Алматы облысы ауыз сумен қамту мәселесі бойынша бірінші орында
2017 ж. 03 тамыз
2357
2
Жетісу өзен мен көлге бай өлке болғандықтан, ауыз су мәселесі мұнда алғашқы орында. Сондықтан, барлық ауданды 100% ауыз суымен қамту 2020 жылға жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
Облыстың 622 елді мекені 83,9% орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған,
2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау саласы бойынша 4 жаңа жоба іске асырылуда. Оның екеуі Ақсу , Кербұлақ аудандарында және 2 жоба Талдықорған қаласында.
«Республика бойынша Алматы облысы ауыз сумен қамту бойынша бірінші орынды алып отыр. Көрсеткішке сүйенсек 83,7%. Ауыз сумен қамтуда кәріз жүйесі үлкен рөл алады. Кәріз жүйесі облысымыздың 58 елді мекенінде бар. Қапшағай қаласындағы кәріз-тазарту имаратының құрылысы қайта жаңғырту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қапшағай қаласындағы кәріз-тазарту құрылысы қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаны іске асыру үшін жеке меншік капитал тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанағатов Әсет.
Қорытындылай келе жылдың соңына дейін облыстың 18 ауылдық елді мекеніне орталықтандырылған ауыз сумен қамту мәселесі қарастырылған. Олардың сумен жабдықтау жүйелерінің үлесі 86,4% немесе 640 елді мекенді құрайды.