Астананың дәл ортасында көлік көпірден Есілге құлап кетті
2017 ж. 05 шілде
2222
0

«Chevrolet aveo» автомобилі Тұран көшесіндегі көпірден құлап кетті, деп жазады «ҚазАқпарат».
«3 шілде күні сағат 02.00-де «Chevrolet aveo» маркалы автомашинаның жүргізушісі рулге ие бола алмай Тұран көшесіндегі көпірден өзенге құлап кетті. Зардап шегушілер жоқ», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова.
Оның ақпараты бойынша, көлік арнайы техниканың көмегімен өзеннен шығарылған.
«Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды», - деді Софья Қылышбекова.