Өскемен балықшылары Үлбі өзенінен әйелдің мүрдесін тауып алды
2017 ж. 27 маусым
1952
0
[caption id="" align="aligncenter" width="720"]
Көрнекі сурет[/caption]

Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, әйелдің мүрдесін балық аулап жүрген тұрғындар тауып алып, оқиға орнына бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Шамамен жасы 35-тен асқан келіншектің мүрдесін құтқарушылар жағаға алып шыққан. Оның қандай жағдайда өзенге ағып кеткені белгісіз. Өскемен қаласының ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үстінде.