ҰБТ-2017: Алғашқы күннің нәтижелері белгілі болды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінің нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бірінші лек) өтініш білдірген 16 468 түлектің 15 862-сі (96,3%) қатысты, оның ішінде қазақ тілінде -12633, орыс тілінде — 3229 адам. ҰБТ 42 өткізу пунктінде жүргізілді.

Тәртіп бұзғаны үшін, 3 адам аудиториядан шығарылып, олардың жауаптары саналмады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде 22 696 тыйым салынған зат алынды. Қазақстан бойынша орташа балл — 75,53. Айта кетейік, ағымдағы жылы ҰБТ-ны 92 827 түлек тапсырады, оның ішінде: 69 209 — қазақ тілінде және 23618 — орыс тілінде.