ЭКСПОДАҒЫ ТАҢДАУЛЫ КӨРМЕЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Халықаралық көрме баспасөз қызметінің мәліметінше өткен аптада 170 мыңға жуық адам ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысыпты. Яғни, көрмені күніне орташа есеппен 24 069 адам аралаған. Алғаш рет келуші­лер саны жоғары павильондардың үздік ондығының тізімі жасалды. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан, Үндістан, Әзербайжан, Африка плазасы, Мысыр, Қытай, Түркия, Сауд Арабия Корольдігі, Малайзия бар. Мұнымен қоса, адамдар көптеп тамашалайтын нысандардың ішінде «Нұр-Әлем», коммерциялық павильондар, «Шелл» балалар зертханасы, Дю Солей циркі, «С 3.5» тақырыптық павильоны, амфитеатр, «С 2.4» тақырыптық павильоны, шығармашылық энергия аймағы, корпоративтік павильоны, балалар саябағы аталып отыр. Қауіпсіздік мәселесі бойынша 178 оқиға тіркелді, олардың басым бөлігі – ересектердің балалардан көз жазып қалуы. Айта кетерлігі, күн өту, әлсіреу, сондай-ақ созылмалы аурулары бар жандар тарапынан медициналық көмекке жүгінгендер саны 146-ға жетті. qazaquni.kz