Президент Әкімшілігінде жаңа тағайындау болды
2017 ж. 15 шілде
1791
0

Мемлекет басшысының Өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Аяна Тоқтағанқызы Манасова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.