Шығыс Қазақстанда киелі жерлердің картасына 20 мекен кіреді
2017 ж. 30 мамыр
4819
3
Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс тобының мүшелерімен Шығыс Қазақстанда жасалынып жатқан өңірлік рухани сананы жаңғырту бағдарламасын егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиналысқа қатысушылар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» мақаласында аталып өтілген маңызды аспектілерді талқылады.
Өңірде ҚР Президенті атап өткен бағыттарды жүзеге асыру бойынша бағдарламалар жасалып жатыр. Өңірлік бағдарлама аясында ШҚО-да Киелі жерлер картасы жасалынуда.
Бұл тізімге Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірі, Шілікті қорғаны, Сибин көлі және аудандардағы басқа да көрікті мекендер кіреді. Картаға кіретін барлық нысандардың тарихи, археологиялық және ғылыми маңызы болуы тиіс. Бұл мәселемен құрамына басқарма басшылары, ЖОО ректорлары мен ғалымдар кіретін арнайы жұмыс тобы айналысуда.