Руының ШАПЫРАШТЫ екенін айтқан белгілі компания директоры әлеуметтік желіні дүрліктірді (ФОТО)

[caption id="attachment_71141" align="aligncenter" width="560"] А. Тұрапова танымал ресейлік жұлдыздармен. Фото: life.ru[/caption]

"Казконтрак Трейд" ЖШС ресми сайтындағы мекеме басшысы Айжан Тұрапованың өмірбаяны әлеуметтік желіні дүрліктірді. Өзі туралы ресми мәліметке руының Шапырашты екенін жазған компания басшысының әрекетін артық деп санағандар өз пікірлерін айтуда.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

"Тұрапова Айжана Қанатқызы Қазақ КСР-і, Алматы қаласында туған. Ұлы жүз, Шапырашты руынан. Қанат пен Майрат Тұраповтардың жалғыз қызы. Әкесі Тұрапов Қанат Қазақ КСР мемлекеттік жабдықтау комитетінің төрағасы, материалды ресурстар министрі. 1993-ші жылдан бастап "ҚазКонтракт" АҚ президенті.  Анасы  Тұрапова Майрат медицина қызметкері", - деп жазылған басшы туралы мәліметте.