Атышулы Мұратхан Тоқмәдидің не үшін тұтқындалғаны белгілі болды
2017 ж. 15 маусым
5115
0
Белгілі бизнесмен, «Қазстройстекло» зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сот үкімімен ҚР Бас прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобының өтініші қанағаттандырылып, Мұратхан Тоқмәди 2 айға қамауға алынды. Іс материалдарына сәйкес, М.Тоқмәди 2005 жылдан бері қылмыстық топ құрып, «Қазстройстекло», «Семрюжком» ЖШС еншілес құрылтайшысын қорқытып-үркітіп, аталған кәсіпорындардағы жарғылық капиталдың үлесін тартып алған. Осылайша кәсіпкерге аса ірі көлемде 185 137 246 теңге шығын келтірген», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов.
Айта кету керек, арнайы қызмет өкілдері «Қазстройстекло» компаниясының зауытында тінту жүргізген болатын. Арнайы операция барысында бизнесмен Мұратхан Тоқмәди ұсталды. КТК арнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, зауыт иесі, бизнесмен ұзақ уақыттан бері ірі қылмыстық топты басқарып келеді. Банданың көшбасшысын бірнеше жылдан бері арнайы қызмет өкілдері мұқият бақылап келген.
Қазір оған ҚР ҚК 194-бабының 3-бөлімімен айып тағылып отыр.