Алматы облысында әлеуметтік идеялар жәрменкесінің жеңімпаздары анықталды
2017 ж. 07 шілде
1638
0
«Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Талдықорған қаласында алғашқы рет ұйымдастырылып отырған Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдары үшін маңызды іс-шара екендігін атап өту керек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында айтылған болатын.
«Жәрмеңкеге қатысу үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 20-сәуірінен 30-мамырға дейінгі аралықта қабыладанып, Алматы облысының 13 аудан мен 3 қаласынан, 29 ҮЕҰ-нан 43 жоба келіп түсті» , - деді, консалтинг орталығының жетекшісі Елдар Сапаров.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омар, Қазақстан Республкасының «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, комиссия мүшесінің төрағасы Ермек Келемсейіт құттықтап, жеңімпаздарға сертификаттар табыстады. Байқау нәтижесіне сәйкес, үздік 15 жоба анықталып, 5 жобаға 500 000тг. және 10 жоба авторларына 200 000тг. көлемінде сертификаттар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін табысталды. Тағайындалған гранттардың жалпы сомасы 4 500 000 құрады.
Байқау ұйымдастырушылары атап көрсеткендей, аталмыш жоба бойынша қаржыландыру жылдан жылға ұлғайып, ҮЕҰ өкілдерінің жұмыстарына жаңашыл серпін бермек.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі