Діни идеологияны таратуға қарсы тұру мәселесі талқыланды
2017 ж. 02 тамыз
2125
1
Облыстық және аудан, қалалық БАҚ-ның өкілдерінің қатысуымен «Діни идеологияны таратуға қарсы тұруға және конфессияаралық қатынастарды сақтаудағы БАҚ-ның рөлі» тақырыбында өткен облыстық семинар өңіріміздің 50-ге жуық баспасөзде қалам тербеп жүрген тілшілердің басын қосты
Семинардың мақсаты – мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыру, еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, зайырлылық қағидаттарды ілгерілету, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс идеяларының алдын алу болып табылады.
Сондай-ақ семинарда «Білім» білім беру мәдениет орталығының директоры Иржанов Руслан Самарқанұлы. «Информационная война и терроризм: профилактика угроз», РАТТ-ның мүшесі «Нұрлы білім» деструктивтік діни ағамдардан зардап шеккендерге көмек орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог Сыздықов Рүстем Мәлікұлы. «Діни уәжденген экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралардың кейбір ерекшеліктері» және Қазақстан халық ассамблеясының мүшесі, PhD доктор, теолог Челидзе Расим. «Светкость и свобода вероисповедания» сынды белді дәріскерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.