Кәсіпкер өз қаражатына ауылда емхана салды
2017 ж. 19 мамыр
3029
1
Қазталов ауданына жұмыс сапары барысында облыс басшысы Алтай Көлгінов Сарықұдық ауылына ат басын бұрды.
Жаңадан ашылған медициналық пунктке арнайы барып, жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл емхананың осы ауылдың төл перзенті Нұрлыбай Жолдыбаев өз қаражатына салған. Сондай-ақ бұл азамат ауылдағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіш тақтаны жаңартып, елдің алғысына бөленді.
Өңір басшысы Нұрлыбай Жолдыбаевтың туған ауылын көркейтудегі тағылымды еңбегіне алғысын айтып, тұрғындарға үлгі етті.
zhaikpress.kz