Жемқорлықпен күрес - әрбір азаматтың міндеті

Жемқорлық - өз мүддесін ғана ойлап, заңды айналып өтіп, материалдық және заңдылық артықшылықтарды иелену. Жемқорлық қоғамның барлық саласына: экономикаға, әлеуметтік сала мен саясатқа іріткі салуда. Ал, оның зардабы алға басқан қоғамның дамуына бөгет болады. Жемқорлық барлық жерде өсіп-өркендейді. Әсіресе, сыбайластық заң­нама жүйесінде ашықтықтың болмауынан туындайды. Жемқорлықтан туындаған жәйт­тар әлемдік күн тәртібіндегі мәсе­леге айналды. Елбасы халыққа Жолдауында басты жеті бағыттың бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес деп айтты. 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттің бағдарламасында сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық даму мен нарықтық экономика құрылысы процесстерін, инвестиция тартуды тежейтіні атап өтілді. Біздің елде жемқорлықпен күресуге арналған заңнамалық базалар және «көлеңкелі экономика» көлемін қысқартуға, экономика саласындағы құқық бұзушылықпен күресуге бағытталған бағдарламалар жеткілікті. Еліміздегі бүкіл мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Заңға сәйкес, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті. Осыған орай, еліміздің Қаржы ми­нис­трінің Салық комитеті сыбайлас жем­қорлықпен күрес бойынша жалпы ұлттық бағдарламаны жүзеге асыруы мақсатында «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясын» жасады. Осы арқылы салық қызметі органдарының өз ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік дәріп­теліп, салық қызметінің жоғары тиімді­лігіне қол жеткізу жайы нақтыланды. Стратегияның мақсаты - салық органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жү­йесін жетілдіру, салыққа қатысты барлық салада жемқорлықты жою шараларын іске асыру. Бұл жұмыс қызу жүргізіліп жатыр. Жемқорлықпен күрестің бір жолы – салық орган­дарының беделін көтеріп, халықтың салықтық мәде­ниетін арттыру. Осы мақсатта Алмалы аудандық салық басқармасында ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратура қызмет­керлері қатысуымен семинар, мәжілістер болып өтті. Онда салық органдарындағы 2009 жылға арналған заңдылық және оны қор­ғау, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзылу­шылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері тал­қыланды. Бұдан басқа, республикамыз­дың қаржы-экономика саласында жемқорлықты болдырмау және оны мемлекеттік қызметшілердің басшы­лыққа алып, қатаң түрде қадағалауы жөніндегі 8 әдептілік нормалар мемлекеттік қызметшілерге үнемі жеткізіліп тұрады. Салық органдарында сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрестің басты саласының бірі - өз қатарымыздың тазалығын сақтау қажет, сонда ғана кез келген қылмыстың алдын алуға болады. Өкінішке қарай, салық ор­гандарында қызметкерлердің пара алу фактілері қылаң беріп оты­рады, оның бір себебі көптеген салық төлеушілердің салықтық мәдениетінің төмендігі. Осы жағдайға байланысты, Алмалы ауданы салық басқармасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, өзара іс-әрекеттер жүргізу үшін, қаржы полициясына хат жолдаған болатын. Аталған іс-қимыл аясында көптеген бірлескен шаралар жүргізілуде. Пара алғаны немесе бергені үшін, салық төлеушілер және салық органы қыз­меткерлері ҚР Қыл­мыстық кодексіне сәйкес жауап­кер­шілікке тартылады. Алайда, сыбайлас жемқорлықты тек қана мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңу мүмкін емес. Салық төлеушілерге арнап құқық қорғау органдары жиірек семинарлар өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күресті дұрыс жолға қоюға болады. Қорыта келгенде, құқық бұзушы­лықтың алдын алу және қылмыс жасауға мүмкіндік туғызатын жағдайларды болдырмау үшін жоғарыда айтылған шараларды қолданып қана қоймай, салық органының әр қызметкері бұл қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңдылықтары мен нормативтік-құқықтық актілердің барлық талабын орындап қана қомай, өз бетімен де мемлекеттік қызметке қарсы келетін іс-әрекеттерді тыю шараларын қолдануы керек. Салық төлеушілердің назарына қосымша хабар­лаймыз: Алмалы аудандық салық басқармасында тәулік бойы сенім телефоны жұмыс істейді. Оған салық заңнамасын бұзғандық жайлы ақпараттарды хабарлау үшін кез-келген уақытта қоңырау шалуға болады. Сенім телефонының нөмірі: 267-15-40. Додабаева Толқын Алматы қаласы, Алмалы аудандық салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас салық инспекторы