Имамдар теракт ұйымдастырған лаңкестердің жаназасын шығарудан бас тартты
2017 ж. 07 маусым
2347
3
Имамдар Лондонда теракт ұйымдастырған лаңкестердің әруағына құран бағыштаудан бас тартты, - деп хабарлайды astanatv.kz.
The Guardian-ның хабарлауынша, 130-дан астам дін қызметкері өз әрекеттерін қаза болған террористер оған лайық емес деп түсіндірген. Жазықсыз адамдарды өлтіргендердің исламға қатысы жоқ екенін айтты.
Сонымен қатар Ұлыбританиядағы мұсылмандар кеңесі, елдің қауіпсіздігін сақтау үшін, билікке қолдау білдіруге дайын екенін мәлімдеді.
Еске салайық, өткен сенбіде үш шағын автобусқа мінген лаңкестер Лондондағы көпірден өтіп бара жатқан адамдарды таптап кеткен. Және бірнеше адамды пышақтап тастады. 7 адам қаза тауып, 48-і жараланды. Қанды оқиғаның жауапкершілігін ДАИШ содырлары мойнына алды.