Сәкен Майғазиев келіншектерін ашық-шашық киіндіретін әріптестерін сынап тастады
2017 ж. 22 мамыр
4569
5
Сәкен Майғазиев келіншектеріне той-томалақта ашық-шашық жүруге рұқсат беретін азаматтарды сынап тастады.
Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузанда» бағдарламасында айтылды.
«Ең бастысы – әйел адамның ашық-шашық, жартылай жалаңаш жүрмеуі. Кейбір азаматтарымызды осы мәселеге келгенде қуаттамаймын! Небір қыз-келіншектерді көріп, жолдасы жоқ, бойдақ деп ойлаймыз. Бірақ, қасында «Менің әйелімнің сымбаты мынандай. Қараңдар!» деген сияқты. Сол себепті, мұндай дүниелерді көп ұната бермеймін», – дейді Сәкен Майғазиев.
Ағасының сөзін Нұржан Қалжан да қоштай түсті. Ол отбасын жасыру арқылы халықтың өзіне деген қызығушылығын арттыруға болатынын айтып қалды.
«Қазір отбасын Қайрат Нұртас жасырып жүр. Бір шетінен, ол да дұрыс. Өйткені, әнші өзіне қатысты кей ақпаратты жасыра білуі керек. Қанша баласы бар? Әйелінің аты кім? деген секілді ақпараттарды ешкімнің білмегені дұрыс», – дейді Нұржан Қалжан.
Дереккөз: stan.kz