ШҚО-да үстіне шатыр құлап кеткен тыл ардагері қайтыс болды
2017 ж. 19 шілде
1922
0
ШҚО-да дауыл кезінде үстіне шатыр құлап кеткен 82 жастағы Шериаздан Исанов қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатқан еді. Шериаздан Исановтың өлімі жайлы туыстары естіртті.
«Ата дүниеден өтті, кеше жүрегі шыдамады», — деді қарияның немересі Әзиз.
Қалалық аурухананың өкілдері науқастың өлімін растады. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр жағдайда жатқан тыл ардагері кешкі 22.00-де қайтыс болған. Оның сынған жері көп болған және кеудесі тілінген. Марқұмның туыстары бұл оқиғада кімнің кінәлі екенін анықтауға ниетті.
