Қазақстанда 18-35 жас аралығында тұрмысқа шықпаған 700 мың қыз бар
2017 ж. 04 мамыр
4146
6
Өткен жылдың деректеріне сүйенсек, Қазақстанда заңды түрде ажырасқан жұптардың саны 51 мыңнан асқан. Ең көп Алматы қаласының тұрғындары ажырасады екен.
Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды, - деп жазады stan.kz.
Британиялық экономикалық басылымының ақпараты бойынша, Қазақстан ажырасу санына қарай әлемдік ондыққа кіреді. Жыл сайын дәм-тұзы жараспай екі жаққа кететін жастардың саны артуда. Өткен жылы 51 мыңнан артық жұп ажырасқан. Сонымен қатар, 18-35 жас аралығындағы күйеуге шықпаған 700 мың қыз бен 300 мың сүрбойдақ бар екен.