Өскемендегі қазақ мектептеріне бала сыймай жатыр

Өскемендегі қазақ мектептеріне бала сыймай жатыр

Облыс орталығындағы Жібек маталар қалашығында жаңа оқу жылында тағы бір қазақ мектебі ашылмақ. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.

Білім ордасы Назарбаев зияткерлік мектебінің босайтын ғимаратына орналасады деген болжам бар. Елбасы мектебі жаңа ғимаратқа көшеді дегелі сол ғимаратқа көзі түскендердің көп болғаны жасырын емес. Ғимарат жалпы білім беретін мектеп ашу үшін Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне берілген.

Жуықта қалалық білім бөлімі аталған шағын ауданда тұратын мектеп жасындағы балалар қажеттілігіне сәйкес қазақ тілінде оқытатын мектеп ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Жібек маталар комбинаты мөлтек ауданы мен №19 шағын аудандағы бес мектепте 1500 оқушы артық оқып жатыр деген ресми деректер бар.

Қазақ мектептерінде балалар екі ауысымда оқиды.