«Мемлекеттік тіл және БАҚ»

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық конкурс өткізеді. Бұл конкурсқа еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті материалдар жариялаған жекелеген журналистер қатыса алады. Конкурс төрт номинациядан тұрады: - «Үздік журналист» (баспасөз бойынша ) ; - «Үздік журналист» (телеарна бағдарламалары бойынша); - «Үздік журналист» (радио бағдарламалары бойынша); - «Үздік журналист» (сайт материалдары бойынша). Конкурс 2011 жылғы 10 қаңтар мен 10 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдарды, эфирден өткен хабарларды, қазақ тілінде жұмыс істеп жатқан арнайы сайттарды қамтиды. Конкурс материалдары жарияланған күйінде (газет-журналдар беттерінде, бейне және аудиокассеталар түрінде) 10 маусымға дейін қабылданады. Қазылар алқасында сараланып, үздік деп танылған жүлдегерлердің есімі 2011 жылғы 25 маусымда анықталады. Бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді. Конкурсқа ұсынылатын материалдар 2011 жылғы 10 маусымға дейін мына мекен-жайға поштаға жолдануға тиіс: 01000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі», 15 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық конкурсына. Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-01, 74-01-84, 74-05-08 (тел/факс) E-mail: ahaeva@mki.kz