анадан асқан ұлы жоқ,

Өсиет сөзін қолдайсың!

Анаңа  төнсе   улы оқ,

Кеудеңді тосып қорғайсың.

Анаң үшін жан беріп,

Бас тігесің ойланбай.

Ана тілін жан көріп,

Қорғасаңшы анаңдай.

Көтер тілді биікке

Намысты бермей тірлікте,

Ана тілін тік көтер.

Алынар талай биіктер,

Жүректер болса  бүлк етер.

Тілге төнген бар қатер,

Жау емес келген алыстан.

Қолды болар  тіл бекер,

Алдынан жансыз арыстан.

Тірлікте басты керегі,

Барыңнан текке айрылмау.

Шаңрақ асты кереге,

Мықты болып, қайрылмау.

Тілді биік ұстасақ-

Анамыз берген аманат.

Бәріміз бірдей қолдасақ,

Естімеспіз жаманат.

«Ана тілі» өгей ме?

Басқа тілдер бәрі де,

«Ана тіл» деп аталмайд.

Ана тілін бұл неге,

Өгейлікке ел балайд?!

Орысшасы «келісті»,

Жауап беред тықылдап.

Ана тілін  кемсітіп,

Тұрғандайы іс мықтап.

Қартайған әлсіз анаға,

Су тамызар кез келер…

Салмай ойды санаға,

«Нет» дегеннен безіңдер.

Ана тілден безінген

Арамызда аз емес,

Ана тілден безінген.

Түйсіктері мәз емес,

Одан бәрің сезіктен.

Іждағатсыз ойлары,

Орысшамен  серт байлар.

Сорайса да бойлары,

Ана тілден жоқ хабар.

Үміт етсек білімін,

Ұға ма Абай  маңызын?!

Әттең орыс тілінің,

Шәйнап жүр ғой сағызын.

Нақыпбек Сәдуақасов,

заңгер

Астана

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз