Жеңістің 72 жылдық мерекесіне орай еліміздің әр аймағы соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен қарияларға түрлі сый-сыяпат әзірленуде.
ШҚО әкімдігі ардагерлерге жарты миллион теңгеден табыстамақ
2017 ж. 03 мамыр
2206
3
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ардагерлерге жарты миллион теңгеден табыстамақ. Ал Астана мен Алматы билігі қала қазынасынан соғысқа қатысқан әр қарияға 150 мың теңгеден бөлген.
Жамбыл, Павлодар және Қарағанды облысында тұратын соғыс ардагерлері мен мүгедектері 150 мың теңгеден алады. Ақтөбелік ардагерлерге 100 мың теңге берілсе, Қызылордалық қарияларға 180 мың теңгеден астам өтемақы берілмек. Солтүстік Қазақстандық соғыс ардагерлері бір реттік төлем ретінде 226 мың теңге алады.
Дереккөз: 31 арна