Әйелін ұратын қазақтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды
2017 ж. 16 шілде
13866
50
Тұрмыста әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткен ер адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды. Денсаулыққа зақым келтіру, ұрып-соғу сынды баптар әкімшілік кодекске ауыстырылды. Дәл қазір түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.
Гүлмира Асқарова 6 жылдан бері өзіне зорлық-зомбылық көрсетіп келе жатқан күйеуімен бірге тұрып жатыр. Әйел барлығы кішкене түсініспеушіліктен басталғанын айтады. Осыған қарамастан Гүлмира күйеуімен бір шаңырақ астында тұрып, өз жұртынан көрген қорлығын жасырып келеді.
“Бұл туралы ата-анам мен туысқандарыма айтуға ұяламын. Полицияға барып шағымдануға да ұялған болатынмын”, – дейді Гүлмира Асқарова.
Жыл сайын Қазақстанда 400-ге жуық әйел күйеуінің қолынан қаза табады екен. Осы статистикалық мәліметтерге қарамастан, ер адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды.
“Жазаулаудың басқа түрлері болғанын қалаймыз. Себебі, біз оларды түрмеге отырғызған жағдайдың өзінде өзіміз салық арқылы асырайтын боламыз. Сол себепті, оларды уақытша жазалау, айыппұл салу, белгілі бір жұмыс істету арқылы түзеткен жөн”, – дейді маман Зүлфия Байсакова.
Сурет: ">